Қазіргі үрдістермен 2030 жылға қарай күнделікті шамамен 80 жасөспірім ЖИТС-тен қайтыс болады – ЮНИСЕФ

ЮНИСЕФ жасөспірімдер арасында аталмыш ауруды емдеу және алдын алу бағдарламаларын тезірек арттыруға үндейді, себебі, қазіргі мәліметтерге сай АИТВ (ВИЧ) індетін жұқтыру және ЖИТС-тен қайтыс болу баяу төмендеуде

03 Желтоқсан 2018
UNICEF
UNICEF

НЬЮ-ЙОРК / АСТАНА, 2018 ж. 30 қараша – 2018-2030 жылдар аралығында шамамен 360 000 жасөспірім ЖИТС-ке байланысты аурулардан қайтыс болады деген болжам бар. Яғни, бүгін жарияланған БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ЮНИСЕФ-тің есебі бойынша АИТВ-ны алдын алу, тексеру және емдеу бағдарламаларына қосымша инвестиция салынбаса, күн сайын 76 жасөспірім өмірден өтеді деген сөз.

«Балалар, АИТВ және ЖИТС: 2030 жылғы әлем» есебінде демографиялық және бүгінгі үрдістерге негізделген болжамдарға сай 0-19 жас аралығында АИТВ-ні жаңадан жұқтырғандар саны 2030 жылы 270 000 адамға жетеді, бұл қазіргі көрсеткіштермен салыстырғанда үштен біріне азаятынын көрсетеді. Демек, ЖИТС-ке байланысты себептерден қайтыс болатын балалар мен жасөспірімдер саны қазіргі 119 000 адамнан 2030 жылы 56 000 адамға қысқарады.

Алайда мұндай қарқынмен азаю тым баяу, әсіресе, жасөспірімдер арасында. Есептемеге сәйкес 2030 жылы балалар арасында өмірінің алғашқы он жылында АИТВ-ны жұқтырудың жаңа оқиғалары екі есе қысқарса, 10-19 жасар жасөспірімдер арасында тек 29 пайызға ғана қысқарады.

Болжамға сай 15 жасқа дейінгі балалар арасында ЖИТС-тен болған өлімдер саны 57 пайызға төмендейді, ал 15-19 жасар тұлғалар арасында тек 35 пайызға ғана қысқарады.

«Есептемеде 2030 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер арасында ЖИТС-ті түп-тамырымен жоюға келгенде әлемнің өзін бұл мәселеден алшақ ұстап отырғандығы айқын айтылған», - деді Генриетта Фор, ЮНИСЕФ-тің Атқарушы директоры. «АИТВ-нің анадан балаға берілуін алдын алу бағдарламаларынан нәтиже бар, бірақ жеткіліксіз ал вирустарды емдеу және егде жастағы балалар арасында таралудың алдын алу жөніндегі бағдарламалар белгіленген мақсаттарға қол жеткізе алмауда».

ЮНИСЕФ-тің бағалауынша, 700-ге жуық 10-19 жастағы жасөспірімдер күн сайын АИТВ-ға жұқпаланады - демек, әрбір екі минут сайын бір жасөспірім жұқпалануда. Есептемеге сәйкес, 2030 жылға қарай, алғашқы онжылдықтағы балалар арасында жаңа АИТВ індетін жұқтырудың саны екі есе азаяды, ал 10-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жаңа инфекциялар 29 пайызға ғана төмендейді.

Қазақстанда АИТВ / ЖИТС жағдайы бойынша оңтайлы өзгерістер бар:

  • Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен жұмысы АИТВ берілуін 2007 жылы 10,9 пайыздан 2014 жылы 1,8 пайызға дейін азайтуға алып келді. Қазіргі уақытта Қазақстан АИТВ жұқпасының берілуін түп-тамырымен дерлік жойған ел ретінде сертификаттауға өтініш берген.
  • Қазақстанда 2017 жылы аурудың жаңа жағдайларының артуы 3 есе төмендеген, және 2016 жылдық 17,2% салыстырғанда, 4,8% құрады.
  • 15-29 жас аралығындағы АИТВ-инфекциясының тіркелуі 1,7 есеге азайды.[1]

Кейбір оң өзгерістерге қарамастан, АИТВ мен ЖИТС-ті болдырмауда әлі де жұмыстардың жалғасуының қажеттілігі бар.

«Жаһандық ауқымда біз әлі де болса көптеген балалардың АИТВ /ЖИТС-тен қайтыс болып жатқандығын, және балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік көмек пен психоәлеуметтік қолдауды жасауда және АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларын болдырмауда болып жатқан прогрестің қаншалақты аз екендігін көріп келе жатырмыз», - деді ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау және тамақтану мәселелері жөніндегі маманы Қанат Суханбердиев. «АИТВ/ЖИТС-тің таралу қаупі әлі аяқталмаған, ол әлі де бізбен індет ретінде қарастырылады және балалар мен жастардың өміріне қауіп төндіреді және біздің бәрімізге әлі де оны болдырмау үшін қыруар жұмыс атқаруымыз қажет».

«Балалар, АИТВ және ЖИТС: 2030 жылғы әлем» есептемесінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы АИТВ-мен күрестің екі негізгі «кемшілігі» көрсетілген: кіші жастағы балалар арасында АИТВ-ні алдын алу барысының баяулығы және індеттің құрылымдық және мінез-құлықтық факторларын жоюдағы сәтсіздігі. Көптеген балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ны жұқтырғандығын не жұқтырмағандығын білмейді, ал АИТВ-ға жұққан және одан емделгендер арасында тағайындалған емдеу тәртібін ұстанатындар тым аз.

Осы сақталып отырған кемшіліктерді жою үшін есептемеде ЮНИСЕФ-тің қолдайтын бірнеше тәсілдері берілген, оның ішінде: АИТВ-мен өмір сүріп жатқан, бірақ әлі диагнозы қойылмаған балаларды анықтау және емдеу үшін отбасыларды түгел тексеру; нәрестелер арасында вирустың бар-жоғын ерте анықтауды жақсарту үшін медициналық көмек көрсетілетін орындарда диагностикалық технологияларды көбірек енгізу; жасөспірімдер арасында АИТВ туралы білімді арттыру үшін сандық тұғырнамаларды кеңірек пайдалану; жасөспірімдерге арналған қызметтер; жасөспірімдер арасында мақсатты ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу.

 


[1] Республикалық ЖИТС орталығының мәліметтері бойынша: http://www.rcaids.kz/ru/about/publishing/country_reports/

 

Медиа байланыс

Зарина Нурмухамбетова
ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі
Тел: +7 (7172) 32-28-78 (112)

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ  барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз  әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.

ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында. 

Бізді Twitter және Facebook аңдаңыз