6 мен 12 ай арасындағы сәбилердің дамуындағы ойындардың рөлі

Үй және дала ойындары

UNICEF Kazakhstan
Игры для развития детей
UNICEF/Kaliyev
13 Қазан 2020

Балалар ойнауды ұнатады. Балаңызбен бірге ойнап, сіз оған әлемді танып білуге көмектесесіз. Бұл өз кезегінде балаға міндетті түрде қымбат ойыншықтар және көп мөлшерде ойыншықтар қажет дегенді білдірмейді. Сіз өзіңіздің сәбиіңізге айналасындағы барлық нәрсені зерттеуге және оған сіздің күнделікті іс-әрекеттеріңізге қосылуға көп мүмкіншілік бере аласыз. Сіздің балаңыз үшін ойнау деген ең алдымен тию және лақтыру, тарсылдату және дәмін көру, қарау және тыңдауды білдіреді. Сәби неғұрлым ерте ойнай бастаса, ол соғұрлым жақсы дамитын болады. Тіпті туғаннан бірнеше апта өткеннен кейін бала іші пысқандықтан қыңқылдауы мүмкін, себебі оған бос қабырғаға қарағаннан гөрі, жарқыраған бауларды, әуе шарларын, қозғалатын заттарды бақылаған көңілді болар еді. Және жүре бастаған бала құмсалғышта ойнағанды немесе сәнденгенді, конструктор жинауды немесе қуыршақпен ойнағанды неғұрлым көп ұната бастаса, сіз оның аяқ астына орала беретіне соғұрлым сирек ашуланатын боласыз.

Сізге ойындардың бірнеше түрін ұсынамыз

Сәбиді сумен таныстырыңыз:

  • су сепкішке су құйыңыз. Баланың колына су құйып тұрып: "Су төгіліп жатыр" деп айтыңыз;
  • легенге су құйыңыз, сәби сіздің мұны қалай істегенінізді бақылап, су сепкіштен су құйып көмектессін.

Судың қаншалықты жеңіл, оның ортасында болудың қаншалықты жақсы екеніне баланың назарын аударыңыз.

Легеннің қасына қайықша, кішкене доп, үйрекше сияқты ойыншықтарды қойыңыз. Баладан үйрекшені алып, суға салуын сұраңыз. Балаға суда үйрекшемен ойнауға мүмкіндік беріңіз (балаңызға үйректің қалай жүзетінін, қалай сүңгитінін көрсетіңіз). Қуыршақты суға салыңыз. Оны баламен бірге шомылдырыңыз, балаға кішкентай су сепкіш беріңіз және онымен бірге қуыршаққа су сепкіштен су құйыңыз. Балаға қайықшаны беріңіз және "Қайықша жүзіп барады" деп айтыңыз, бала өз бетінше қайықшамен суда ойнасын.

Табиғат аясындағы ойындар

Серуендеу кезінде балаға жолда кездесетін барлық нәрсе туралы белгілі жайттарды айтып беру қажет. Мұны әзірлікпен және сүйіспеншілікпен жасаған, интонацияға тіпті болмашы нәрселер жайлы әңгімелегенде таңданысты қосу өте маңызды болып табылады.

Сәбиді саябақтағы, ормандағы әртүрлі табиғи объектілермен таныстырыңыз. Оны ағаштарға, гүлдерге апарыңыз. Балаға бақылау объектісін өз қалауынша таңдауға мүмкіндік беріңіз.

Өз мысалынызда оларға қаншалықты күтіп қарау керектігін көрсетіңіз:

  • баланың қолымен өсімдікті сипап, "әдемі гүл, нәзік, кішкентай" деп айтыңыз;
  • балаға бірнеше ағаш жапырақтарын беріңіз, оларды сындырып алмайтындай, байқап алыңыз.

Табиғатпен қарым-қатынас бойынша дамытушы сабақтарын өткізіңіз:

  • сәбиді қолға алып, ағашқа жақындатып көтеріңіз және ағаштарда жапырақтардың қалай өсіп жатқанын қарап алуға мүмкіндік беріңіз;
  • үйге келгенде, баламен бірге жапырақтар мен бұтақтарды гүлсауытқа салып, ал басқа материалды қорапқа жинап қойыңыз. Кейін бұл материалды баламен бірге ойындарда пайдаланыңыз.

Кеңес: көп табиғи нысандары бар жерлерге баланы серуендеуге жиірек шығарыңыз. Балаға бақылау объектісін өз қалауынша таңдауға мүмкіндік беріңіз. Бала жинаған нәрсені тастамаңыз.

Үй ішіндегі ойындар

Сәбимен кітап сөресіне жақындаңыз. "Маған кітап берші" деп, бөбекпен бірге кітапты қараңыз. Бала суреттерді қарай алатындай кітап беттерін абайлап, жайлап баланың қолымен парақтаңыз. Балаға: "Кітапты сөреге қой" деп айтыңыз. Балаға мұны қалай дұрыс жасауға болатынын көрсетіңіз.

Баланың кез-келген дербес әрекеттерін көтермелеңіз. Сәбиге көмектесіңіз:

  • сәбиге оның киімі жатқан шкафқа баруға кеңес беріңіз. "Шкафқа бар", "Маған көйлекті бер" деп айтыңыз;
  • егер бала заттарды бейберекет алтын және қоятын болса, оған көмектесіңіз.

 

Кеңес: егер сәби заттардың қайсы бірін өз орнына ұқыппен салмаса оған бәрібір ұрыспаңыз, және оның қатесін өзімен бірге түзетіңіз. Баланы қоршаған заттарға ұқыпты қарауға өзіңіз үлгі боларлықтай мысалыңыз арқылы үйретіңіз