0 мен 6 ай арасындағы сәбидің әлеуметтік-эмоционалдық дамуы
Алғашқы 6 айда сәби әлеуметтік-эмоционалдық аспектіде қалай дамиды

- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланыстағы екі негізгі процесті қамтиды:
- ересектермен және құрдастарымен түрлі қарым-қатынас орнату қабілетінің дамуы;
- баланың ересек адамның көмегін қажет ететін толық тәуелділігінің, жеке дербестікке біртіндеп ұласуы.
Жаңа туған баланың алғашқы әлеуметтік танытулары - физиологиялық қажеттіліктерге (тамақ, сусын, температуралық жайлылық, қозғалыс, ауырсынудың болмауы, дененің ыңғайлы орналасуы) байланысты болып келеді.
Балада ересектердің онымен әуел бастан эмоциялық қарым-қатынасының арқасында қарым-қатынас қажеттілігі туындайды, физиологиялық эмоционалдық реакциялар бірте-бірте әлеуметтік маңызды реакцияларға түрленеді (мысалы, жаңа туған нәресте, оны қолға алған кезде ересек адамның жылы терісімен жанасуы арқасында тыныштанады).
Бірінші айдың соңына қарай нәресте адам бетінде көзін бір сәтке тоқтатып, аяқ-қолдың ғана емес, ауыздың және көздің қозғалысын қысқа мерзімге тоқтата алады.
Екінші айдың соңына қарай бала қозғалыстағы бет-әлпетті қадағалай алады, бұл ретте ересек адамның мейірімді дауысына күлімсіреу түрінде бірінші оң эмоция пайда болады.
Өмірдің үшінші айына қарай жағымды әр түрлі сыртқы әсерлерге, балада "жандану кешеніне" бірігетін әр түрлі жағымды эмоциялық реакциялардың компоненттері жиі пайда болады, олар күлімсіреумен, вокалдандырумен қоса, бала қозғалысының жандануынан көрініс табады. Бұл жаста кез-келген адам нәрестенің күлімсіреуіне себепші болуы мүмкін. Мұнда нәресте бақылайтын адам бет-әлпетінің қозғалысы шешуші мәнге ие.
4-ші және 5-ші айдың соңына қарай балада жиі қайталанатын жағдайлар арасындағы өзара байланыс туралы түсінік қалыптасады, танымдық эмоциялар дамиды.
6 айға қарай балалар таныс және бейтаныс адамдарға әркелкі реакция танытады. Бала сырт келбеттегі, мимикадағы және дауыстағы жеке айырмашылықтарды ұғына алады. Бұл жаста сәби қуаныш, реніш, таныс пен бейтаныс адамдарға түрлі реакция, өкпе сияқты негізгі эмоциялардың тұтас жүйесін байқатады.
12 айға қарай баланың әр түрлі іс – қимылдарды меңгеру нәтижесінде пайда болған әлеуметтік эмоциялар барған сайын өзгеріп отырады, сондай-ақ ересек адамдармен қарым-қатынас мазмұны да өзгеретін болады, енді ол қарым-қатынас әр түрлі заттармен бірлескен іс-қимылдарға көбірек бағытталған болады. Бала біртіндеп мақсатты бағытталған "әлеуметтік ойынға" қатыса бастайды, және онда бастаманы өз қолына алуға тырысады. Оның белсенділігі мен білімқұмарлығы, дербестікке ұмтылуы өз кезегінде эмоциялардың қалыптасуына әсер етеді.