"Суперқаһармандар мәзірі" рецептер кітабы
Оқушыларға арналған пайдалы және дәмді тағамдар

- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
Қысқаша ақпарат
Әрбір ата-ана пайдалы нәрсені жеуді айтпағанда, баланы жәй ғана тамақтануға көндіру кейде қалай қиын екенін біледі. Бірақ рациондағы теңгерімді бақылау қажет, өйткені бүкіл ағзаның жағдайы тамақтануға байланысты.
Құрметті ересек жандар, бұл кітапта сіздер мектеп оқушысын дәмді және тойымды тамақтандырып қана қоймай, дені сау ересек адамды өсіруге көмектесетін қарапайым рецептерді таба аласыз. Нәтижені бекіту үшін кішкентайыңызды өзіңізбен бірге тамақ дайындауға шақырыңыз.
Рецептер жас аспазға ас үйдегі қандай жұмысты қорықпай тапсыруға болатындығын көрсететін жеке қадамдарға бөлінген. Күрделі құнарлылық ұғымын біз әр балаға түсінікті болатын өлшем бірлігіне - суперқаһармандық таңғы астан, түскі астан немесе кешкі астан кейін энергия жеткілікті болатын күнделікті істерге айналдырдық.
Ал сендер, балалар, осы кітапта сүйкімді суперқаһармандар мен қызықты жұмбактарды кездестіресіңдер, олар сендерге пайдалы тағамдардың дәмді екенін және бүкіл отбасымен тамақ дайындаудың шынымен қызықты екенін көрсетеді!