Волонтерлік

Волонтерлер әлемді өзгертеді! Ал Сіз Қазақстандағы ЮНИСЕФ волонтерлер қозғалысының бір бөлігі болуға дайынсыз ба?

volunteer
UNICEF/Kazakhstan/2025/MikhailKleshyov

ЮНИСЕФ-тің волонтерлік бағдарламасы балалардың құқықтарын бірге қорғау, экологиялық мәдениетті дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыру және әділетті қоғам құру үшін бүкіл елдегі жастардың басын біріктіреді.

2020 жылдан бері Қазақстанда 10 000-нан астам жас ЮНИСЕФ бағдарламаларына қосылды. 2025 жылы ЮНИСЕФ бағдарламаны кеңейтіп, алты өңірлік хаб ашты: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Семей және Көкшетау қалаларында.

ЮНИСЕФ волонтері Дильназ Шалабаева (16 жас). Астана, Қазақстан.
UNICEF/2023/RuslanKarsamov

ЮНИСЕФ-тің жаңа Волонтерлік мектебі

2025 жылы ЮНИСЕФ Волонтерлік мектебін іске қосады. Бұл – тұрғылықты жеріңізге қарамастан, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірегей онлайн-оқыту мүмкіндігі.

Оқу бағдарламасы алты онлайн-курсты қамтиды:

  • Волонтерлікке кіріспе
  • Бала құқықтары
  • Негізгі волонтерлік дағдылар
  • Буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу
  • Менталды денсаулық
  • Эковолонтерлік

Әр курс мыналарды қамтиды:

  • Бейнедәрістер мен презентациялар
  • Инфографика мен тапсырмалар
  • Тақырыптық тесттер және білімді қорытынды тексеру
  • Курсты аяқтаған соң берілетін сертификат

Барлық материал қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және өз бетінше оқуға бейімделген.

Волонтерлік мектебінде оқу 2025 жылдың тамыз–қыркүйек айларында басталады.

Volunteering 2025
UMICEF/Kazakhstan/2025/AdilAbiltayev

ЮНИСЕФ волонтерлері не істейді?

Волонтерлер бала құқығын қорғауға және орнықты дамуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады, соның ішінде:

  • Экология, климат және қалдықтарды бөлек жинау туралы хабардарлықты арттырады
  • Мектептер мен колледждерде ағартушылық сессиялар өткізеді
  • Инклюзивтілікті және менталды денсаулыққа қамқорлықты ілгерілетеді
  • Фестивальдер, сенбіліктер және мектеп іс-шараларын ұйымдастырады
  • Экологиялық акцияларға қатысады: ағаш отырғызу, қалдықтарды сұрыптау және т.б.
  • U-Report жастар платформасын ілгерілетеді, науқандар мен сауалнамалар жүргізеді
  • Челлендждер мен волонтерлік митаптарға қатысады

Кім волонтер бола алады?

  • Жасы: 16-дан 35 жасқа дейін
  • Әлеуметтік, білім беру және экологиялық бастамаларға қатысуға дайын болу
  • Волонтерлік қызметке айына орта есеппен кемінде 20 сағат бөле алу мүмкіндігі
  • Қазақ және/немесе орыс тілін білу
  • Коммуникация, ұйымдастыру, фасилитация дағдыларының болуы құпталады
  • Ағылшын тілін білу – артықшылық, бірақ міндетті шарт емес

Волонтерлер не алады?

  • Онлайн-оқыту және сертификаттар
  • ЮНИСЕФ-тің нақты жобаларына қатысу
  • Жаңа білім мен практикалық дағдылар
  • Тәжірибелі тренерлер мен үйлестірушілердің қолдауын
  • Ұлттық волонтерлік қауымдастыққа қосылу
  • Халықаралық жастар қозғалысына қосылу мүмкіндігі
  • Өз өңірі мен жалпы елдегі өзгерістерге ықпал ету мүмкіндігі

Қазір өтінімдерді қабылдау аяқталды
Қазіргі уақытта жазғы лекке өтінім қабылдау аяқталды. 2025 жылдың жазындағы ЮНИСЕФ іс-шараларына тіркелгендердің барлығы жауаптарын алды. Келесі қабылдау күзде жоспарланып отыр — сайттағы және @unicefkazakhstan Instagram-аккаунтындағы жаңартуларды қадағалаңыз.

ComicCon 2025
UNICEF/Kazakhstan/2025/RomanKopanev

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Волонтерлікке қанша уақыт бөлу керек?
Айына орта есеппен 20 сағат бөлу ұсынылады. Сіз оқу мен волонтерлік қызметті оңай ұштастыра аласыз.

Мен қандай да бір қаржылай сыйақы аламын ба?
Бағдарламаға қатысқаныңыз үшін ақы төленбейді. Басты артықшылық – құнды тәжірибе жинау, оқу, тренингтерге қатысу, көшбасшылық дағдыларды дамыту, сондай-ақ бүкіл елдегі басқа волонтерлермен араласу және жұмыс істеу.

Ағылшын тілін жақсы білу керек пе?
Жоқ, ағылшын тілі міндетті талап емес. Алайда, оны білу артықшылық болып саналады.

Сұрақтарыңыз қалды ма?
Жастарды тарту жөніндегі кеңесшімізбен хабарласыңыз —
Айым Даулбекова
📧 [email protected]