ЮНИСЕФ, Magnum нутрициолог Екатерина Исабаевамен бірге "Суперқаһармандар мәзірін" әзірлеп шығарды

Отбасының барлық мүшелері үшін пайдалы тағамдарды әзірлеу қолжетімді әрі қызық болуы мүмкін

ЮНИСЕФ
Қаһармандар мәзірі
UNICEF
01 Маусым 2023
baklajan
UNICEF

Қазақстанда бастауыш сыныптың әр бесінші оқушысы артық салмақ пен семіздікке шалдыққан, бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді1. 5 жасқа дейінгі балалар арасында анемияның таралуы 23% құрайды2. Мектеп оқушыларының үштен бірінен астамы күнде таңғы ас ішпейді, студенттердің шамамен 60% көкөніс пен жеміс жемейді.

 

pechen'ka
UNICEF

Балалар мен жасөспірімдердің 17%-і құрамында қант бар газдалған сусындарды күн сайын ішеді. Мұның бәрі болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіреді3

Салауатты өмір салты мен теңдестірілген тамақтану баланың иммундық жүйесін арттырып, жұқпалы емес аурулардың қаупін азайтады және келешекте балаларыңыздың тиімді әрекет етуіне жағдай жасайды. Оқудағы үлгерімі, физикалық белсенділігі бәрінің тамақтануға қатысы бар. Уақыт пен қаржылық ресурстардың тапшылығы ата-аналардың зиянды әрі тез дайындалатын тағамдарды таңдауына себеп болады.

Сондықтан, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), «Magnum Cash&Carry» ЖШС, Екатерина Исабаевамен бірге (Organic Katya негізін қалаушы және аспазшы) ата-аналар мен олардың балаларына арналған бірегей жобаны құру туралы шешім қабылдады. Бұл жоба мейірімді әрі ойын түрінде жаңа әдеттерді дамытуға көмектеседі, сондай-ақ отбасымен уақыт өткізуді жаңа эмоциялармен толықтыра түседі.

Жоба аясында «Суперқаһармандар мәзірі» рецепттер кітабы жарық көрді. Ол стереотиптерді бұзады және бүкіл отбасы үшін тамақ әзірлеуді қызықты етіп көрсетеді. Кітаптың әр бетіндегі қол жетімді өнімдерден, басқатырғыштардан және түрлі-түсті иллюстрациялардан тұратын тағамдарға арналған рецепттер осы кітапты отбасындағы таптырмас көмекші етіп көрсетеді. Ал Қазақ тағамтану академиясы болса, барлық рецепттерді бекіткен.

нан
UNICEF

Мектеп оқушыларын дұрыс тамақтандыру өте қызықты болуы мүмкін! Біздің кітап ата-аналарға дәмді және пайдалы тағамдар туралы идеяларды береді, балаларға арналған суперқаһармандық қасиеттерге бонустар қосады, және егер сіз осы кітап бойынша бүкіл отбасыңызбен тамақ дайындасаңыз, ол кез келген кешті гастрономиялық шытырманға толтырады! Сіз бәріңіз бірге білімпаздарға арналған омлетті қуыра аласыз, армандаушылар үшін салат әзірлеп бересіз, шығармашылық жаңалықтар үшін борщ пісіріп, фантастикалық иммунитетке арналған құймақты пісіре аласыз. Ал әрбір тағамнан алатын қуат-күшіңіз мектептегі, үйдегі үлкенді-кішілі жетістіктерге жетеді.

 

Рецепттер кітабын жүктеп алыңыз , сүйікті суперқаһармандарыңызға пайдалы тағамдар дайындаңыз.


1. Қазақстан Республикасында балалардың артық салмағын, тамақтануын және дене белсенділігін эпидемиологиялық қадағалау, 2020 жыл. Ұлттық есеп, ҚР ДСМ ҚДСҰО, 2022 Қазақстан Республикасында балалардың артық салмағын, тамақтануын және дене белсенділігін эпидемиологиялық қадағалау, 2020 жыл. Ұлттық есеп, ҚР ДСМ ҚДСҰО, 2022

2. https://www.who.int/data/gho/data/indicators/indicator-details/GHO/prevalence-of-anaemia-in-children-under-5-years-(-)

3. Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің денсаулығы мен әл-ауқатын қалыптастыратын факторлар", 2018 жыл, ұлттық есеп, ҚР ДСМ ҚДСҰО, 2019