Шығыс Қазақстан облысының мектептеріндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету

Шығыс Қазақстан облысының мектептеріндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету

дети
UNICEF/2016/Andrey Kim

Маңызды оқиғалар

Мектептегі зорлық-зомбылық балалардың мектепте өздерін қауіпсіз сезінуіне қатер төндіріп, олардың оқуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Мектептегі зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің ең жақсы тәсілі зорлық-зомбылық басталмас бұрын оның алдын алу, сондай-ақ ол байқалған жағдайда тиісті әсер ету болып табылады. Халықаралық ауқымда мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету жөніндегі озық тәжірибелер жалпы мектептік алдын алу және араласу жүйелерін әзірлеу үшін қолданылады. Олар мектептің барлық оқушылары мен қызметкерлеріне арналған сыныпта және сыныптан тыс жағдайлардағы этикалық ережелердің жиынтығын (тиісті және қалаулы мінез-құлық түрлері) белгілеу, үйрету, қолдау көрсету және күшейту стратегиясынан тұрады.

Оған сонымен қатар тәуекел тобындағы және жоғары тәуекел тобындағы оқушыларға (яғни, міне-құлқы проблемалы және/немесе анық бұзақы, агессивті және елірме мінезі бар оқушылар) арналған әсер ету, нұсқау беру және қолдау көрсету жүйесі; сонымен қатар оқушыларды кемсітетін немесе оларды ұрып-соғатын мектеп қызметкерлеріне қатысты әсер ету мен араласу жүйесі де жатады. Бұдан басқа мектептегі зорлық-зомбылық жағдайларын хабарлау, қарау/ тергеу және тіркеу және практикалық тұрғыдан әсер ету жүйесінің болуы да түсініледі. Түптеп келгенде, барлық оқушылар үшін позитивті мектеп ортасы мен қолайлы ахуал қалыптастыратын бастапқы (жалпымектептік), екінші (атаулы) және үшінші (индивидуалды) араласу жүйелерін құруға және оларға қолдау көрсетуге басымдық беріледі

Автор

Робин Н. Хаарр

Жариялау Күні

Тілдер

Орыс

Есепті жүктеңіз

(PDF, 1,14 MB) (PDF, 1,16 MB) (PDF, 1,72 MB)