Қазақстандық Ozim Platform DPG стартабы балаларды дамытуда ата-аналарға қалай қолдау көрсетіп жатыр
Ерекше даму қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған қолданба жаңа цифрлық қоғамдық игілікке айналды
Ozim Platform ‒ әлеуметтік стартап, ерекше даму қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған қазақстандық отбасыларға көмектесу үшін жасалған қолданба. Оның авторлары – Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі түлектерінің бастамашыл тобы. Ozim Platform – ерте араласу шараларын қажет ететін баланы тәрбиелеп отырған қолданба негізін қалаушылардың бірінің жеке тәжірибесіне иек арта отырып, ерекше сүйіспеншілікпен жасалған жоба.
«Ozim Platform ұялы қолданбасын жасау идеясы 2020 жылы, COVID-19 пандемиясы кезінде, даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін барлық оңалту және дамыту қызметтері қолжетімсіз болып қалған кезде пайда болды. Ата-аналар оңалту мамандарымен және басқа да мамандармен байланыста бола отырып, балаларымен өз бетіншежұмыс істеуге мәжбүр болды. Пандемия әр отбасында компьютер немесе ноутбук болмаса да, бәрінде смартфон бар екенін айқын көрсетті. Осы тәжірибені ескере отырып, смартфондарға арналған ұялы қолданба жасау идеясы келді. Бұл бастама, әсіресе, тар бейінді мамандар тапшы немесе атымен жоқ Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі ата-аналарға қажет болып көрінді», – деп Ozim Platform әлеуметтік стартабының авторы Әсем Тәжиева естеліктерімен бөлісті.
Бүгінгі таңда Ozim Platform – бірегей өнім, Android және IOS негізінде жұмыс істейтін қолданба. Ол миллиондаған жас ата-аналарға балаларының даму кезеңдері туралы білуге, ал ерекше балақайларды тәрбиелеп отырғандарға оларды қоғамға бейімдеуге және мейлінше ертерек диагнозбен күресу шараларын қолдануға көмектесе алады.
Ozim әлеуметтік стартабының авторы Әсем Тәжиеваның айтуынша, БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастық зерттеуге қатысудан басталды, сол зерттеудің барысында Ozim Platform ұялы қолданбасы Digital Public Goods (DPG) халықаралық мәртебесіне ие болуғаүміткер бола алатыны анықталды.
DPG жобаларының әлеуметтік мәні зор, ал DPG ретінде мойындау халықаралық деңгейге шығуға және жаһандық мәселелерді шешуде қолдау алуға көмектеседі.
2022 жылдың аяғында Ozim Platform ҚҚ және ЮНИСЕФ ұйымы қолданбаны DPG критерийлеріне сай пысықтау үшін күш біріктірді.
«Ынтымақтастық аясында біз қолданбаның функционалын кеңейттік, жаңа контентжасадық, ал 2023 жылдың шілдесінде DPG Альянсынан Ozim Platform DPG жобаларының тізіліміне енгізілгені туралы растау алдық», – дейді Әсем Тәжиева.
DPG болу үшін барлық жобалар DPG стандартына сай болуы керек, аталмыш стандарт олар ашық бастапқы код қағидаларын іс жүзінде сақтайтынына кепілдік етеді. Мұндай мәртебеге ие жобалар қолжетімді, қауіпсіз және ақпаратпен қамту кезінде этикалық нормаларды сақтауменжасалған, ал олардың контенті халықтың қажеттіліктеріне бағытталған.
Ozim Platform-ды Ажар Нұркенова да жиі қолданады. Ажар – логопед-дефектолог, төрт баланың анасы. Оның айтуынша, әрбір ата-ана Ozim Platform-нан пайдалы бірдеңе таба алады.
«Мен қолданба туралы әлеуметтік желілерден білдім. Маған ұнаған бірінші нәрсе – оңай тіркелу, өте ыңғайлы және түсінікті интерфейс. Дизайн жалықтырмайтын, жағымды түстерде жасалған – авторлар эстетикалық жағын да ойластырған. Осы қолданбада әрбір ата-ана өз өтініші бойынша теориялық материалдардан бастап практикалық дәрістергедейін қажетті ақпаратты таба алатыны сондай жақсы», – деп Ажар алған әсерімен бөлісті.
Платформаны жасау үшін арнайы мамандар, дәрігерлер мен педагогтар жұмысқа тартылды, олар қажетті ақпаратты аналар мен әкелерге мәтіндік және бейнеформатта түсіндіреді. Қолданба тоғыз бөлімнен тұрады. Олар логикалық және тақырыптық жағынан құрылымдалған, соның арқасында қажетті ақпаратты іздеу оңай әрі тиімді. Сондай-ақ әртүрлі оңалту ұйымдарының бірыңғай дерекқоры да бар.
«Маған әсіресе бейнесабақтар ұнады. Олардағы ақпарат ата-ана үшін барынша қарапайым және түсінікті тілмен жеткізіледі. Ақпарат сапасы да жоғары деңгейде. Мен, әрине, қараудан гөрі оқуды ұнататындарға ыңғайлы болу үшін айтылғандардың мәтіндік форматта да берілгенін қалар едім. Сондай-ақ қолданба психологтар мен заңгерлерден ұсынымдар мен кеңестер алуға мүмкіндік беретіні де керемет», – дейді Ажар.
Ажарды қолданбада аналарға да, әкелерге де арналған ойындар бар екені қуантты, әрі таң қалдырды. Оның пікірінше, қолданбаны жасаушылар соңғы кездері балаларды дамыту мен тәрбиелеуге көбірек араласа бастаған әкелерді назардан тыс қалдырмағаны маңызды.
«Біз ата-ананың екеуі де балаларының өміріне бірдей қатысатын отбасылардың біріміз. Жұбайым екеуміз балаларымызды тәрбиелеу, дамыту және бос уақытын ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісеміз, сондықтан мен оған Ozim Platform орнатуды ұсындым. Жалпы қолданба керемет, мен ол туралы құрбыларыма айттым, өйткені әрбір ана одан пайдалы нәрсе табады», – деп бөлісnі Ажар Нұркенова.
Ажар «Инклюзия» қойындысын платформаның аса маңызды бөлімшелерінің бірі деп атайды. Ажардың айтуынша, қоғам ерекше балаларға оң қабақ таныта бермейді, сондықтан қолданбасол мәселелер мен уайымдарды талқылауға мүмкіндік беретіні жақсы. Аталмыш бөлімде ата-аналар мен олардың балалары үшін пайдалы болуы мүмкін түрлі іс-шаралар мен кездесулер туралы хабарланады.
«Мен Ozim Platform-ның БҰҰ-ның Digital Public Goods халықаралық мәртебесіне ие екенін білмеппін. DPG (Цифрлық қоғамдық игіліктер) –қоғамға еркін қолжетімді және барлық азаматтардың өсуі мен әл-ауқатына оң ықпал ететін бағдарламалық өнімдер мен ресурстар. Менің ойымша, бұл Ozim жобасының мақсаттары мен миссиясына толығымен сай», – дейді Ажар.
Ozim Platform-ның функционалдық мүмкіндіктері ата-аналарға балаларының дамуынамониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Жеке кабинетте бала туралы мәліметтерді енгізіп,ара-тұра сынақтар жүргізіп, динамиканы бақылап отыруға болады.
«Мен ұялы қолданбаның барлық мүмкіндіктерін әлі толық пайдаланып үлгерген жоқпын, бірақ логопед-дефектолог ретінде өзім үшін пайдалы тәжірибе жинай аламын деп ойлаймын. Платформаның функцияларын сынап көруді міндетті түрде жалғастырамын», – деп Ажар уәде берді.
Ұялы қолданба тек аналар мен әкелерге ғана емес, сонымен қатар тиісті саладағы мамандарға да пайдалы. Маман ретінде тіркелу арқылы практикалық тәжірибеңізді жариялауға және оқу материалдарын Қазақстан мен ТМД елдерінде таратуға арналған алаңға қол жеткізе аласыз. Сонымен қатар әріптестердің тәжірибесін зерделеу, оған қоса халықаралық әдебиетке қол жеткізу де пайдалы болары анық. Пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасау және ата-аналардан кері байланыс алу біліктілік пен олардың қажеттіліктерінен хабардарлық деңгейін арттыруға да пайдалы әсер етеді.