ЮНИСЕФ және Орталық Азия Климат қоры балаларды климаттың өзгеруі салдарынан қорғау туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
АСТАНА, 4 шілде 2024 жыл – Бүгін ЮНИСЕФ пен Орталық Азиялық Климат Қоры (ОАКҚ) Өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Аталмыш меморандум Қазақстан мен Орталық Азиядағы балалар мен жастардың мүддесі үшін климат саласында әрекет жасауға бағытталған маңызды ынтымақтастық басталғанын білдіреді.
Қол қою рәсіміне ОАКҚ Директоры Ролан Маратұлы Жанғарашев және Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар қатысты. Тараптар климаттың өзгеруіне төзімділікті қалыптастыруға және «жасыл» технологияларға көшуге бағытталған бағдарламалар мен бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Балалар мен жастардың республикалық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі климаттық іс-шараларға, соның ішінде БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) Тараптары Конференциясының 29-шы сессиясына, Орталық Азиялық климат саммитіне және т.б қатысуына да қолдау көрсетіледі.
Климаттың өзгеруінің балаларға әсері туралы деректерді жинауға және пайдалануға ерекше назар аударылады. БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдары және Балалар мен климат жөніндегі №26 жалпы ескерту негізінде Қазақстандағы және аймақтағы климаттық саясатты жетілдіруге қолдау көрсету маңызды аспект болады.
ОАКҚ Директоры Ролан Жанғарашев былай деп атап өтті:
«Бұл серіктестік бізге қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі – климаттың өзгеруі мәселесін реттеу үшін күш біріктіруге мүмкіндік береді. ЮНИСЕФ-пен бірлескен жобаларымыз балаларымыздың болашағын қорғауға және әлемді жақсырақ етуге көмектесетініне сенімдіміз».
Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі д-р Рашед Сарвар былай деп қосты:
«Климаттың өзгеруіне әсіресе балалар ұрымтал. Мысалы, Қазақстандағы балалардың 39% аптап ыстық болатын өңірлерде тұрады. Климаттық саясатта біз олардың қажеттіліктерін ескеріп, құқықтарын қорғайтын шешімдерге инвестиция салуымыз керек».
Меморандум балалардың құқықтарынан хабардарлықты арттыру, инклюзияны қамтамасыз ету және климаттық саясатты қолдау бойынша бастамалардың кең ауқымын қамтиды.
Медиа байланыс
ЮНИСЕФ туралы
ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы сайтта толық ақпарат бар www.unicef.org.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеліңіз.