Қырсық балалар

Қырсықтық себептері және жас ерекшеліктері

UNICEF Kazakhstan
stabborn
UNICEF
13 Қазан 2020

Қырсықтық  дегеніміз не?

Баланың қырсықтығы – бала тәрбиесіндегі маңызды және проблемалық тақырыптардың бірі. Балалардың қырсықтығы арқылы көптеген ересектер тәрбиешінің жеке біліктілігінің шақыруын, бала алдында өз беделінің түсу қаупін көреді. Тура осы қауіпке байланысты  ересектер  бала өзін неге осылай ұстағанына қарамастан бала қарсылығының одан әрі тудыруы мүмкін бала қырсықтығымен табандап отырып күресуге тырысады. Өзінікін дұрыс деп санап, білгенін кірістіруге тырысқан үлкендер бұл ретте балаға қарсы өз қырсықтығын қолданады.  Сонда  бұл жерде бір қырсық  мінезді адамның екінші қырсық мінезді баланы тәрбиелегісі келіп отырған тұйық шеңберді көруге болады.

Табандылық пен қырсықтықтың айырмашылығы аспан мен жердей.  Табандылық - бірдеңеге ұмтылып, бірдеңеге қол жеткізу үшін жасайтын  баланың  тайынбайтын және қайтпайтын мінезі болса, қырсықтық баланың бір нәрсені қалағанынан емес, жай ғана дегенін істетіп,  солай айтқандықтан орындалуын және ересектердің өз пікірімен санасуын талап ететінінен реакциясы.  Ондай балалар жағдай өзгеріп кеткеннің өзінде өзінің бастапқы шешімінен бас тарта алмай қалады. Қырсық  бала қатты қаламай тұрғанның немесе мүлде қаламай тұрғанның, тіпті әлдеқашан қаламай кеткеннің өзінде өз дегенінен қайтпайды.

Қырсықтық ұстамасы  кезінде балаларда стрессті тудыратын гормон - адреналиннің көп мөлшері пайда болады . Олар осындай ұстама кезінде еденге жатып алып, аяқтарын жұлып лақтырып, қолдарын сермеп, тынысы тарылғанға дейін айқайлап, жұнырып алады да содан кейін қайтадан сүйкімсіз қылықтарын жаңа күшпен бастайды. Қырсықтық  ұстамасы кезінде балалар біреудің түрткенін жақтырмай, нашар естіп, нашар көретін болады. Олар өздерін ұстай алмайтын болады.

Әдетте қырсықтық  ұстамасы бірнеше минутқа созылады. Ауыр формада ол бірнеше сағатқа дейін баруы мүмкін. Қырсықтық  кезінде бала  бар күшін жұмсап, содан кейін өзін құлазып тұрғандай сезінеді.

Жас ерекшеліктері

Қырсықтық  кезеңі - бұл бала дамуының дағдарысты сәттері кезінде яғни, 1, 3, 7 жас пен жасөспірім кезі аралығында өтетін дамудың еріксіз орындалатын фазасы.

Бірінші жылдың ерекшеліктеріне жүгіруге, жүруге, орнына ештеңе ұсынбай қызықты заттарды ұстауға кедергі келтірген кезде баланың ересектерге көрсететін назды қырсықтығы мен ересектердің жағымсыз немесе күтпеген әрекеттеріне қарсы  қолданатын наразылығы кіреді.

2 жас – психологиялық ғана емес, физиологиялық негіздің болуына байланысты бұл жас бала қырсықтығымен күресуге ең қолайсыз уақыт болып табылады. Жалпы адам баласында бас миы жартышарлары қыртысының функционалды ерекшеліктері болады. Сол жақтағы ми жартышары логикаға, аналитикалық абстрактік ойлауға, мінез-құлықты бақылауға  жауап берсе, оң жақтағы ми жартышары бейнелі ойлауға жауап беретін эмоциялар мен түпсананы басқаратын процесс орталығы болып табылады. Әдетте, математиктер, бағдарламашылар, лингвистер секілді мамандар шығатын адамдарда мидың сол жақ жартышары жақсы дамыған болса, синтезге, шығармашылыққа және гуманитарлық пәндерге бейім  адамдарда оң жақ жартышары жақсы дамыған болады. 

Жаңа туған нәрестенің екі жарты шары да  "оң" болады және олардың бірі уақыт өте келе біртіндеп "солға қарай" ауып, өзіне қарай сана, бақылау және сөйлеу функцияларын  тартады  және бұл бала 2 жасқа жақындаған кезде айқын байқалады. Кішкентай балаға әрдайым ойын, кенеттік, эмоцияларды (оның ішінде  наразылық, реніш, ашулану, қорқыныш секілді теріс эмоцияларды) шығаруға мүмкіндік керек және оларға тұрақты түрде қысым көрсетуге, тыйым салуға, шектеулер қоюға болмайды. Балалардың осы ерекшеліктерін елемейтін ата-аналар  мидың әлі қатаймаған сол жақ жартышарына ауырлық жасап, оған үнемі бір нәрсені үйретіп, түсіндіріп, көптеген нұсқауларын орындауды талап етіп, оның дамуын жасанды түрде жылдамдатады. Солайша балада физиологиялық теңгерімсіздік пайда болады. 

Осының нәтижесінде бала ата-аналарының ескертулерін, талаптары мен қорқытуларын "естімей",  ұзақ жүріп, ұзақ тұрып, ұзақ киініп, шешініп ата-анасының ашуына тиетін болады. Үнемі ескертулер мен ақыл айтулар баланың жағдайын одан әрі қиындата түсіп, нәтижесінде бала «иәнің» орнына «жоқты» айтып, қырсыға бастап, барлығынан бас тартатын болады. 

Баланың үш жасы - ата-аналар үшін ең қиын жас болып табылады. Осы  жаста бала өзін-өзі сезініп, басқалардан бөлек адам екенін түсініп, өзінше дербес болуға тыраса бастайды. Бала жаңа мүмкіндіктерді  қолдана отырып, бір талаптан бас тартып, бір талапқа орындауға, бірдеңені табандап сұрауға немесе керісінше, бірдеңеден қашу арқылы ата–аналарына әсер етуге тырысатын болады. Тура осы уақытта ол кейін айнып кететін болса да, өзі шешкендей етіп орындауға тырысып-бағады.

Келесі қиын жас - 7 жас. Бұл кезде бала өзін ересектей сезінуге тырысып, өз мінез-құлқына  жауапкершілік алғысы келіп, ата-анасының қамқорлығынан шығуға  және  ата-анасының түзетулеріне немесе көндірулеріне өз наразылығы мен жақтырмаушылығын білдіруге тырысады.

Қырсықтықтың себептері

7 жасқа дейін бала туысқандарға бару, демалыс күндері әженің үйінде болу дегендей  жиі және кенеттен болатын өзгерістерге бас тартып тұратын болады. Осыған байланысты  ересектер оны алда болатын өзгерістер мен сапарлар жайлы хабарлап дайындамайтын болса, ол осындай кенетті өзгерістердің әсерінен уайымдап, қайғыруы мүмкін. Себебі, бала өзінің өмір сүру қалпының, тамақтану әдеті мен қоршаған ортасының өзгеруінен және олардың болмауынан қатты қапалануы мүмкін. Осындай ситуациялар бойынша тәжірибе жинаған бала кейіннен кез-келген өзгерістер мен жаңалықтарға қарсы тұрып, әр ұсынылған жаңа ұсынысқа «жоқ» деп жауап беруі мүмкін.  

Қырсықтықтың тағы бір көзі - ересектердің баланың таланты мен қабілеттерін пайдалануы кезінде пайда болуы мүмкін.  Баланың даусы жақсы екенін, жақсы сурет салатынын немесе басқа қабілеттерін байқаған ата-аналар мен тәрбиешілер оның сүйікті өнерін жұмысқа айналдырып, оны белсенді түрде дамытуға кіріседі. Осылайша, бала өзінің қабілеттерінен алып жүрген рахатын жоғалтып, кейде тіпті жанына жақын істі таңдау құқығын қорғау үшін оған "жоқ" дей отырып, талантының ашылуына жол бермейді.

Қырсықтықтың дамуына сондай-ақ, авторитарлық пен ата-аналардың қатаң бақылауы себеп болады. Егер ата-аналар аса қатты, тым талапшыл, шыдамсыз болып, үнемі ескертулер жасап, баланың талаптарды дер кезінде орындмағанына ашумен қарап,сол үшін жазалайтын болса, бала өз бастамалары мен жеке шешімдерін қабылдайтын кеңістікті таба алмай, қысылу жағдайында болады. Өйткені, онда ата-аналардың қатал болуына байланысты таңдау және айту құқығы болмай, өз дегенімен емес, олардың айтқанымен жүруге тиіс болады. Дегенмен, ол санасында жеке басты дамыту үшін таңдау құқығының болғаны маңызды екенін сезінеді. Осылайша бала таңдау құқығынан айрылған сайын  өзінің жеке басына және еркіне келтірілген қастандық үшін қарсылық танытып, «жоқ, мен бұны істемеймін» деп айқайлайтын немесе «сіздер маған бұны мәжбүрлеп жасата алмайсыздар» деген пассивті қарсылық білдіретін болады. Сол кезде ол  қырсық  болу - өз құқығыңды қорғаудың жалғыз жолы екенін түсініп, өсе келе бала ешқандай беделге сенбей, оған бір нәрсені қалай жасау керек екенін нұсқаған кезде ашық бүлікке шығатын болады. 

Ерке етіп, бетін қақпай өсірген және барлық наздары мен қалаулары орындалып келе жатқан бала бір нәрсесі өздері үйренгендей болмаса ерегісе бастайды.  Осындай балаларға өздері  үшін ештеңе істей алмаса да, ата-аналары  әрдайым олардың айтқанын істеуге  тиіс секілді көрінеді де тұрады.  Мұндай бала өз бетінше шешім қабылдауға, жаңа жағдайлармен, жаңа мәселелермен күресуге,  өз сезімдерін қолайлы түрде білдіруге және басқалардың мүмкіндіктері мен тілектерін қарастыруға бейім болмайды.

Мүмкін, бала үшін бұл  қырсықтық - өзін көрсетудің, қалауы мен сезімдерін білдіртудің қолжетімді түрі болар. Парадоксальды жағдай мынада болып тұр: бала өз қалағандарын қаламайтындай көрсетуі мүмкін.  Бірақ  кіші жастағы балалар үшін қалағанын айту және өз қалауларын біліп,  қоршаған ортаға түсінікті формада жеткізу оңайға соқпайтыны белгілі. Демек, бала шешімінің ересектердің  көмегінсіз болуы  екіталай.

Баланың қырсықтығы  ата-аналарға бағытталған реніштен, ашудан, кектен  туындауы мүмкін.

Бұндай жағдайда бала қырсықтығы – ересектерге ерегіскенде жасайтын  кек алу құралы ретінде әрекет етеді және ата-ана мен бала арасындағы терең проблемалар осындай көрініс алады.
 

Қырсықтық созылмалы болмас үшін не істеу керек?

  1. Қырсық  балалармен қатысқан  кезде ересектер ең алдымен қарсыласу дегеннен бас тартуы керек. Өзгелерді құрметтемей отырып, өзіңді құрметтеуді  талап етуге болмайды.  Балаға қателесу тән болатынын мойындаңыз. Бала өз қырсықтығынан болған қолайсыздықты  өзі сезінуге тиіс. Қателіктер жасау мен оларды түзеу - жеке даму кезіндегі жаман жол емес, ең бастысы ондай көмекті балаларға  күштеп емес,  ұсыныс түрінде жасаңыз.
  2. Жол беру әлсіздікті білдірмейді. Жол беретін адам жақсы көретін адамдарына қамқорлық жасайтын және кішкентай қырсыққа үлгі болатын данышпан адам. Бірақ, бұл  жол беру жолдан анасының қолынан ұстап өту,  сағат түнгі 21 00.-ден азанғы 10 дейін ұйықтау, азанда тамақтану секілді қарсылық білдіруге болмайтын  принципиалдық сәттерге қатысты болмайды. Қалған барлық басқа жағдайларда балаға өзінің  тең құқықтылығын , маңыздылығы мен тәуелсіздігін сезіну үшін жол беру керек.

  3. Балаға дайын шешімді тықпалағаннан бұрын одан немен айналысқысы келетінін сұраңыз. Балаға өз бетінше таңдау жасауды ұсыныңыз, шешімді өзі қабылдасын.  Егер бала  бір нәрсені жасай алатынын немесе сізсіз  шешім қабылдай алатынын сезінсе, ол осыдан  үлкен рахат алатын болады. Баланың өз күшіне сенуі оған болашақта өмірлік кедергілерді жеңуге, мақсатты әрі табанды болуға көмектеседі.

  4. Бала өзінің  қырсықтығы арқылы Сізден не ала алатынын немесе неге қол жеткізе алатынын біліп қалмас үшін оның қырсықтығын тудыратын ситуацияларды болдырмауға тырысыңыз.  Ақылға салып, сұрақты олар теріс жауап бере алмайтындай етіп қойыңыз. Балаңызға түскі асты  жегің келіп тұр ма ? деген секілді жауабы  бар  сұрақты қоймаңыз . Себебі, ол «жоқ» деп жауап берсе де сіз сонда да тамақ  жеуге мәжбүр етесіз. Сондықтан бұндай жағдайда бірден "түскі асты жейтін  уақыт болды"деңіз.

  5. Баланы қатты еркелетіп, дегенінің барлығын орындап, назын көтере бермеңіз. Бала істеуге тиіс нәрсені сіз емес, өзі орындасын. Балалар жағдайлардың әрқашан өздері  қалағандай бола бермейтінін және қиындықтар  туындаған кезде күресе білуге тиіс екенін  түсінуге тиіс.

  6. Келісе алатын ата-ана болуға тырысыңыз. Балаға әр түрлі жағдайлар мен ситуацияларға икемделіп қарау керектігіне мысал болыңыз. Мінез құлықтың оралымды болуы дененің икемділігін жетілдіру арқылы орындалады . Бала белсенді, епті, шапшаң етіп тәрбиелеңіз.  Баланың арқасын қағу,  сипалау секілді дене контактісін пайдалану арқылы қырсығу пен тырысу кезінде қалыптасатын бұлшықеттердің қысылуына қарсы жақсы әрекеттерді көрсетіңіз.

Жылап, бүлік жасап тұрған ашулы баланы қалай тыныштандыруға болады?

  • Мұндай жағдайда көп сөздің қажет емес. Одан да баланың назарын жылдам және шешімді түрде басқа жаққа аударып, оны қызықты және қуанышты нәрсеге тарту керек.
  • Балаға тұрған жерінде бірден айтқанға мойынсұнып, анасының масқарасын шығару керек емес екенін  және анасының дегенін бір айтқаннан орындауға тиіс екенін айтып, дәлелдеудің қажеті жоқ. Балаға басқа қалыпқа ену үшін шамалы уақыт қажет болады.

  •  Сізге баланың мінез-құлқы ұнамай тұрған кезде оны ұялтпаңыз, ұрыспаңыз немесе жазаламаңыз, лақап (мазақ ат)  ат бермеңіз.

  • Балаңызбен оның сезімдері туралы сөйлесіп, ("Мен сенің ренжіп тұрғаныңды түсінемін, менде де бірдеңе дұрыс шықпай жатқанда осындай болғанмын" деген секілді сөздермен) оның көңілін аулаңыз.

  • Сіз онымен бірге ашудың суретін (мейлі ол шимай болсын) салып, содан кейін оны бірге жыртып немесе қыржымдап, тастай салыңыз. Басқа жаттығуларды "Ашуды басқару" мақаласынан оқып біліңіз (мақалаға сілтеме).

  • Сіз оған "ашу-ызаны шығару" үшін бірнеше (ашуды жұдырықпен қысып жаншу, жастықтармен күресу секілді) физикалық жаттығуларды ұсына аласыз. Мүмкін, балаңыздың өзі ашудан  босаудың қандай да бір әдісін ұсынар, тыңдап көріңіз.

  • Балаға құрметпен, мейіріммен және тілектестікпен қарай отырып, оны тәрбиелеген кезде мақсатыңыздан тайынбаңыз,  берік және табанды болыңыз. Балаңызға ("сен оны қазір немесе 5 минуттан кейін жасай аласың" деген секілді)шектеулі таңдау ұсыныңыз

  • Баланы "енді бұлай болмайды"деп уәде беруге мәжбүрлемеңіз. Өйткені,  сіз оны осылайша өтірік айтуға үйретесіз.

  • Баланың тек жағымды, жақсы қасиеттерін қалыптастырамын  деп жүріп, сіз еріксізден оның жанына жағымсыз әсердің жиналуына және жүйкесінің тозуына себепші боласыз.

Осылайша, сіз баланың негативті уайымды жинауға емес, оны басқаруға үйретесіз. Оған қоса, бала өзінің жаман емес екендігін, тек әрекетінің жаман екендігін түсініп айыратын болады, сөйтіп оның жеке басының бағасы төмендемейтін, және оның психикасына жойқын стресс алып келетін  кінә сезімі секілді жайттар азаптамайтын болады. Балаға үнемі оны ата-анасы жақсы көретінін, бағалайтынын және маңызды екендігін білу өте маңызды.