Ата-аналар өз баласына COVID-19 кезінде жоғалтуларды бастан өткізуге қалай көмектесе алады
Коронавирус пандемиясы кезінде балаларға жоғалтулар мен күйзелістерді жеңуге қалай көмектесуге болатыны туралы психологтың кеңестері.
- русский
- Қазақша
Короновирус - бүкіл әлемдегі адамдар әдеттегі өмір салтынан айырылған жаңа тарихтың теңдессіз оқиғасы. Біреуге COVID-19 салдарынан қаза тапқан сүйікті адамын жоқтауға тура келді. Жоғалтулар, қайғы-қасірет, ауыр қазалар, әсіресе өмірінде алғаш рет осындай жағдайларға тап болған балалар осының бәрін ауыр уайымдайды.
Біз психолог-маман, бестселлерлер авторы, "Нью-Йорк таймс" газетінің колумнисті және екі баланың анасы доктор Лиза Дэймурмен осы қиын уақытта өз балаңызға үлкен және кішкентай жоғалтуларды жеңуге қалай көмектесуге болатының білу үшін әңгімелескен едік.
Жоғалту мен қайғы немен ерекшеленеді?
"Жоғалту және қайғы - бұл ересектер мен балаларды бір мезгілде ренжітіп, жиі өте қайғылы сезінетін қатты психологиялық уайымдаулар", - дейді доктор Дэймур. - Біз "жоғалту" терминін пандемияға дейін болған тәртіп пен күнделікті үйреншікті әдет сияқты қайтаруға болатын жоғалған заттарға қатысты пайдалана аламыз.
"Қайғы" термині, өз кезегінде, сүйікті адам қайтыс болған жағдай сияқты, тұрақты нәрсеге қолданылады. Мұндай жағдайда психологиялық жұмыс өзгеше болады, өйткені жақын адамның қайтыс болу фактісін қабылдау қажеттілігінен басқа, ол ешқашан қайтып оралмайтындығы туралы ойға көну үшін үлкен жұмыс істеуге тура келеді".
Балалар ересектерден гөрі жоғалту мен қайғыны қалай бастан кешеді?
Доктор Дэймурдың айтуынша, бұл жерде көп нәрсе сіздің балаңыздың жасына байланысты. "Өте кішкентай балаларды жоғалту да, қайғы да шатастыруы мүмкін. 5 жасқа дейінгі балаларға олар неге мектепке дейінгі мекемеге бармайтының және олардың ата-аналары не себепті үйде қалатының түсіну қиын болуы мүмкін. Жақын адам қайтыс болған жағдайда балалар өлімнің не екенін немесе бұл жоғалтудың қайтымсыз екенін ұғына алмайды. Біз кішкентай балалар өз өміріндегі драмалық өзгерістерді бастан өткеріп қана қоймай, осы өзгерістердің неге болғанын және олардың себебі қандай екенін жиі түсінбейтінің ұғынуымыз керек".
6 жастан 11 жасқа дейінгі балалармен жағдай басқаша. "Олар жиі түсініктеме алғысы келеді. Олар өздері душар болған қатты толғаныстардың немесе жақын адамының өлім себебін түсінуге дайын. Кейде біз олардың сұрақтарына жауап бере аламыз, кей кезде не айтарымызды білмейміз және бұл балалар үшін қиын болуы мүмкін".
"Жасөспірімдерге мұндай оқиғаларды бастан өткеру қиын, себебі олар жасына байланысты болып жатқанға әлдеқайда эмоционалды түрде қарайды. Кейде олар бастан кешкен қайғының терең сезімін немесе отбасы мүшесінің өлімін ұмытқан немесе ойламаған кезеңдердің қалыпты және күтілетін екендігіне сендіруге тура келеді, себебі жасөспірімдер болып жатқан жағдайға дұрыс жауап қатпайтынын ойлай отырып, уайымдауы мүмкін".
Балама осы эмоцияларды жеңуге қалай көмектесе аламын?
Барлық жастағы балалармен кішіпейіл және адал болыңыз, бірақ әсіресе кішкентай балаларға сезімтал болыңыз. "5 жасқа дейінгі балалар эвфемизмдер жоқ өте нақты, өте қарапайым түсініктемелерді қажет етеді. Біз балаларға біреуді "жоғалтып алдық" деп айта алмаймыз, себебі олар оны түсінбейді. Егер ересектер жылы шыраймен және мейірімділікпен: "Менде өте қайғылы жаңалықтар бар. Сенің атан қайтыс болды. Бұл дегеніміз, оның денесі жұмысын тоқтатты және біз оны көрмейміз" деп айтса дұрыс болар еді. Ата-аналарға мұндай ашық тілдесу қиын болуы мүмкін, бірақ адал және ашық болу маңызды. Біреудің өліміне мойынсұну өте қиын, және сіз өзіңіз шын мәнінде не болғанын соңына дейін түсінбегенде одан әрі қиын түседі".
Мен ата-анамнан айырылып, өзім аза тұтудамын. Баламды қалай қолдай аламын?
"Балалар ересектердің қайғы - қасіретін көргенде жаман ештеңе жоқ", - деп түсіндіреді доктор Дэймур. - Жақын адамымыздың қайтыс болуына байланысты қайғы сезімін бастан өткеру, бұл нақты жағдайға дұрыс реакция Балаларға тіпті ең ауыр эмоцияларды қалай жеңуге болатынын көрсету маңызды".
Егер сіз қайғыға душар болсаңыз, баланы қорқытып алмау өте маңызды. "Сіз балалардың көзінше қайғыңызды бастан кешіргенде өзіңізді жайлы сезінуіңіз керек. Алайда, егер сіздің эмоцияларыңыз бақылаудан шығып бара жатқанын түсінсеңіз, қайғы-қасіретті балалардан аулақ жеңуге тырысыңыз немесе сіздің эмоцияларыңыз қорқытпай, балаларға теріс әсер етпеуі үшін осындай жағдайда қажетті көмекке жүгініңіз".
Менің балам жақын адамның қайтыс болғанына қайғырғанда маған не күтуге болады?
Доктор Дэймурдың айтуынша, "...6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жақын адамынан айырылып қалудан есеңгіреу немесе сенбеу кезеңдерін жиі бастан кешіреді. Кейде тіпті бұл жағдайдың болғанын ұмытуға тырысады, бұл қалыпты жағдай және сау қорғаныш реакциясы болып табылады, сыздау келтіретін жаңалықтардан психикаға демалуға мүмкіндік береді. Мұндай кезеңдер бір-бірін алмастырады және одан кейін күшті сезімдерді таныту кезеңі орын алуы мүмкін. Жастар жақын адамның қайтыс болғаны туралы ойға көнуге тырысқанымен, олар жақындары тарапынан барынша қамқорлық пен шыдамдылықты қажет етеді және оларға лайық".
"Кіші жастағы балалар кейде регрессивті реакцияны танытуы мүмкін, қыңыр болуы немесе дамуындағы кейбір бұзылуларды сезінуі мүмкін [мысалы ұйқы режимімен қиыншылықтар немесе физиологиялық уланулар сияқты]. Олар өз өмірінің маңызды бөлігі болған біреудің өлімін түсінуге тырысады, сонымен бірге осы өлімнің нәтижесінде олардың отбасында болған көптеген өзгерістерге тап болады. Тұрақты жағдайды сақтап қалу үшін неғұрлым көп күш салсақ, біз балаларға орын алған жағдайды түсіну және онымен татуластыру үшін қажетті "жұмыс" жасауға соғұрлым тиімді көмектесеміз.
Менің баламда депрессия болуы мүмкін деп қорқамын. Неге назар аудару керек?
"Жоғалту және қайғы-қасірет өте ауыр тәжірибе", - деп түсіндіреді доктор Дэймур. - Бала қашан ауыртпалықты көтеретінің ал қашан дабыл қағу керек екенін білу маңызды. Егер барлық жас топтарының балалары, сондай-ақ ересектер көптеген күнге созылған эмоционалды жатсыну, психотроптық заттарға салыну, ұқыпсыз түр немесе олармен бірге өмір сүру мүмкін еместігі сияқты проблеманы шешудің теріс тетіктерін қолдана отырып, ауыр сезімдерді жеңуге тырысатын болса, алаңдау керек."
"Депрессияға қатысты алаңдаушылық туралы айтатын болсақ. Ата-аналар баланың көңіл-күйіне назар аударуы керек: ол бірнеше күн бойы ренжіген немесе өте ашулы ма? Тіпті ауыр жоғалту жағдайында да, біз қайғының сезімі уақыттың бір кезеңінде қатты сезініп, екіншісінде бәсендеуі мүмкін деп күтеміз. Біз баланың немесе жасөспірімнің мүмкін болу депрессиясы туралы ол үнемі күйзелген немесе ашуланған болса алаңдаймыз. Егер балада депрессия сезілсе, ата-аналар кеңес алу үшін педиатр, отбасы дәрігеріне немесе психотерапевтке міндетті түрде хабарласуы керек. Жақын адамымыздан айырылған кезде қайғы сезімін бастан өткеру ұзаққа созылуы мүмкін екенін түсінген маңызды".
Маңызды іс-шаралардың кейінге қалдырылуы менің балама әсер етуде. Оның көңілін қалай жұбата аламын?
"Коронавирус олардың әдеттегі өмірін бұзғандықтан, балалар ренжуге толықтай құқылы", - дейді доктор Дэймур. Мұндай жоғалтулар бізден гөрі, балалар үшін маңызды мәнге ие, өйткені бұл кезең ұзақтығы бойынша пайыздық қатынаста олардың өмірінде айтарлықтай болып табылады, ал біз болсақ жағдайды өзіміздің ұзақ өмір тәжірибеміздің тұрғысынан бағалаймыз. "Біз, ересектер, оларға көмектесіп, аяушылық таныта аламыз, себебі, кейінге қалдыруға тура келгендердің көбі, өмірде бір рет болып жатқан оқиғаларға жатады. Егер бізге, ересектерге бұл күрделі мәселе болып көрінбесе де, бұл іс-шараларды айлармен, тіпті жылдармен күткен балалар үшін, бұл елеулі шығындар. Жанашырлыққа қосымша және тек қана жанашырлық көрсете отырып, біз оларға жағдайды қабылдау бағытында қозғалуға көмектесе аламыз".
Менің балама қазір неге үйде отыратынымызды түсіну қиын. Оны қалай түсіндіре аламын?
Доктор Дэймур кішкентай балаларға бағдар беруді ұсынады. "Саған суық тигенде мектепте басқа адамдарды ауыртпау үшін біз сені үйде қалдыратынымызды білесің ғой? Қазір ұқсас жағдай, бірақ бұл вирус суық тиюден әлдеқайда қауіпті. Сондықтан біз осы вирусты жұқтырмау үшін үйде қаламыз, ал науқас адамдар басқа адамдарға жұқтырмау үшін үйде қалады" деп айта аласыз.
Барлық жастағы балалар үшін өз достарын сағыну қиын, және егер жасөспірімдер достарымен неге қарым-қатынас жасай алмайтынын түсінсе, кіші жастағы балаларға оны түсіну әлдеқайда қиын. Доктор Дэймур мәселенің ішінара шешімін ұсынуда. "Ата-ана: "Сен өзінің құрбынмен кездескің келетінін білемін. Бірақ бұған дейін, мүмкін сен оған хат жазып оның пошта жәшігіне тастармыз?" деп айтуларына болады
"Жаңа бірқалыптылық" сөз тіркесі дөп табылған, өйткені бұл мүмкін емес болғандықтан, бізде болғанды тыңнан жасауға тырыспайтынымызды еске салады. Қазір бізге шығармашылық көзқарасты байқату қажет, болжамдық сезімін тудыратын өмір салтын қалыптастыруымыз керек. Онда көңіл көтеру үшін де орын табылады, ал балаларға даму және білім алу үшін мүмкіндіктер бере отырып, олардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамытуға баса назар аударылатын болады және мұның бәрі бізге COVID-19 салған шектеулер шеңберінде".