SAU BOL: Қазақстандық балалардың денсаулығын жануарлардан жұғатын инфекция ошақтарынан қорғау

Қазақстанда «Бірыңғай саулық» тұжырымдамасы туралы отбасылардың хабардарлығын арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар

саубол шапка
ЮНИСЕФ

Әлемде тіркелген жаңа жұқпалы аурулардың 60%-ға жуығы жабайы және үй жануарларынан тарайды. Ал Қазақстанның кең-байтақ территориясы кең ауқымды климаттық және биоалуан  жағдайларға ие, сондықтан эндемиялық (бірегей, жергілікті) инфекциялардың таралу қаупі бар. Одан тұрғындар ерекше сақтануы керек.

«‎Sau Bol» ақпараттық-ағартушылық науқаны Қазақстан ЮНИСЕФ қорының, АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен (ҚДҰО) бірлесе отырып әзірленді. Ол еліміздің әрбір тұрғынына зооноздық инфекциялар және олардың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпаратты жеткізуге бағытталған.

«‎Sau Bol» науқаны сонымен қатар БҰҰ-ның ТДМ 3 (денсаулық пен әл-ауқат), ТДМ 13 (климаттың өзгеруі) және ТДМ 15 (жердегі экожүйелер) секілді Тұрақты даму мақсаттарын қолдайды, адамдар мен табиғатты қорғауда «Бірыңғай саулық» тәсілінің маңыздылығына баса мән береді.

Зооноздық инфекциялар – жануарлардан адамға тікелей жанасу, шағу, қауып алу, су мен тағам және жәндіктердің шағуы арқылы берілетін аурулар. Біздің ортақ мақсатымыз: қазақстандық ата-аналарға зооноздық инфекциялардың туындау себептері мен оның алдын алу жөнінде, сондай-ақ адам денсаулығына төнетін басқа да жаһандық қауіптер жөнінде көбірек ақпарат алуға көмектесу. 

«Бірыңғай саулық» – бұл адам, жануарлар және экожүйе саулығының оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге және осы үш компонент арасындағы тұрақты тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тәсіл. Осы бағыттар арасындағы өзара тәуелділікке негізделген бұл тәсіл ауруларды бақылау мен күрес әдістерін әзірлеу үшін қолданылады.  

SAU BOL: БІЗ НЕ ЖАЙЛЫ АЙТАМЫЗ

 

  1. Адамдардың денсаулығы мен жануарлардың денсаулығымен және қоршаған орта жағдайымен байланысы.

Адам денсаулығы - «Бірыңғай саулық» деп аталатын ұзақ тізбектің бір бөлігі ғана. Күн сайын біз жануарлармен тікелей немесе жануарлардан алынатын өнімдер: ет, сүт өнімдері, жұмыртқа және т.б. арқылы қарым-қатынас жасаймыз. Бұл инфографикадан күнделікті өмірде көзге көрінбейтін қандай қауіптерге тап болатынымыздыжәне олармен қалай күресуге болатынын біле аласыз. 

инфоказ1

2. Климаттың өзгеруі инфекция таралуына қалай әсер етеді

Климаттың өзгеруі адамдардың, жануарлардың және экожүйелердің саулығына әсер ететін тағы бір маңызды фактор болып табылады. Жыл сайын климаттық жағдайларды болжау мүмкін болмай барады, бұл масалар мен кенелер сияқты ауру тасымалдаушылардың мекендеу ортасының өзгеруіне ықпал етеді. Мынаинфографикадан климаттың өзгеруі жұқпалы аурулардың өршу қаупін қалай арттыратынын және осы қауіптерді азайту үшін қандай қадамдар жасауға болатынын біле аласыз.

инфоказә

3. Антибиотиктерді дұрыс және орнымен пайдалану жолдары

Антибиотиктерді қолдану көптеген бактериялық инфекцияларды емдеуде қажетті шара болып табылады, бірақ оларды ретсіз және шамадан тыс қолдану антибиотикке төзімділікті өршітеді. Яғни бактериялардың антибиотиктердің әсеріне ұшыраған кезде де өмір сүру және көбею қабілеті артып, көптеген ауруларды емдеу қиындайды. Мына инфографикадан бактериялардың төзімділік қаупін болдырмау үшін антибиотиктерді қалай қауіпсіз пайдалану керектігін және балалар мен ересектердің денсаулығын сақтау үшін қандай қарапайым қадамдар жасауға болатынын біле аласыз.

инфоказі
постерказ"

4. Үй жануарларын отбасыңыздың денсаулығына қауіп төндірмей ұстау жолдары

Үй жануарларын ұстау әрі қуаныш, әрі зор жауапкершілік. Олардан өзіңізге және балаларыңызға берілуі мүмкін аурулармен байланысты қауіптерді білгеніңіз абзал. Тиісті күтім, уақтылы вакцинация және тазалық сақтау бұл қауіптерді азайтуға көмектеседі. Мына инфографикадан үй жануарларын қауіпсіз ұстау жолдарын, қандай сақтық шараларын қолдану керектігін және үй жануарларымен уақыт өткізуден ләззат ала отырып, отбасыңыздың саулығын қалай қамтамасыз етуге болатынын біле аласыз.

инфографикағ
постерә

5. Мал шаруашылығын адам үшін қалай қауіпсіз қылуға болады  

Мал шаруашылығы адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде басты рөл атқарады, бірақ оның да адам денсаулығына инфекция тарату секілді қатері бар.  Бұл қауіптерді азайту үшін гигиенаны сақтау және жануарлардың денсаулығын қадағалау қажет. Мына инфографикадан мал шаруашылығын фермерлер мен тұтынушылар үшін қалай қауіпсіз етуге болатынын, өндіріс пен жеткізудің барлық кезеңдерінде төрт түлікті дұрыс баптау жолдарын біле аласыз.  

инфографика ,

«БІРЫҢҒАЙ САУЛЫҚ» ҚАҒИДАТТАРЫНА СӘЙКЕС ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕС

  1. Өңіріңізде қандай зооноздық аурулар кездесетінін және бұл аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігін анықтаңыз. Егер ауру жұқтыру ықтималдығын байқасаңыз дереу дәрігерге қаралыңыз.   
  2. Үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы жануарлары айналасындағы санитарлық сақтық шараларын сақтаңыз. Жабайы жануарлармен кез келген байланыстан аулақ болыңыз.
  3. Мал өнімдерін тек осы өнімдердің қауіпсіздік сертификаттары бар дүкендер мен базарлардан сатып алыңыз. Көтерме сауда да тек сенімді өндірушілерден жасалуы керек.
  4. Саяхатта және табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Таңдалған жерлердегі ауру таралу қаупі туралы ақпаратты зерттеңіз, қажет болған жағдайда вакцина алыңыз, жәндіктерге қарсы құралдарды қолданыңыз.
  5. Антибиотиктерді өзіңіз немесе балаларыңыз қабылдағанда жауапкершілікпен қараңыз. Оларды тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдаңыз және ешқашан суық тию немесе тұмау сияқты вирустық инфекцияларды емдеуде  қолданбаңыз.  
  6. Ауру таралу кезінде денсаулық сақтау жүйесіне «көрінетін» болыңыз. Отбасыңызды емханаға тіркеңіз, ұлттық күнтізбе бойынша және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша уақытылы вакцина алыңыз.  
постер шесть
постер семь
постер семь

SAU BOL: СІЗДІҢ ДЕ, БАЛАҢЫЗДЫҢ ДА ДЕНІ САУ БОЛСЫН!

Осы Плакаттарды достарыңызбен, таныстарыңызбен бөлісіп, оларды білім беру және медициналық мекемелер үшін басып шығаруды немесе әлеуметтік желілерде бөлісуді ұсына отырып, өзіңізді қорғаңыз. Біз бірге балалар мен ересектерді денсаулықты сақтауға қажетті дағдылар мен білімдермен қамтамасыз ете аламыз.

Әлеуметтік постерлерді жүктеп алу

Ақпараттық плакаттарды жүктеп алу