ЮНИСЕФ-тің бала тәрбиесі жайлы ата-аналарға арналған мастер-классы
Пиа және Гровер балаларды дұрыс тәрбиелеу туралы
- русский
- Қазақша
ЮНИСЕФ-тің бала тәрбиесі жайлы шағын мастер-классы
Төменде біз осы бейнедегі дауыстардың мәтіндерін (транскрипттерін) ұсынамыз:
ПИА: Сәлеметсіздер ме, мен ЮНИСЕФ-тің докторы Пиа Ребелло Бриттомын, біз балаларды дамытуға көмектесеміз.
ГРОВЕР: Ал бұл мен, сенің сүйкімді де, мейірімді досың Гровер!
ПИА: Баланың ақылды, мықты және мейрімді болып өсуі үшін не істеу керек екендігі жайлы түсіндіруіме Гровер маған көмектеседі… себебі олар Сезам Көшесінде күнде дәл осыны жасайды.
ГРОВЕР: Мен мына кішкентай көшет жайлы сөйлесеміз деп ойладым!
Гровер құмырадағы кішкентай көшетті көтереді.
Ой! Қараңызшы, ол қандай сүйкімді! Ия, сен сүйкімдісің!
ПИА: Оның түрі әдемі, Гровер. Сен оған жақсы күтім жасайтын боларсың.
ГРОВЕР: Ия, әлбетте.
ПИА: Алайда біз бастамас бұрын, менің саған қоятын маңызды сұрағым бар.
ГРОВЕР: Қандай?
ПИА: Сен әр адам үшін сәби шағынан бастап, ер жеткенге дейін қай кезең ең маңызды екенін білесің бе?
ГРОВЕР: Доктор Пиа, әрине, өмірдің қай кезеңі маңызды екенін мен …
ПИА: Мхм?
ГРОВЕР: ... білемін...
ПИА: Мхм?
ГРОВЕР: ... ол...
ПИА: Мен саған көмектесейін.
Өмірдегі ең маңызды кезең – бұл сен сәби болған алғашқы бірнеше жыл. Міне осы кезде ми өте жылдам, өмірдің басқа кезеңдеріне қарағанда әлдеқайда жылдамырақ өседі. Ми әрбір секунд сайын дерлік мыңдаған байланысты орнатады! Кейбіреулер тіпті мидың 80%-дан астамы баланың үш жасқа келуіне қарай қалыптасады деп есептейді.
ГРОВЕР: Тұра-тұрыңызшы. Сіз менің кішкентай мамық құбыжық миым осының барлығын атқарды демекшісіз бе? Мен үшке толғанға дейін-ақ? Мен өзім ойлағаннан да ақылды екенмін, ха-ха!
ПИА: Әрине! Бірақ ми мұны қауіпсіз жағдайда болғаннда, толыққанды тамақтанғанда, ойнауға арналған уақыт пен мол сүйіспеншілік алғанда ғана атқара алады... "Тамақтан, ойна, жақсы көр!"
ГРОВЕР: Ия, бұл оңай, доктор Пиа! Мен күнде достарыммен Сезам Көшесінде тамақтанамын, ойнаймын және жақсы көремін.
ПИА: Міне, сондықтан да сен маған көмектесесің!
Ал бала миының кішкентай көшеттен айырмашылығы көп емес.
ГРОВЕР: Тоқтаңыз, сіз не демекшісіз?
ПИА: Олар екеуі де қуат алуы керек!
Сен әрбір жеген тамақтың жартысынан көбі бала миының дамуына кететінін білдің бе? Бұл энергияның барлығы нейрон байланыстарын жасауға ықпал етеді.
ГРОВЕР: Кішкентай көшет те суды көп қажет етеді…
Пиа суарғышын алып, көшетті суара бастайды
ГРОВЕР: Міне саған аздап су. Және топырақ, күн сәулесі – бұл сенің үлкен және мықты болып өсуің үшін!
ПИА: Өте дұрыс. Егер көшетті суармаса, оған күн сәулесі түспесе, ол гүлдемейді.
Келесі – ойын. Кішкентай баламен сөйлесу, өлең айту, құшақтасу, ойнау – бұл тек көңілді ғана емес, бұл нейрон байланыстарын құру үшін де өте маңызды.
ГРОВЕР: О, мен қалай ойнау керектігін білемін!
(көшетті қағады)
Қуыспақ! Енді сенің кезегің!
ПИА: Және де, гүлденіп, көркею үшін балаларға махаббат - мол сүйіспеншілік, қауіпсіз және бақытты орта керек.
ГРОВЕР: Ия, махаббат. Мен сені тереземнің алдына отырғызамын, онда сен күн сәулесіне жылынасың, қауіпсіз және бақытты боласың және керемет Сезам Көшесіне қарап отырасын!
(Құмырадағы көшетті құшақтайды).
ПИА: Басқаша айтар болсақ, балалар күнделікті сәттер арқылы үйренеді және өседі. Біз пайдалы тағамның, ойынның және сүйіспеншіліктің күшін бағалай білуіміз керек – бұл балалардың мықты және дендері сау болуы үшін қажет.
ГРОВЕР: Ия, мына сүйкімді көшет те күндерің бір күнінде әдемі және үлкен гүлге айналады!
ПИА: Және әрбір гүлге күтім жасалған кезде, Гровер, құлпырған бақша өсіп шығады.
Сондықтан балдырғандарға өмірінің алғашқы күнінен-ақ бар жақсылықты ұсыну үшін, ЮНИСЕФ пен Сезам Көшесіне қосылыңыздар!
ГРОВЕР: Ең жақсысын. Сіздер оған лайықсыздар.
Толық бейнені осы сайттан көріңіз.