Бала қорқынышы

Балада қорқыныш қалай пайда болады және ата-аналарға не істеу керек?

ЮНИСЕФ
Little girl with grandmother
UNICEF/UN0339631/Kim
13 Қазан 2020

Әрбір сау адамға қорқыныш сезімі тән болады, ал қорқыныш сезімін білмейтін адам ауру адамға теңеледі және соған сәйкес қорқыныштың мүлде болмауы  психопатология саласына қатысты белгілердің бірі болып табылады.

Нәрестеде алғашқы қорқыныштың пайда болғанын бірнеше ай өткеннен кейін  байқаймыз.  Ол бір белгісіздіктен  қорқу түрінде көрінеді. Сәби түрі таныс емес адамнан да қорқуы мүмкін.

Кейін ата-аналары жоқ кезінде пайда болатын "сепарациялық" қорқыныш пайда болады және келесі екі жыл ішінде балалар қорқыныштарының саны арта түседі.

Десек те, балалардың нақты қорқыныштары туралы айтуға болады. Балалардың қорқынышын әдетте, өздері шынымен қауіпті деп санайтын қандай да бір заттар, тіршілік иелері немесе жағдайлар тудыртады. 2-3 жасқа дейін балада ешқандай абстракты қорқыныш белгілері болмайды. Бірақ балада ақыл-ойы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым  нақты қорқынышты сезінетіндей тәуелділік болады. Оқу процесінде нақты қорқыныш (мысалы, дәрігердің ақ халатын елестету арқылы бала шаштараздан қорқа бастайды) ауқымы кеңейеді.

Бала шамамен 3 жасында символдық қорқыныш деп аталатын қорқынышты сезіне бастайды. Балалар арасында кеңінен тараған қорқыныш – бұл қараңғыдан қорқу қорқынышы. Түнек  балаға жалғыздық сезімін беріп қоймай, оның санасына «көзіме түспегеннің барлығы жоқ нәрсе» деген түйсікті де қалдырады.

Бұл жерде  қорқыныштың қалыптасуының екі механизмі жұмыс істейді:

  1. "Мен жалғыз қалдым" – бұл  өзі әбден бауыр басып қалған  анасынан  айрылу қорқынышына тән болады;
  2. Бейнені ойша елестете алатын балаға қараңғы бөлменің бұрышында әр түрлі қорқынышты бейнелер тұрған секілді көрінеді.

Ата-аналарға не істеу керек?

  1. Қараңғыдан қорыққан баланың "қорқақтығы үшін" жазалауға болмайды және оны бұл үшін ұялтудың қажеті жоқ. Себебі, бала онсыз да қорқынышын ата-анасынан жасырып , онымен жалғыз қалуға тырысады.
  2. Баланың ұйықтап жатқан бөлмесінің есігін ашық қалдыруға болады, бірақ ең дұрысы баланың қолы  жететін  аса жарық емес лампаны орнатқан жөн.
  3. Баланың символикалық қорқынышына түрткі болған нақты себептерді жою қажет. Бұл үшін психологтың, психотерапевтің консультациясы пайдалы болады.

Қорқынышқа символикалық қорқынышқа ұқсас құбылыс үрей деп аталатын сезім  байланысты болады. Мәнісі бойынша барлығы  бір қорқынышқа қатысты сезім, бірақ бұл ұзақ уақыттан кейін болатын қауіпке байланысты болатын қорқыныш. Мысалы, тіс дәрігері алдында бір нақты қорқынышты сезінетін болсақ, бір аптадан кейін сол тіс дәрігеріне бару керек екендігімізді білгенде,  бір апта бойы қорқып жүреміз.

Үрей адамның шешім шығара алмау қабілетіне  тікелей қатысты болады. Жинақтауға және босаңсытуға болатын үрей  болады.  Біріншісі адамның әрекеттеріне қосымша импульс берсе, екіншісі оны жауапты сәтте сал етіп қояды. Осының негізінде ата-аналар мен бала арасындағы қатыныс ерекше орынға ие болатын тәрбиенің психологиялық аспектілері жатыр.

Егер адам бала күнінен өзінің дәрмсенсіз екеніне немесе қандайда бір міндеттерді шешуге қабілетсіз екендігіне үнемі көзі жетіп келсе, онда бұның салдары ересек болғанда да ізсіз кетпей, жауапты сәтте бойды босаңсытуға болатын үрейді сезіндіретін болады, ал сәттілік сезіміне қатысты адам жинақталуды қажет ететін үрейді сезінетін болады.

Бала қандай болып өседі?

Баланың әрекеттері  тек сәтсіздіктерден қашуға бағыттала ма немесе  сәттілікке бағыттала ма - бұл шешімді сәт баланың бала күнінен анықталатын болады?

Бұның барлығы ата-аналар тарапынан балаларға қойылатын талаптар деңгейіне тығыз байланысты болады. Егер осы деңгей бала қабілетінен жоғары болса, онда бала үнемі осы талаптарға сәйкес келмейтінін сезіні, өмір бойы әрекет ету қажет болған сәтте сәтсіздіктен қорқуы есебінен оларды айналып жүруге тырысатын болады және осы тұлға ретінде мінезі  мазасыз адамның сипатын алады. 

Ата-аналар үнемі баланың  «жоғары қарай» ұмтылуына себеп болып, оның ынталану қабілетін ашуы керек, бірақ бұл бала мүмкіндігі жетпейтін шамадан тыс талапты қою керек дегенді білдірмейді.

Қорқыныш баланың қоршаған ортаға бейімделу процесінде маңызды рөл атқарады. Баланы шамадан тыс қорғаштау оның өзін  өте кішкентай, әлсіз тіршілік иесі ретінде сезінуге  және қоршаған әлем қауіп-қатерге толы  секілді көруге әсер қалыптастырады .

Сондай-ақ, қорқыныш сезімінің пайда болуына баланың қорғаныс сезімін жеткілікті түрде дамытуға жағдай жасамаған өте тұрақсыз, өзіне сенімсіз, аса момын және жасқаншақ  ересек адамдар ықпал етеді. Жанындағы адамдар өзін қорғауға тиіс деп өзгелерден көмек күтетін бала белгісіз ситуацияларды бастан ауыр өткереді және бұл ретте онда қауіп сезімі пайда болады.

*Бұл материал "3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жақсы ата-аналары болуға үйренеміз" деп аталатын  оқу құралы негізінде дайындалды.