Ағалы-қарындастарды тәрбиелеу ерекшеліктері

Балалар қызғанышы, ұрысы, сезімі

UNICEF Kazakhstan
застенчивые дети
UNICEF
13 Қазан 2020

Тұлғаның қалыптасуы отбасында басталады. Ересектермен ғана емес, сонымен қатар, қатарластарымен, яғни өзінен үлкендеу немесе кішілеу балалармен қарым-қатынас жасау бүлдіршін үшін өте маңызды. Ағалы-қарындас немесе әпкелі-інілі балалар бар отбасыларда олардың арасындағы өзара қарым-қатынас әр баланың тұлғалық дамуына әсер етеді.

Шетелдік психологияда зерттеудің негізгі бағыттарының бірі баланың отбасында туу ретіне қарамастан даму ерекшелігін зерделеу болып табылады. Бауырларының арасындағы орны баланың келешек өмірінде ерекше маңызды болатынын атап өтеді. Бұл орны отбасындағы баланың санымен, олардың жынысымен және жас ерекшеліктерімен айқындалады. Жастары жақын болған сайын,  өздерінің даму үрдісінде балалар бір-біріне айтарлықтай әсер етеді. Отбасында баланың дүниеге келу ретінің (кезектілігінің) шешуші мәні бар деп есептеледі.

Сондай-ақ маңызды:

  • ағалы-қарындас немесе әпкелі-іні арасындағы өзара қарым-қатынасты белгілейтін ананың балаларға деген қатынасы;
  • кішілердің әлеуметтік біліктерінің қалыптасуына ағалары мен әпкелерінің әсері;
  • ұқсастықтың қалыптасуына әпкесінің немесе ағасының жынысының әсері;
  • ағасы немесе әпкесінің әлеуметтік қылық және жауапкершілік сезімінің қалыптасуына себепші болатын кіші бауырына қарауы өте маңызды.

Белгілі бір жағдайт мәнмәтінінде кіші мектеп жасындағы бала үшін эмоционалды маңызы зор отбасы мүшесі ата-анасы да, ағлары немесе әпкелері де болуы мүмкін.  Проблемалық жағдайда (мысалы, айырылысу жағдайында және/немесе кіші бауырларына сыйлық таңдауда) отбасының ең маңызды мүшесі ретінде анасы көрінеді. Сондай-ақ бос уақытты өткізуде сиблингтің, яғни үлкен бауырларының рөлі айтарлықтай маңызды, себебі ол ойында және бірлескен іс-әрекетте өте қажет.

Балалар арасындағы жас ерекшелік аз болған сайын олардың арасында шиеленіс жиірек туындап тұрады және оның өзі болмашы себептерден пайда болады: мысалы, мектепке дейінгі жастағы және кіші мектеп жасындағы балалар, әдетте, қандай да бір затқа немесе ойындағы «біріншілік жүлдесіне» таласып қалады. Жас ерекшелігі мейлінше көп болған сайын шиеленіс те азырақ болады, бірақ сәйкесінше, жас ерекшелігі көбірек жағдайларда туындаған шиеленістердің пайда болуы себептері де мейлінше күрделірек.

Бауырлар арасындағы жас айырмашылығына және балалардың жас ерекшелігіне байланысты туындаған өзара қарым-қатынастың кейбір ерекшеліктері.

Кіші мектеп жасындағы және сәбилік шақтағы бала.

Бірлескен іс-әрекет – ойын. Сондай-ақ өзара іс-әрекет анасына нәрестеге қарау кезінде көмектесу барысында жүзеге аысрылады. Балалар көп  уақытын бірге өткізеді. Үлкен баланың анасымен сенімділікке негізделген, жақын қарым-қатынас қалыптасады.

Кіші мектеп және ерте жастағы балалар.

Бірлескен іс-әрекет – ойын (ойыншық ойнау, қозғалмалы ойындар). Балалар көп уақытын бірге өткізеді. Үлкен және кіші баланың анасымен сенімділікке негізделген, жақын қарым-қатынас қалыптасады.

Кіші мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балалар.

Бірлескен іс-әрекет – ойын (ойыншық ойнау, компьютерлік ойындар). Балалар көп уақытын бірге өткізеді. Қандай да бір қиыншылықтармен (оқу іс-әрекетінде, басқа адамдармен қарым-қатынаста) екі бала да анасына жүгінеді. Ұрыс жиі орын алады, себебі – бөлісе алмаған ойыншықтар және басқа заттар.

Кіші мектеп жасындағы және жасөспірімдік жастағы балалар.

Бірлескен іс-әрекет сурет салу, кітап оқуда көрінеді. Қандай да бір қиыншылықтар бойынша (оқу іс-әрекетінде де, басқа адамдармен қарым-қатынаста да) екі бала да анасына жүгінеді. Ұрыс көбінесе жасөспірімнің агрессивті қылықтарын себебінен пайда болады.

Кіші мектеп жасы және жастық шақ.

Бірлескен іс-әрекет фильм көруден, серуендеуден, әңгімелесуден көрінеді. Қиыншылықтармен (оқу іс-әрекетінде де, басқа адамдармен қарым-қатынаста да) кіші мектеп жасындағы бала ағасына немесе әпкесіне жүгінеді. 

Көпбалалы отбасында бауырлар арасындағы қарым-қатынас ерекше қалыптасады. Әдетте, ең кіші балалар мейлінше тығыз қарым-қатынаста болады. Мұндай отбасындағы ересек балалар жеке топ болады, мұнда өзара қарым-қатынас бауырлардың жалпы қарым-қатынас жүйесіне қарағанда сондай-ақ мейлінше тығыз болып келеді. Үш баласы бар отбасындағы қарым-қатынас жас айырмашылығына байланысты болады, яғни  өзара ол аз болған сайын балалар көбірек өзара қарым-қатынаста болады және осылайша бір-біріне ықпал етеді.

Кіші балалардың үлкен балалардан айырмашылығы 

Үлкен балалар.

Тарихта қалыптасқандай, үйдің үлкендері, әдетте, жауапкершілікке,  көбірек құқық пен міндеттерге (соның ішінде мүлікке, титулға және мәртебеге мұрагер болу құқығын қосқанда) ие болады. Сәйкесінше, үлкен балалар – бұлар салт-дәстүрді жалғастырушылар: олардың жауапкешілігі мол, көбінесе тұрақты, жетістікке ұмтылады, отбасының абыройы мен беделі үшін алаңдайды. Неге олай қалыптасады?

Үйдің үлкені басында жалғыз бала секілді тәрбиеленгенінен бастайық. Кейін, оның артықшыл орны бала үшін әдетке айналған кезде оның орнын ата-ананың ықыласында жаңа туған сәби басады. Егер мұндай «жаулау» 5 жасқа дейін орын алса, оны бала өте ауыр қабылдайды, әсіресе нәресте онымен бір жыныстан болса, жағдай қиындай түседі. Бұл үлкен баланың жалпы мінез-құлық стереотипін ынталандырады: ата-анасы жаңа туған сәбиге қарағанда өзін көбірек жақсы көруді жалғастыру үшін жақсы болуға тырысады. Үлкен әдетте ата-анасының көптеген қасиеттерін бойына сіңіреді: ол тәрбиеші бола алады, жауапкершілікті мойнына алып, көшбасшылық позицияны ұстай алады. Жоғары жетістіктерге көңіл  аудару үйдің үлкенін мейлінше адал және салмақты қылады. Ол сынды өте ауыр қабылдайды.

Кіші балалар.

Мәдени және тарихи стереотиптер көзқарасы бойынша, кіші бала – бұл көбінесе «романтикалық кейіпкер», «авантюрист», әдет-ғұрыпты бұзғыш, оған өмір жолын өзіне табуға тура келеді (ең болмаса «Етік киген мысық» ертегісін немесе Иванушка-ақымақты есіңізге түсіріңіз).

Ерте заманда оларға ата-ананың мұрады өте сирек қалғандықтан, адамдардың осындай типтері қай замандарда үйден кетіп, қызықты оқиғалар мен байлық іздеу жолында жаңа жерлерді игерген.

Қазіргі кезде жағдай өзгешелеу. Кіші бала нәрестенің дүниеге келуінен зардап шекпейді. Барлық отбасы үшін ол ұзақ уақытқа дейін «сүйікті бала» болып қала береді және көбінесе балалық шағының артта қалғанынан біршама уақыт өтсе де, оны еркелетуді жалғастыра береді. Кіші баладан ата-анасы мейлінше аз күтеді және оған көп қысым көрсете қоймайды. Сондықтан, әдетте, ол азға қол жеткізеді.  Ол өзін тәртіпке келтіру дегенді білмейді және оған шешім қабылдау қиын болады. Ол отбасында ең кіші болуды үйренгендіктен, агрессивті болу түкке тұрмасын біледі, тілегеніне  қол жеткізудің манипулятивті жолдарын қалыптастырады: жұртқа көрсетіп ренжиді немесе сүйсіндіруге, жағуға, қулық жасауға тырысады.

Ортаңғы бала.

Бір мезгілде ол біреу үшін үлкен болса, біреуге кіші болады. Сондықтан ол бойына екі топтың да қасиеттерін сіңіреді, көбінесе өзін-өзі айқындауда қиналыңқырайды. Дегенмен, ортаңғы балалар әр түрлі адамдармен жиі іс жүргізе алады, себебі олар өзінің бауырларымен бірлікте өмір сүруді үйренуге мәжбүр болған. Ендеше олар мейлінше икемді және ымыраға келгіш келеді және түрлі жағдайларға қарай икемделе алады.   

Жалғыз бала.

Жалғыз балаға өз жынысындағы ата-анасының қасиеттерінің көбі беріледі.  Әдетте, ол жалғыз болғанда өзін-өзі жайлы сезінеді, бірақ қажет болған жағдайда көмекті байыпты қабылдай алады. Ата-аналар өздерінің жалғыз баласына үлкен үміт артатындықтан, ол, әдетте, мектепте де, өзінің басқа да іс-әрекет салаларында ерекшеленеді және жасап жатқан істерінің бәріне бірдей қол жеткізбесе, қатты қапаланады. Жалғыз бала басқа балалармен күнделікті қарым-қатынас жасауды үйренбегендіктен, жақын қарым-қатынасқа қиындықпен үйренісетіні болып жатады. Ол күнделікті өмірдің шарықтау шегі мен құлдырауын қабылдамайды, сондықтан көңіл-күйдің әдеткі өзгерістерін қиын түсінеді және қабылдайды. Ол өзіне дәл қазір ренжіп тұрған адамның аздаған уақыт ішінде күлуі және қалжыңдауы мүмкіндеген оймен келісе алмайды. 

Егіздер

Егіздер балалар қызғанышына мейлінше аз ұшырайды. Керісінше, олар бір-біріне айтарлықтай көп ықпал етеді және көптеген жағдайда жекелеген шағын топ болады (кеде тіпті өздерін бір адамдай сезінеді). Басқа  адамдардың  өздерін үнемі шатастыруы оларды қызықтырады, олар бірін-бірі емтихандарда немесе балалық тентектік жасаған кезде жиі құтқарады. Аға-әпкелері немесе сыныптастары оларға соншалықты ықпал ете алмайды. Осылайша олардың бойынша керемет командалық өзара әрекет ету машықтары дамиды, дегенмен оларға бірін-бірі қалдыруға, тіпті өзінің жеке өмірін құру үшін де қалдыыру қиынға соғады. 

Балалардың ішінен біреуін көбірек және қаттырақ жақсы көруге бола ма?

Бұған түсініктеме мейлінше көп болуы мүмкін. Біздің елде бала тәрбиесіндегі үлкен буынның, яғни атасы мен әжесінің атқаратын рөлі айрықша екенінен бастайық. Әдетте, олар жаңа туған сәбимен бір пәтерде тұрады немесе жас ата-анаға үнемі көмектесуді өздерінің парызы деп есептейді (ал одан да жақсысы – оларды қадағалау). Бұл түсінікті де: жас ананың машақаты көп, ал тәжірибесі аз және күйзелісі де ауыр. Сондықтан әжесі немересіне көңіл бөлгені соншалық, сырттан қарағанда сіз осы екі әйелдің қайсысы сәбидің анасы екенін ажырата алмайсыз.

Екінші баламен жағдай мүлде басқаша болуы мүмкін. Бұл кезде әжесі де қартаяды, анасы да тәжірибе жинақтайды, өзіне сенімді, құзыретті – психологиялық тұрғыдан алғашқы рет нақты анаға айналады. Айтпақшы, бұл жағдай бала қызғанышын жиі ауырлатады, ал анасының балаларға әр түрлі қарайтындай кінә сезімін қоздырады. Сондықтан мұндай кезде бірқатар ақылсыз әрекеттер жасалады (үлкен балаға көбірек рұқсат етіледі немесе, керісінше, оған неліктен жаманырақ қарауға болатынына сылтаулар табылады.

Ұлдың тууы үлкен сыйлық ретінде бағаланып, ол отбасының сүйіктісіне айналатын, ал сол сәтте қыз балаға нақты салқындықпен қарайтын жағдайлар болады. Әдетте жалғыз басты аналар ұл балаларын көбірек және ұзағырақ қамқоршы болатыны белгілі, себебі олардың тұрмыстағы әйелдерге қарағанда жалғыз басты әйелдердің ер адамды жоғалтып алу қорқынышы бастапқыдан мықтырақ.

Отбасында екі бала және олардың біреуі ата-ананың біреуіне қатты ұқсайды, ал екіншісі келесіге (мінезі, стратегиялар, қабілеттері, сыртқы келбеті) ұқсаса, онда бұл балаларға денен қарым-қатынас ата-анасының өзін-өзі бағалауына байланысты болады. Егер ата-ананың өзін-өзі бағалауы жоғары болса, ол өзінің кішірейтілген портретіне жақсы қарайтын болады, ал егер төмен болса, баланы есіркейді немесе өзінің мұндай айнасына қарағысы келмей қабылдамайтын болады. Егер ерлі-зайыптылар тату тұрса және бір-біріне ұнаса, олар баласының бойындағы бұл қасиеттерді ұнататын болады (немесе, керісінше, «ол саған тартқан» деп зәресі ұшатын болады).

Сондықтан егер қос жынысты балаларыңыз болса, олардың арасында барлығы рұқсат етілген айқын «сүйіктілер» жоқ па немесе, керісінше, сіздің соқыр сеніміңізден құтыла алатындай есеюін бойсұнып күтіп жүруге мәжбүр болатын байғұс «Күлбикеш» емес пе, соған назар аударыңыздар.

Психологиялық тұрғыдан шеттетілгендер де, сүйіктілер де бәрібір де жарақаттанған. Алғашқылар ренжулі, бірақ еркін емес: өмір бойы кез келген әдіспен махаббат пен мойындау дәлелін алуға тырысып жатады. Екіншілер еркелетіп жіберілген және нақты, ең бастысы, дербес өмірге нашар дайындалған.

Балалар қызғанышы

Ұзақ уақытқа дейін бала –  өзімшіл болып келеді. Ол ата-анасының өзіне көрсететін қамқорлығын ешкіммен бөліскісі келмейді. Сондықтан ол өзін жазалаған сайын, оған өкпелеген сайын, оның көзінше көрші баланы мақтағанда немесе одан күтетін үмітті ақтамай жүргенін қалай да білдірген жағдайда қашан да үрейленеді. Ал үйде екінші бала пайда болған кезде, тұңғыш бала өзін тиісті түрде жақсы, тәртіпті, қабілетті, ынталы болмаған, сол себепті бірінші дұрыс шықпағандықтан, сендер өздеріңе «қосымша» бала аламыз деп шештіңдер деп оңай ойлауы мүмкін. Міне, сондықтан, тіпті өскеннен кейін де, балалар бейсаналы түрде бірін-бірі жиі бәсекелес деп қабылдауды жалғастырады және олардың қарым-қатынасында шыдамдылық аз көрінеді. Сонымен қатар, бауырлар қызғанып қана қоймайды, олар бір-бірінен қорғанады, себебі бейсаналы түрде ағасының/әпкесінің өзінің ішкі жайлылығы аймағына қол сұғуынан қауіптенеді.

Бауырлар арасындағы тікелей шиеленіс жағдайлар немесе сіңіп кеткен қызғаныштық бойынша ата-аналар психологқа сирек жүгінеді. Әдетте олар балалардың біріне ғана, мейлінше дөрекілеуіне немесе тұйығына көмектесуді сұрайды, оның бейәлеуметтік қылығын өзгерткеннен жалпы отбасындағы жағдайды дұрыстайды деп ұйғарады. Көбінесе атан-ананың алаңдаущылық нысаны екінші балалар болады. Мұндай балалардың негізгі проблемасы оларды үлгілі-өнеге тұтарлық етіп тәрбиелеуде жатыр.

Тұңғыш бала қалаған мен тілегенге толық сәйкес келмейтінімен келісе отырып, ата-ана екінші баланың ең жақсы, ең ақылды, ең әдемі, ең, ең болғанын қалайды. Дегенмен екінші баланың жасы қаншаға келмесін, ол қашан да ата-анасы ғана емес, ағасы немесе әпкесі қамқор болып жүретін әлсіздің қалпында болады, демек, өзінің маңыздылығын сезбейді, көбіне өзін-өзі бағалауы төмен болады, бұдан төбелес, бүлік шығады.

Бауырлар бірін-бірі итеретін, тебетін және шаштарын жұлып, шыңғырғанда алыстан ата-аналары еститін  кездер болады. Мұндай қылықтар бір-біріне емес, ата-анаға арналғаны анық.

Неге көңіл бөлген жөн?

  1. Кейде қызғаныш бастауыш мектепте үлгерімнің төмендеуіне себепші болуы мүмкін. Кіші балаға, әдетте, ата-ананың көп уақыты мен күш-қуаты кетіп қалады, ал үйдің үлкені мектепке барған кезде өзі үшін жаңа жағдайға тап болады, үй тапсырмаларын алады. Содан ол мұндай қиыншылықтарды ата-анасының назарын өзіне аудару үшін пайдалануы мүмкін. Өзінің міндеттерін нашар орындаған  сайын ол ауыр бейімделеді, одан сайын қолдау мен көмекке мұқтаж болады, ендеше кіші баланың қажеттеліліктерімен емес, ата-анасын өзінің проблемасымен айналасуға мәжбүрлеу оңай болады. Сонда мектеп өміріне де, баланың интеллектуалдық қабілеттеріне ешқандай бір қатысы жоқ үлгерімі төмен симптомының екінші пайдасы пайда болады: ол балаға ата-анасының назарын қаратуға мүмкіндік береді.
     
  2. Балалар арасындағы қатты қызғаныш атан-аналардың жанжалының көрінісі болатын жағдайлар кездеседі. Әрине, олар өздерінің бірдеңелері туралы ұрсысады, бірақ көбіне шиеленісте ата-анасының қылықтарының үлгісін пайдаланады және дауласу мәні әке-шешесінікіндей болып шығады. Кім кімді тыңдауы тиіс, бөлмені жинау кімнің кезегі, кім әуенді қаттырақ қосады, кімнің достары жек көрініштірек және т.б. Мұндай жағдайда балаларды жақындастырудың мәні жоқ, алдымен ата-анасын татуластыру қажет.  
     
  3. Балалар үшін жеке заттары өте маңызды, олар өздерінің дара тұлғалық сезімін қанаттандырады. Ал егер де аға-әпке, іні-қарындас-cіңлілері үнемі заттарын алса немесе бүлдірсе, мұндайға сіз тонау немесе зорлауға қалай қарасаңыз, балалар солай қарауы мүмкін. Әрине, анда-санда  бауырлар бір-біріне ашулық, жек көрушілік және наразылық сезімін бастан кешуі мүмкін. Егер үлкендер бұған бар ниетімен көз жұмуға тырысса, өшпенділік жасырындыққа тығылады да, өкпе-ренішпен, түсінбеушілік, кінә немесе қорқыныш сезімдерімен қыза түседі.   Ата-ана әр балаға әділдікпен қарайтынын олар сезінуі тиіс. Әділдік қашан да бірдей дегенді  білдірмейді. Егер сіз балаға оның бауырларына не әпердіңіз, соны сыйлай салмай, оның жеке эксклюзивті қажеттіліктерін қанағаттандырудың қамын ойласаңыз, онда балаңыз ықыласыңыздыбағалайды.
     
  4. Балалар арасындағы айырмашылықты сыйлаңыз. Әр балаға таңғы асқа саны жағынан бірдей құймақ берген әділдікке жататын секілді емес пе? Бірақ бұл «әділетті» көзқарас әр баланың тәбеті әр түрлі болуы мүмкін деген жағдайды ескермейді. Егер  сіз «Неге ол үш құймақ алды, ал мен екеу ғана жедім?» дегенді естісеңіз, былай деп жауап беріңіз: «А, сен тойған жоқсың ба? Саған тұтас құймақ берейін бе, әлде жартысын берейін бе? Тұтас? Қазір әкеліп беремін». Осылайша, мағыналық екпін өзгерді. Сіз «Ағаң қанша құймақ алды, сен де сонша аласың»,  - демейсіз. Енді сіз мүлде басқа нәрсе айттыңыз: «Мен сенің жеке тілегіңді қанағаттандыруға дайынмын».

Әр баламен қарым-өатынас жасауға арнайы уақыт арнаңыз. Отбасында жаңа сәби пайда болғанда, тек қана үлкен баламен өткізуге арналған уақытты белгілеңіз. Бөтен ештеңенің оған кедергі келтіруіне рұқсат етпеңіз. Үлкен бала өзіне арналған ата-анасының бірімен жеке қалып өткізе алатын ерекше уақыттың бар екенін білуі тиіс. 

Ұрыс. 

Бұл проблеманы шешудің қарапайым шешімдері жоқ, дегенмен кейбір шиеленістер тым артық кетпеген жағдайда жағымды рөл атқаратынын ұмытпаған жөн. Күйзелістер мен ұрыстардың орын алу себебі, осылайша жаңа, мейлінше тұрақты қарым-қатынас деңгейіне өтуге қол жеткізіледі. Бірақ балалар оны өте епсіз жасайды, оларға ата-анасының көмегі қажет.

Көптеген жағдайда ата-аналарға балалар арасындағы ұрыс-керістің төрешісі болудан аулақ жүру керек. Бірақ егер де олар сізді ұрысқва байланыстырып жіберсе, әр балаға өз ренішін немесе шағымын айтуға мүмкіндік беріңіз, содан кейін біреуін естігеніне және дұрыс түсінгеніне көз жеткізу үшін екіншісінің шағымын қысқаша баяндап беруін сұраңыз. Содан кейін балалар шиеленісті шешудің болуы мүмкін жолдары мен әдістерінің тізімін бірлесе жасасын. Мұндай жағдайда сіз шиеленісті шешудің жауапкершілігін қайта балалардың өз қолына қайтарып қана қоймайсыз, оларды әр түрлі өмірлік кикілжіңдерді, кедергілерді және жағымсыз сәттерді жеңе білуді үйретесіз.

Ұрыс-керісті шешу әдістері:

  1. Барлығына ойын айтуға мүмкіндік беріңіз.
  2. Егер бала қандай да ережені құрастыруға қатысқан болса, ол сол ереже бұзылмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.  Бірақ егер ереже жоғарыдан берілсе, ол оны бұзуға тырысуы әбден мүмкін..
  3. Отбасы ішіндегі  мінез-құлықтың жаңа ережелерін бекітіп қойыңыз. Егер ережеде «ешқандай төбелес жоқ» деп айтылса, оны бұзған  үшін тәртіптік жазалау барлық ойындарды уақытша тоқсату болу керек. Бұл өте тиімді тәсіл. Балалар төбелесе бастағанда ата-аналар айтуы тиіс: «Бұл үйде төбелесуге рұқсат етілмейді. Сен мұнда отыр, ал сен мына жерге отырасың». Орындықтар қабырғаға бұрылып, балалар бірін-бірі көре алмайтындай етіп орналастырылуы тиіс. Бес минут күте тұрыңыз да, балалармен олардың ұрысы туралы сөйлесіңіз. Бұл сәтте олар тынышталып үлгерді, төбелестің салиқалы баламасын талықлайтын нағыз кез келді. 

Сезімдері 

Балалар бір-біріне деген өздерінің сезімдерінен қорықпас үшін және олар арасында ұрсысып қалу мүмкін дегенді ұйғарсын, мұнда тұрған еш қорқыныш жоқ деп әңгімелесіңіз. Өз бауарларыңызбен болған ұрыс пен алаңдаушылық туралы айтуға болады. Егер сіз отбасыңызда жалғыз бала  болсаңыз, өзіңіздің немере бауырларыңызбен  қарым-қатынас жасаған шығарсыз, болмаса, керісінше аға-іні немесе қарындас-сіңлі болғанын әрқашан армандаған шығарсыз.   Балаларға олардың бірге өмір сүргеннің жағымды жақтарын көрсетіңіз, кейде оларға ортақ тапсырма беріңіз, әрбіреуімен тең қарым-қатынас жасауға тырысыныз. Егер балалар бір жынысты болса, бір-бірімен бәсекелеспейтінде, әрбіреуінің өз хоббиі болғаны жақсы.

Ата-ананың мінез-құлқына көптеген нәрсе байланысты. Әсіресе балаларға өсек айтуға рұқсат беруге болмайды.

Ол үшін:

1. Бауырларды тікелей байланыс жасауды, яғни қызғанышын ата-анаға жасырын білдіртпей, бір-біріне ашық айтуды үйретіңіз, мұндайда: «Сенің менімен төбелескенің маған ұнамайды...», «Сен менің заттарымды алғанда мен ренжимін...» деген сөздермен жеткізу керек. Мұндай талаптар балалардың өзара «тиісуін» болдыртпай, жаңа, сауатты қарым-қатынас жасау формаларын іздес тіруге мүмкіндік береді. 

2. Балалардан бөлмеден шығуды және дауласқан жағдай бойынша өздеріне шешуді сұрау қажет.

Балалардың әр түрлі және әр бала өзінше жақсы екендігін қабылдауға тырысыңыз. Сондықтан қандай да болмасын жағдайда бірін-бірі шексіз сүюге, үнемі бірге болуға және әрдайым бірге қызмет жасауға мәжбүрлемеңіз. Бұйырылған махаббаттың ұзақ және шынайы болуы сирек кездеседі. Оларға сіздің қандай да бір қысымыңызсыз бір-бірімен жай ғана қызықты болатын уақыт келетіні сөзсіз. Сол кезде олар өздерін туыс емес, дос сезінуі, бәсекелестікті ынтымақтастыққа ауыстырып, сол баға жетпес тәжірибені өз балаларына беруі әбден мүмкін. Және бір күндері бала кезінде ағасымен оңбай төбелескені жайлы күліп айтып береді.