“Бұл дағдарысты кезеңде барлығымыздың түсінгеніміз, ең бастысы – денсаулық”
Әйгерімнің COVID-19 пандемиясы уақытында жүктілігі мен босануы туралы тарихы
Қазақстандағы мыңдаған жүкті әйелдерде жүктілік пандемия және аптадан аптаға өзгеретін карантиндік шаралардың енгізілуімен сәйкес келді. ЮНИСЕФ-тің бағалауына сәйкес, пандемия кезеңінде әлемде шамамен 116 000 000 бала дүниеге келеді. Пандемия кезінде Қазақстанда 498 367 бала дүниеге келді (2020 ж. наурыз - 2021 ж. сәуір).
Жүктіліктің бірінші айларынан бастап әйелдің өмірі түбегейлі өзгереді, ал карантин, өзін-өзі оқшаулау және қосымша сақтық шаралары медициналық қызметтерге қол жетімділікті шектеуі немесе жүкті әйелдерге күйзелісті қосуы мүмкін.
Әйгерім 40 жаста, ол бесінші балаға жүкті. Әйгерім босануды келесі жылы жоспарламақ болған, бірақ 2020 жылдың қыркүйек айының басында ол аяғы ауыр екенін білді. Жүктілік кезеңі Қазақстандағы COVID-19 пандемиясына дәл келді.
Жүктіліктің алғашқы күндерінен бастап Әйгерім Нұр-Сұлтандағы тұрғылықты жері бойынша аудандық емханаға тіркелді.
”Мен үнемі гинеколог және акушерлермен байланыста едім, анализдерімді уақытында тапсырып, жоспарлы тексерулерге баратынмын”, - дейді ол.
Жүктілігінің 7-ші айына дейін Әйгерім жанұясымен Нұр-Сұлтан қаласында тұрды, ал кейін Қарағанды қаласына көшкен соң, оны №1 емханаға ауыстырды.
Әйгерім тұрғылытқы орны бойынша Қарағанды облысының перинаталдық орталығында босанбақшы болды. Босанғанға дейін ПТР-тестін тапсыру қажет болмады. Жиі толғақ басталғанда немесе шарана сұйықтығы төгілгенде, босанушы әйел жедел жәрдем шақыруы немесе ауруханаға өз бетімен баруы керек болады. ПТР-тестін сол жерде алады.
”Егер босашуны әйелде кез келген симптом болса, онда оны жеке карантиндік аймаққа әкетеді, ал егер белгілер болмаса, онда ол босанып, тест нәтижелерін күтеді”, - дейді Әйгерім
Карантиндік аймақ — бұл жеке палата, мұнда әйел жалғыз босанады және басқа босанушылармен байланыста болмайды. Егер дәрігерлер COVID-19-ды анықтамаған болса, онда босанушыны жалпы палатаға ауыстырады.
UNFPA Kazakhstan деректеріне сәйкес, COVID-19 жұқтыру расталса немесе оған күдік болса, медициналық-санитарлық қызметкерлер өздері және айналадағы адамдардың вирус жұқтырып алу қауіпін азайту үшін жеке қоғаныс киімі мен тиісті сақтық шараларын қолдануы тиіс.
Әйгерімнің өзі жүктіліктің басталуынан 3 ай бұрын, 2020 жылдың маусымында, COVID-19 ауруымен ауырған, бірақ денсаулығында немесе жүкті болу мүмкіндігінде елеулі өзгерістерді сезінген жоқ.
Әйгерімнің айтуынша, бұл жүктілік бұрынғы жүктілік сияқты өтті, және ол жағдайдың өзгеруін және карантиндік шаралардың әсерін байқамады.
Әйгерім емханалардың кестесінде ғана айырмашылықтарды байқағанын айтады. Егер бұрын жүкті әйелдер емханалардағы кезекте 2-3 сағаттан отырған болса, қазір қабылдау қатаң түрде алдын ала жазылу түрінде жүргізіледі және дәліздерде кезек жоқ.
“Мен денсаулығымды барлығынан артық көрдім, сондықтан барлығы жақсы өтті деп ойлаймын. Әйел үшін бұл маңызды”, - дейді ол, - “ Осы дағдарысты кезеңде барлығымыздың түсінгеніміз, ең бастысы – бұл денсаулық және вирусты тек қана мықты иммунитет жеңе алады”.
Әйгерім нутрициолог болғандықтан, әрқашан өзінің күйін мұқият бақылап отырады, сондықтан алдағы босануға алаңдамады.
”Денсаулығыма қатысты қорқыныштар болмады”, - дейді Әйгерім. “Мен үнемі қалқанша безін, гемоглобинді тексеріп отырамын, дәрумендер қабылдап, дұрыс тамақтанамын”.
Иммунитетті қолдаудан басқа, Әйгерім вирусты жұқтырып алмау үшін, қажет сақтық шараларын сақтады. Ол қоғамдық орындарға баруды шектеді, сауда орталықтарына және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға бармайды, сондай-ақ күні бойы қолын жиі және мұқият жуатын.
Пандемияға байланысты ол адамдармен байланысын азайту үшін тек көшеде немесе саябақтарда серуендеуге мәжбүр болды. Ал маскалармен санитайзерлер үйден шығар кезде бірінші қажеттілікке айналды.
Әйгерімнің төрт баласы бар және бесінші рет аяғы ауыр болып, жүктілігі жақсы өтті. Сәуір айында ол дүниеге ұл әкелді.
“Босануым жақсы өтті. Баламның сау болып туғанына өте бақыттымын және қуаныштымын. Оны ақыры қолыма алдым”, - дейді Әйгерім.
Әйгерімді 2 күннен кейін шығарды, оның қалпына келуі ойдағыдай отбасында өтіп жатыр.
“Емхананың дәрігерлеріне жеке алғысымды білдіргім келеді. Кранатиндік шараларды енгізуге қарамастан, олар күйзеліс жағдайларда керемет қызмет етті және мәселелерді жылдам, дұрыс әрі уақытында шешіп отырды,” - дейді Әйгерім.
Еуропалық Одақпен ынтымақтастық ЮНИСЕФ-ке COVID-19 пандемиясы кезінде коронавируспен тиімді күресу үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен диагностикалық құрылғылар арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін қолдауға мүмкіндік берді.
Еуропалық Одақтың гуманитарлық көмегі есебінен қаржыландырылады. Пікірлер мен көзқарастар тек автордың (авторлардың) пікірлері болып табылады және олар міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. Еуропалық Одақ олар үшін жауап бермейді.