Бала неге өтірік айтады?
Ата-аналарға арналған негізгі себептер мен кеңестер
- русский
- Қазақша
Әр ата-ананың өмірінде ерте ме, кеш пе, баласының өтірік айта бастайтын уақытына тап болатын кезі болады.
Балаларының өтірігі әшкереленген кезде кейбір ана-аналар "Ол мені қалай алдады? «Мен оған әрдайым сенетін едім ғой, мен оған тек жақсыны үйреттім. Ол болса менің сеніміме опасыздық жасады...",- деп ойлауы мүмкін. Бала өтірік айтқан кезде ата-аналардың көзіне сүйіспеншілік мен жақсы көрушіліктің орнына арам ниет пайда болғандай көрінеді.
Алайда, бала өтірігі 2 жаста да пайда болуы мүмкін, бірақ бұл саналы түрде жасалатын өтірік емес. Мысалы, 4 жасқа дейін бала мүлдем өтірік айтуды білмейді. Оларда алдау схемасын жасау үшін логикалық ойлау қабілеті дамымаған, олар затқа басқа адамның көзқарасымен қарай алмайды, онда жоқ нәрселерді ойлап табу үшін алдын болжау қабілеті жетпейді. Бірақ олар шынайы өмірді фантазиядан әзер ажыратады, қатты алаңдап, не істеп, не айтқандарын (кәмпиттерін қайды жоғалтқанын білмей) ұмытып қалады. Кейде сәбилер себептер мен салдарды шатастырады немесе бір-біріне қосылмайтын екі жағдайды немесе оқиғаны байланыстырады. Мысалы,ол ваза сынып қалуына байланысты кішкентай доп құлап түсті немесе басқа балалар онда бірдеңе болмауына байланысты осылай әрекет етті деп түсінуі мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі 4-5 жастағы балалар елестету арқылы болмаған нәрсені болғандай қылып айтып отырған кезде моралдық нормаларды бұзып, өтірік айтып отырғанын сезінбейді. Осы жаста олардың фантазияларды қарқынды түрде артып, оларға шын өмірде болғанды фантазиямен шатастыру түк тұрмайды.
Ересектер осыдан балалардың қиялын өтірік деп түсініп, жиі қорқады. Бірақ бұдан қорқатын ештеңе де жоқ, себебі бұл бір-біріне қатысы жоқ әр түрлі құбылыстар. Мысалы, бала қуыршақпен, мәшинелермен ойнап отырып, еріксіз түрде өзін ойын әлемінің ең күшті, ең батыл, аң ақылды кейіпкері ретінде қабылдайды және толыққанды жетілу үшін бұның барлығы дұрыс болып табылады. Себебі, қиялдау – бұл адамның жеке басының құндылықтарының бірі және оны бұзуға немесе басқа арнаға бағыттауға болмайды. Егер сіздің балаңыз қайтадан болмаған оқиғаны шабыттана айтып отырса, оны кінәлауға асықпаңыз, одан да сіз оған «Қызық оқиғаны шығарған екенсің, әуелі оны жазып алайық, содан кейін сурет салып, нағыз кітапты шығарайық» деп тілектестік білдіріңіз. Кейде балалар осындай оқиғаларға беріліп кететіні соншалық, өз фантазияларына өздері сеніп кетеді және басқа балаларға осындай қиялшыл балалармен қатысу қызықты болады. Тіпті осы қиялшыл балалар өз құрдастары ортасында шыншыл құрдастарына қарағанда әлдеқайда үлкен атаққа ие болады. Бұндай балалардың әдетте достары көп болады, олар ойынға, сурет салуға немесе басқа да бір нәрселерге әуес болып, ұрыс-керістерді тез ұмытады.
Балаңыздың қиялын тыңдау арқылы сіз оның қазіргі уақытта нені қажет етіп жүргенін оңай анықтай аласыз. Өйткені, бала армандайтын нәрсесін айтады. Баланың осы оқиғалары арқылы оның болмысын, мінезін, өмірді қабылдаушылығын біле аласыз, себебі, оның осы оқиғалары түпкі санасындағы тілектері мен армандарын көрсетеді. Қиялшылдығы мен сөйлеу қабілеттері жетілген сайын балалар зілі жоқ өтірігі арқылы қоршаған ортамен рөл ойнай бастайды. Балалар ересектерді алдай отырып, өтірігі ашылған кезде соған рахаттанып күліп алады. Солайша олар өздерінің "ересек болғанын" және тіпті бізден "асып кеткен жерлерінің" бар екенін (өйткені біз оның ертегісіне, алдауына, қиялына сендік қой) көрсетуге деген ұмтылыс білдіреді.
Алайда, осы кездері қиялдан басқа да өтіріктің – шын өтіріктің пайда болуы әбден хақ. Шамамен төрт жастан кейін бала не үшін жазаланып, не үшін мақталғанын, өзіне жағымды болған ситуацияны қалай қайталау керек екенін жақсы түсініп, бұрынғыдан да бетер дұрыс бағдар алатын болады. Солайша бала өзіне қолайлы болатын жолдарды іздеп, ең оңай жол – өтірік екенін түсінеді. Шамамен 7-8 жасында көптеген балалар қиялды шыннан ажырата алатын болады. Өтірік - моральдық категорияға айналады. Балалар өтірік айтудың ересектерге ұнамағанына байланысты емес, өтірікшіге сенуге болмайтындығына, олармен ешкім достасқысы келмейтіндігіне байланысты жаман болатынын түсіне бастайды. Дегенмен, оларды осыған қарамастан өтірікке итермелеп отыратын себептер болып жатады.
Жүйелі түрде өтірік айту баланың өміріндегі қандай да бір жағымсыз сәттерінің белгісі болып табылады және бұл баланың моральдік емес, психологиялық проблемаларының дәлелі.
Баланың өтірік айтуларының негізгі себептері:
- Кез-келген жаста өтірік айтудың негізгі себептерінің бірі – қорқыныш болып табылады. Бала жаза алудан қорыққанынан өтірік айтады. Дегенмен балаларға жазалау шаралары қолданбайтыныңызды білдірсеңіз, олардың өздері теріс қылықтары туралы ашық айтып беруі мүмкін. Егер одан «Бұны сен істедің бе?» деп қорқыта сұраған кезіңізде ол үнсіз қалса, демек бұған дейін жазаның болғаны. Осылай үндемеу қалу – баланың өміріндегі бірінші өтіріктің белгісі. Бала өзін ақтап алу үшін қандай да бір оқиғаларды ойлап таба алмағанмен, үндемей қалады немесе жылайды, болмаса анық нәрсені жоққа шығарады. Баланың осындай мінез-құлқы ата-аналардың аса қатал болуына немесе ата-аналарының мінез-құлқының жүйелі болмауына байланысты болуы мүмкін. Бала ата-аналдардың күткендерін ақтай алмаған кезде және ата-аналар баласын бардай қабылдай алмаған кезде ол өзін сақтау үшін өтірік айтуға мәжбүр болуы мүмкін. Бұндай өтірік баланың сізден қорқып, шындығын айта алмауына байланысты сіз бен баланың арасындағы сенімнің жойылуына алып келуі мүмкін.
- Бала өтірігі көптеген тыйым салулардың салдары болуы мүмкін. Егер ересектер әрдайым «болмайды» дей берсе, ол топан тыйым салулар мен қызықтырғыш нәрселерді бастан әрең кешіріп, қулыққа барады. Солайша болмашы өтірік басқа жолмен қолжеткізу мүмкін болмаған немесе жолы белгісіз болып тұрған арманды орындаудың белгілі бір құралына айналады.
- Өтірік атудың тағы бір маңызды себебі - сүйіспеншілік пен мақтауға жету болуы мүмкін. Бала жоқ жетістіктерімен мақтанып, ата-анасының мақтауын алу үшін бар жетістіктерді әсірелеп айтуы мүмкін. Әдетте бұндай балалардың ата-аналары баладан көп нәрсені талап ететін болады.
- Өтірік өзін-өзі танытқысы келгеннен, басқа ересек адамдардың немесе балалардың алдында керемет болып көрінгісі келгеннен туындауы мүмкін. Құрдастарының жетістіктеріне жауап ретінде ол өзінің ойынан қиялдап шығарған ерліктері мен ата-аналарының байлығын (төмендетілген өз бағасының белгілері болуы мүмкін) әңгіме етіп айтып беру мүмкін. Зерттеу қолайсыз отбасыда туған балалар жиі өтірік айтатынын және оларға жақсы оқитын құрдастарымен, ойыншықтардың болуымен, қызық уақыт өткізулермен жарысу қиын болғандықтан мәртебесін өтірік арқылы көтеретінін көрсеткен.
- Намысқа тиюшілік те өтірік айтуға қозғау болуы мүмкін. Мысалы, бала өзін ренжіткендерге физикалық түрде жауап бере алмаса, өзі батыр болып көрінген оқиғаларын ойдан шығарып айта бастайды. Бұндай оқиғалар психотерапевтік әсерге ие болып, балаға шынайылықты жеңуге көмектеседі.
- Баланың өтірікті жиі айтуының себептері ересектердің сыпайы, мейірімді, зиялы адамды тәрбиелегісі келетін ыстық ниетіне байланысты болуы мүмкін. Ата-аналар балаларына тек жақсы ниетте өздерінің эмоцияларын бүгіп қалуды үйретіп, өздерінің жағымсыз сезімдері туралы айтуға рұқсат бермейді. Мысалы, бала ағасын жақсы көрмейтінін айтса, олар «Олай айтуға болмайды!» деген жауапты қысқа қайырады.
- Бала өтірігінің тағы бір себебі,сөздің әрекетке сәйкес келмейтіні, ал уәденің тез ұмыттылатыны мысал болуы мүмкін. Баланы ешқашан алдамаңыз. Өзінің алданғанын білген бала ата-ана беделіне сенбей қалады және ол алданған күннен бастап ол өзіне ересектермен солай ұстауға (сезініп, сезінбегеніне қарамастан) рұқсат береді. Еліктеу - баланы үйретудің ең маңызды тәсілдердің бірі екенін және ата-аналар- еліктеуге басты үлгі болатынын есте сақтаңыз.
- Балалар досын қорғау немесе ренжітіп алмау үшін «құтқару үшін өтірік айту» деп аталатын өтірікті айтуы мүмкін.
- Сондай-ақ, бала ерегіскенде өтірік айтуы мүмкін. Балалар өтірік айту ересектерді ашуландыратынын біле отырып, жазаланатын болса да, ата-аналарын ренжіту мақсатында әдейі өтірік айтуы мүмкін.
Бала өтірік айтып жатса ата-аналар өзін қалай ұстау керек?
Егер сіз кенеттен баланың сізге өтірік айтып тұрғанын байқасаңыз, балаға бірден айқайлап, ұрысуға, баладан қағып тұрып, шындықты шығарып алуға тырыспаңыз. Бала өтірік айтқан кезде оған көрсетілген агрессивті реакция тек шындықты айтуға деген тілегін түсіріп, жазадан аман қалу үшін ақпаратты одан әрі жасыруға немесе бұрмалауға апарады. Міне, осындай сәттерде келесі аталғандарды жасай аласыз:
- Сіз оның сөзіне сенген адамның кейпін жасамаңыз, сізге оның сөздерді күдік тудыртып отырғанын айтыңыз. Бұндай кезде оған дауыс көтермей, ақырын сөйлеңіз. Балаңыз шындықты айтқаннна кейін қалай жеңілдеп қалғаныңыз туралы айтып беріңіз. Бала ренжіп тұрғаныңызды сізден естіп, шынымен көңіліңіздің қалып тұрғанын көруге тиіс. Ата-аналардың өтірікке деген қатынасы айқын және анық болуға тиіс. Бір жағынан мойындауды талап етіп, «қылмыскерді» соттайтындай әрекет жасамау қажет, ал екінші жағынан орын алған құбылысты өз атымен атау қажет.
- Қалай болғанда да, бала ата-аналарға өтірік айтудың қажеті жоқ екенін түсінуі керек. Балаңыздың сізбен ашық сөйлесуге не кедергі болып отырғаны және оның белгілі бір фактілерді неге жасырғысы келетіні туралы сөйлесіп көріңіз. Балаңызға өтірік айту қажет болмайтын жақын адам екеніңізді көрсетуге тырысыңыз.
- Балаларыңызға қандай жағдай болмасын, қандай жаңсақтықтар жасалмасын оларды қатты жақсы көретініңізді және әр адамның үлкен, кішкентай қателіктерді жасайтынын және бұнда тұрған ештеңе жоқ екенін жиі көрсетіңіз.
- Егер сіз баланың ашық және адал болуын қаласаңыз,сіз одан жағымды ғана нәрсені емес, кейде ащы шындықты естуге дайын болуыңыз.
Әрқашан сөзіңізде тұрыңыз. Егер сіз қандай да бір уәдені орындай алмасаңыз, балаңызға оны неге орындай алмай жатқандығыңызды түсіндіріп, кешірім сұраңыз.