Ерекше қажеттіліктері бар балалар «Астана – Иртыш» матчіне футболшылармен бірге шықты
- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
11 қараша 2019, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – #ItsAllAboutAbility ақпараттық кампанияcының аясында, ерекше қажеттіліктері бар балалар кәсіби футболшыларды «Астана» - «Иртыш» матчына шығарды. #ItsAllAboutAbility кампаниясы қазақ тіліне аударғанда «бәрі мүмкіндікке байланысты» мағынасын білдіреді – бұл ерекше қажеттіліктері бар және мүгедек балаларды қолдауға бағытталған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлескен бастамасы.
Науқанға даму ерекшеліктері бар 12 бала қатысты. Олардың барлығы инклюзивті секцияларда Бейімделген дене шынықтырумен айналысады. Балалар «Астана» ФК футболшыларымен әңгімелесіп, футбол секцияларына қатысатын балалармен бірге ойыншыларды алаңға шығарды.
«Мен 10 жастамын, мен футболды өте жақсы көремін, футболшылармен үлкен аренаға шыққан кезде өте қатты қобалжыдым, бірақ маған өте ұнады. Ойыншылармен танысу және оларды ойынға шығарып салу қызықты болды», - деп өз әсерімен бөлісті БМС (ДЦП) диагнозы бар Бекбарыс.
#ItsAllAboutAbility бастамасының мақсаты балалардың, әсіресе осал топтардан шыққан балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударту, қолайлы орта құру және барлық балалардың спортпен шұғылдануы үшін олардың дамуы мен әлеуметтенуі үшін маңызды жағдай ретінде мүмкіндіктер жасау болып табылады.
Кампанияны іске қосуға орай өткізілген пресс-конференцияда ұйымдастырушылар осы сияқты іс-шаралардың Қазақстанның басқа да қалаларында өтетіндігі жайлы атап өтті, сондай-ақ баршаны кампанияны қолдауға және даму ерекшеліктері бар балалардың құқықтарына назар аударуға шақырды.
«Бізде балалар үшін көптеген жобаларымыз бар, мысалы, аула клубтарын дамыту, БМС диагнозы бар балаларды оңалту, Қазақстанда емделмейтін диагноздары бар балаларды шетел клиникаларында емдеу. «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚБ-мен ынтымақтастығымен бірге бейімделген дене шынықтыру бойынша «ерекше» балаларға арналған инклюзивті секциялар ұйымдастырылған. Бүгінде біз қоғамның, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мүгедек балаларға арналған мейірімді ортаны құру жолында бірігуін қалаймыз. Сонымен қатар «Ертіс» футбол клубына эстафетаны табыстап, олардың кампанияны қолдайтындығына сенім білдіреміз», - деді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Балалар құқығын қорғау жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Адерихина мүгедектігі бар балалардың спортқа және білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
«Мүгедектігі бар балалар стигма мен дискриминация алдында әлсіз, бұл көбінесе оқшаулауға алып келеді және оларды қоғамда «көрінбейтін» етеді. ЮНИСЕФ оқшаулауды жеңу үшін, сондай-ақ қызметтерге, оның ішінде білім беру мен спортқа тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметімен және серіктестермен ынтымақтастықта жұмыс жасайды», - деп атап өтті Татьяна Адерихина.
Кампанияны бір қатар серіктестер қолдады, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі, MEGA Silk Way ОСО және MYD Production компаниясы. Ұйымдастырушылар барлық бей-жай қарай алмайтын тұлғаларды Қазақстанда әрбір бала мен жастар үшін инклюзивтік қоғамды бірге құру үшін #ItsAllAboutAbility кампаниясын қолдауға шақырады.
Медиа байланыс
Additional resources
ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ барынша мұқтаж балаларды қамту мақсатында бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз әр баланың игілігі үшін барша баланың әлемін жақсарту тырысып, өз қызметімізді 190 елде және аумақта іске асырамыз.
ЮНИСЕФ жұмысы бойынша толық ақпарат www.unicef.org.сайтында.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter-дегі парақшаларымызға жазылыңыз.
«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры түрлі әлеуметтік маңызы бар жобаларды, соның ішінде Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Бұл бейімделген дене шынықтыру секциялары, бейімделген дене шынықтыру бойынша оқу құралын шығару, балалар паралимпиадалық қозғалысын қолдау, ресурстық орталықтар мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, инклюзивті элементтері бар әмбебап спорт алаңдары.