Балаларды интернетте қорғау
Әрбір бала интернетте зорлық-зомбылықтан, пайдаланудан және мазақтаудан қорғалуы тиіс

Қазір балалар бұрын-соңды болмағандай ұзақ уақыт интернетте өткізеді.Сонымен бірге олар желіні ерте пайдалана бастайды. Жалпыәлемдік ауқымда әрбір жарты секунд сайын қандай да бір бала алғаш рет интернетке кіреді.
Балалар өздерінің ер жету процесінде интернетті пайдаланатыны олар үшін шексіз мүмкіндіктер ашады. Компьютерлер, смартфон, ойын қосымшалары мен теледидар көмегімен балалар оқиды, қиялдайды және өздерінің қарым-қатынас ортасын кеңейтеді. Дұрыс қолданған жағдайда және барша үшін қолжетімділік жағдайында интернет көкжиектерді кеңейтіп, бүкіл әлем бойынша шығармашылыққа ынталандырады.
Алайда бұл мүмкіндіктермен бірге маңызды тәуекелдер де пайда болады. Жас адамдар әлеуметтік желілерге немесе жедел хабарлама алмасу платформаларына кірген сайын интернетте қудалаудан және құрдастары тарапынан басқа да зорлық-зомбылық нысандарынан зардап шегуі мүмкін. Интернетте сілтеме бойынша өткен кезде балалар өшпенділікпен айтылған сөздерге және зорлық-зомбылық сипаттағы материалдарға, соның ішінде дене мүшесін жарақаттауға және тіпті өзін-өзі өлтіруге итермелейтін хабарламаларға кезігуі мүмкін.
Бұдан басқа, балалар технологиялық компаниялар олардың жеке өміріне қол сұқпаушылықты бұзып, маркетингтік мақсаттарда жеке деректер жинаған кезде тәуекелге ұшырауы мүмкін. Қолданбаларда балаларға маркетингтің бағытталуы, сонымен қатар осы себепті экран алдында шектен тыс уақыт өткізу баланың денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін.
30 елдегі жастардың үштен бірден аса бөлігі интернетте қудалауға ұшырағанын хабарлайды және де олардың әрбір бесіншісі осы себепті мектепке бармай қалады.
Интернетте сексуалды пайдалану және мазақтау қаупі ең көп үрей тудырады. Балаларға қатысты сексуалды қылмыс жасайтын қылмыскерлер өздерінің ықтималды құрбандарымен байланыс орнатуына, суреттер таратуына және басқаларды қылмыс жасауға тартуына осынша оңай ешқашан болып көрген емес. Балалар сексуалды зорлық-зомбылық кескінделген материалдарды дайындау, тарату және пайдалану барысында құрбанға айналуы мүмкін немесе қаскөйлер олармен жеке кездесуге немесе оларды ашық сипаттағы материалдар дайындауға қатысуға көндіруге ұмтылып, оларды сексуалды пайдалануға дайындауы мүмкін.
Цифрлық әлемде кез келген жерде тұрған кез келген адам сексуалды пайдаланумен байланысты материалдарды жасай және сақтай алады. Балаларға қатысты сексуалды қылмыс жасайтын қылмыскерлер балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсетілген материалдарды алыстағы адамдардың талап етуі бойынша беріп, сексуалды зорлық-зомбылық көріністерін тіпті тікелей эфирде өз үйлерінен трансляциялай алады.
25 елдегі 80%-ға жуық бала интернетте сексуалды зорлық-зомбылыққа немесе пайдалануға ұшырау қаупін сезінетінін айтты.
Цифрлық платформалардың барған сайын көп санын меңгере отырып, балалар ашық сексуалды сипаттағы материалдарды өздері де жасай алады. Бұл олардың тиісті жастағы таныстарына арналған болуы мүмкін болса да, ақырында олар өздерінің келісімінсіз кеңінен таратылған болып шығуы мүмкін. Кейде сенім білдірілгенін пайдаланып, ересек адамдар балалардан суреттерімен бөлісуді сұрайды. Құрбан болған балаға қатысты, бұл жағдай оны әлеуметтік оқшаулануға, психикалық денсаулық проблемаларына, психикалық белсенді заттарды пайдалануға, дене мүшесін жарақаттауға немесе өзін-өзі өлтіруге, сонымен қатар ересек жасқа жеткенде олардың өздері қатігез болуы ықтималдылығының артуына әкелуі мүмкін.
Интернетте орын алып жатқан оқиғалар балалар күнделікті: үйде, мектепте және кеңірек қарым-қатынас ортасында кезігетін шын жағдайлардың көрінісі болып табылады.
Интернеттегі қауіпсіздікті арттыру стратегиялары зорлық-зомбылық, пайдалану және мазақтау, сол сияқты жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу туындауы тәуекелдерін жоя отырып, осымен бір мезгілде цифрлық технологиялардың білім беру мен денсаулық сақтау салаларында беретін игіліктердің қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
ЮНИСЕФ интернетті балалардың оқуы, қарым-қатынас жасауы және өзін танытуы үшін қауіпсіз орын ету бойынша жұмыс атқаруда. Біз қажетті құқықтық ережелер енгізуге шақырып, үкіметтермен және өз платформаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиісті шаралар қолдануын ынталандыра отырып, технологиялық компаниялармен жұмыс істейміз. Бұдан басқа, біз білім беру министрліктеріне балаларды цифрлық сауаттылыққа және интернетте қауіпсіз жұмыс істеу машықтарына үйрету бойынша қолдау көрсетеміз.
Біз іске асырған Global Kids Online және Disrupting Harm жобаларының шеңберінде біз балалардың цифрлық құқықтары, олардың мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы деректерді цифрлық технологияларды пайдалану балалардың өміріне қалай әсер ететінін және оларға зиян келтіру тәуекелін ол қашан арттыратынын түсіну үшін жинаймыз.
ЮНИСЕФ интернетте балаларды сексуалды пайдаланумен қалай күреседі?
ЮНИСЕФ интернетте балаларды сексуалды пайдаланудың алдын алады және бұған қатысты елдік, сол сияқты жаһандық деңгейде де жауап шараларын қабылдайды. Біз интернетте балаларды сексуалды пайдаланумен күрес бойынша ұлттық деңгейде қабылданатын үйлестірілген шараларға 20-дан аса елде қолдау көрсетеміз (WePROTECT жаһандық альянсы моделін пайдаланып) және жергілікті ден қою қызметтерінің құрбандарға қызметтер көрсету бойынша әлеуетін нығайтамыз. Біз ғылыми негізделген алдын алу бағдарламаларын қаржыландыруға инвестициялар бағытталуына және хабардарлықты арттыруға жәрдемдесіп, үкіметтермен тығыз жұмыс істейміз. Бұдан басқа, біз салалық стандарттарды қамтамасыз етіп және балаларға сексуалды зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты материалдарды таратуды тоқтатуды көздейтін озық құралдар әзірлеп, балаларға арналған цифрлық өнімдердің қауіпсіздігін арттыру мақсаттарында технологиялық компаниялармен ынтымақтасып жұмыс істейміз.