ҚР ЦДИАӨМ, ЮНИСЕФ және Халықаралық Электр байланысы одағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бағдат Мусин, Артур ван Дизен және Дорин Богдан-Мартин Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

22 Мамыр 2021
Arthur Van Diesen, Bagdat Mussin, and Doreen Bogdan-Marting signing an MoU
Unknown

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр 2021 ж. – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (ЦДИАӨМ) Бағдат Мусин, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен мен Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭО) өкілі Дорин Богдан-Мартин GIGA бастамасын бірлесе іске асыру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес ҚР ЦДИАӨМ Giga-ның Басқарушы комитетіне төрағалық етіп, Қазақстан Үкіметі тарапынан жобаны үйлестіруде жетекші рөл атқаратын болады. Сондай-ақ, ҚР ЦДИАӨМ Giga жаһандық моделін қолдап, елдік қосылу мен қажеттіліктерге бейімдейтін болады.

Giga бастамасы шеңберінде әр мектепті интернетке, әр жасты үлкен ақпаратқа, білім беру ресурстарына және олар өз әлеуетін арттырып, оны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне қосуды қамтамасыз ету міндеті қойылатын болады.

«GIGA-ның  бастамасы - Қазақстанның цифрлық даму саласындағы көзқарасына сәйкес келеді және бүкіл өңір бойынша мектептерді интернетпен қамтамасыз етуде маңызды болады. Біздің серіктестігіміз тиімді білім беру жүйесін қамтып, цифрлық экономика үшін берік негізді қалайтын болады. Интернетті жүргізу арқылы біз ғимараттарды емес, адамдарды қосып, оларға үлкен мүмкіндіктерді беретін боламыз", – деді Бағдат Мусин.

Министр сондай-ақ, меморандумның міндеттерінің бірі Қазақстанды сапалы интернетпен 100% қамту болатын «DigitEL»  (Digital Era Lifestyle) Ұлттық жобасын күшейтетінін атап өтті.

«Қазақстан Үкіметімен серіктестік біздің Giga-ны жүзеге асыруды жеделдетуіміздің ажырамас бөлігі болып табылады - осы бастама бойынша Қазақстан өңірдің жетекші елі бола отырып, қаржыландырудың жаңа модельдеріне, серіктестерге, цифрлық құралдарға, ең ақыры, барлық жастар үшін мүмкіндіктер мен таңдауларға  негіз қалайды. Бұл жұмыс Орталық Азия мен бүкіл әлемде цифрлық алшақтықты жою үшін маңызды мәнге ие болады. Мен бүгін үшжақты меморандумға қол қойғанымызға және осы жылы бұл бастаманы Қазақстанның шалғай өңірлерінде күшімізді біріктіре отырып, жалғастыратын болғанымызға қуанып отырмын», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ пен ХЭО Жаһандық көшбасшылық пен өңірлік сараптаманы қамтамасыз етіп, техникалық ресурстарды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) негізінде «соңғы милдерді» қосу бөлігінде қосылу сапасын жақсарту үшін байланыс операторларымен инновациялық механизмдерді жұмылдыратын болады. 

«Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою - Қазақстандағы әрбір бала мен жасөспірімді цифрлық трансформацияның артықшылықтарымен қамтамасыз етудегі еңбегіміздің маңызды кезеңі. ХЭО-де біз Giga-ның білім беру жүйесін нығайтуға және елдегі цифрлық теңсіздікті жоюға үлес қосқанын көргенімізге өте қуаныштымыз», - деді Халықаралық электрбайланыс одағы Телекоммуникацияны дамыту бюросының басшысы Дорин Богдан-Мартин.

Бұдан басқа, тараптар телекоммуникациялық компаниялармен, қаржы ұйымдарымен ұжымдық консультацияларды өткізуді және ЮНИСЕФ пен ХЭО қолдауымен Қазақстанның 25 ауыл мектептерін кең жолақты интернетке қосуды жоспарлап отыр.

 

GIGA нені білдіреді?

GIGA - ның  келесідей төрт негізгі бағыты бар: әр мектепті әлем картасына енгізу, интернетті қосуға сұранысты біріктіретін жалпы мөлшерлемені қаржыланлыру, әр мектепті интернетке қосу және жастардың қажетті дағдыларын дамыту.

GIGA-нің бастамасы - Қазақстанның цифрландыру және байланыс саласындағы көзқарасымен, елдің орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге деген ұмтылысымен, сондай-ақ, 2030 жылға қарай цифрлық желі әр ересек адам қолайлы  бағамен қол жетімді  болуға және цифрлық қоғамдық игіліктермен алмасу мақсатында платформа құру үшін БҰҰ-ның қатысуымен кең көпжақты альянсты шақыруға тиіс делінетін  БҰҰ Бас хатшысының цифрлық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі тобының 1А және 1В тұжырымдарымен үйлеседі.  

Giga аясында жұмыстың төрт бағыты жүзеге асырылады

Карталау - үкіметтермен бірлесе отырып, Giga бастамасы шеңберінде мектептерді базалық пункт ретінде пайдалану кезінде интернетке қосу сұранысын карталау мен байланыстарды орнату кезіндегі олқылықтарды айқындау жұмыстары басталды. Бұл ақпарат ХЭО карталау деректерімен бірге елдерге  бар инфрақұрылым туралы түсінікті алуға және мектептерді қосу үшін тиісті шешімдерді бағалау кезінде сымды және сымсыз байланыстың қол жетімділігін таразылауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде нәтижелерімен www.projectconnect.world мекенжайы бойынша танысуға болатын 15 елдің 800 000-нан астам мектебі картаға түсірілді.

Қаржыландыру-Giga үкіметтермен ынтымақтаса отырып, оларға нарықты құру шығындарын өтеу және жеке сектордың инвестицияларын ынталандыру арқылы қаржыландыру және қызмет көрсету үшін белгілі бір елдерге сәйкес келетін қолайлы және тұрақты модельдерді құруға қатысты кеңес беретін болады.

Қосылу- Giga бастамасы шеңберінде саламен бірлесіп жоғарыда аталған карталау нәтижелерінің негізінде мектептерге байланыстарды орнату, елдерге – цифрлық дамудың болашақ қажеттіліктерін қолдау үшін өз мақсатына сәйкес келетін қауіпсіз, қорғалған, сенімді инфрақұрылымды құру үшін елдерге техникалық шешімдерге қатысты ақпаратты беру арқылы қолдау міндеті қойылды. Мұнда «соңғы мильдер» байланыстарын орнату үшін тиімді болатын шешімдерді анықтау қарастырылған.

Құқықтар мен мүмкіндіктерді арттыру – ЮНИСЕФ-тің венчурлік қорының капитал салымы негізінде Giga бастамасы шеңберінде ашық бастапқы кодтары бар шешімдерге қандай да бір елдің даму саласындағы тиісті басымдықтар ауқымында барынша кең ұлттық цифрлық стратегияға сәйкес тиісті цифрлық қоғамдық игіліктерді айқындау, оқшаулау және іске асыру үшін үкіметтермен өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын болады. Негізгі назар балаларға, оқытушылар мен әкімшілерге арналған ақпарат пен дағдыларға  аударылатын болады.

Медиа байланыс

Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 778 021 19 12

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары қорғап, әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына және әлемнің әр түкпіріндегі  балалардың игілігіне ерекше назар аудара отырып, өз серіктестерімен бірге өз міндеттемелерін жүзеге асыру үшін әлемнің 190 елі мен аумағында жұмыс істейді.

ЮНИСЕФ-тің  қызметі туралы толық ақпаратпен www.unicef.org. сайтынан таныссаңыз болады

Instagram, Facebook және Twitter беттеріндегі біздің парақшаларға жазылыңыз. 

 

ХЭО ТУРАЛЫ

Халықаралық Электр байланыс одағы (ХЭО) Біріккен Ұлттар Ұйымының 193 мүше мемлекетпен және 900-ге жуық компаниялардың, университеттердің, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшелерімен бірге жұмыс істейтін АКТ саласындағы инновациялармен айналысатын ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша мамандандырылған мекемесі болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін www.itu.int сайтына кіріңіз