KazAID және ЮНИСЕФ дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

23 Қазан 2023
MOU KazAID and UNICEF
UNICEFKazakhstan/2023/NadiraYessetova

АСТАНА, Қазақстан, 23 қазан 2023  жыл – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) және Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша      Аймақтық ЮНИСЕФ кеңсесі      балалардың құқықтары саласындағы серіктестікті одан әрі кеңейту үшін өзара түсіністік туралы меморандумға (Меморандум) қол қойды. 

Меморандум т     ұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін бастамаларға деген айнымастықты және оларға қолдау көрсетуді растайды. Қол қою рәсіміне «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов және Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНИСЕФ Өңірлік кеңсесі директорының орынбасары Октавиан Бивол қатысты.

Келісім шеңберінде ЮНИСЕФ пен KazAID сапалы инклюзивті білім беруде және цифрлық оқытуда, балалар кедейшілігін азайтуда және климат өзгерісі салдарын жеңілдетуде және оларға бейімделуде қолдау көрсетеді, балалардың құқықтарын қорғауға, Орталық Азия елдерін даму мақсатында көрсетілетін көмекке қатыстыруға және 2030 жылға қарай орнықты даму мақсаттарына сәйкес міндеттемелерін орындауға көмектеседі.

Ынтымақтастық балалар мен жастардың ең игі мүдделері үшін елеулі жетістіктерге қол жеткізу мақсатында күш біріктіру арқылы серіктестік тұрғысынан мүмкіндіктер тудырады.

«KazAID балалар мен жастардың дамуына жағдай жасауға, білім сапасын арттыруға және денсаулығын      нығайтуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға мүдделі», - деп атап өтті Аркен Арыстанов, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінңң Басқарма төрағасы     .

«Балалардың құқықтарын қорғау, балалар мен отбасылар үшін тұрақты нәтижелерге қол жеткізу ынтымақтастық пен айнымас серіктестікті талап етеді. Біз Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі балалардың өмірін жақсарту бойынша KazAID-пен жұмысты жалғастыруға қуаныштымыз», - деп атап өтті Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНИСЕФ Өңірлік кеңсесі директорының орынбасары Октавиан Бивол.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

«KazAID» Қазақстан Республикасы Халықаралық даму агенттігі - Қазақстан Республикасының даму мақсатындағы ресми көмек саласындағы ұлттық операторы және Сыртқы істер министрлігіне қарасты ұйымы; 2020 жылғы 15 желтоқсанда құрылған.

БҰҰ Балалар Қоры (United Nations International Children's Emergency Fund) – балалар мен жастардың құқықтары мен аман-саулығын қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін халықаралық ұйым.