Су тасқыны кезінде және одан кейін нені білу керек

Ата-аналарға арналған мамандар кеңесі

ЮНИСЕФ
flood
UNICEF Kazakhstan
17 Сәуір 2024

Су тасқыны - кез келген адам үшін, әсіресе балалар мен олардың отбасы үшін қиын әрі жойқын құбылыс. Егер Сіз тұратын аймақта су тасқыны болса, өзіңіздіңжәне отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандардың келесі кеңестерін орындаңыз.

Су тасқыны кезінде не істеу керек

Жергілікті билікке құлақ асыңыз

Ауа райы туралы ақпаратты және ресми хабарландыруларды біліп отыру үшін жергілікті жаңалықтарға немесе радиостанцияларға құлақ түре жүріңіз. Егер Сізге эвакуация жасауға кеңес берсе, ең қажет деген заттарды және құжаттарыңызды алып, дереу кетіңіз. Егер құтқарушылар бөгеттер орнатқан болса, оларды айналып өтуге тырыспаңыз – олар қауіпті аймақтардың айналасында адамдарға қауіпсіз жол көрсету үшін орнатылған.

Үйіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз

Егер осыны қауіпсіз істеуге уақытыңыз бен мүмкіндігіңіз болса, эвакуация алдында барлық электр құрылғыларын, электр жарығын, газды, суды өшіріңіз.

Биіктікте орналасқан аймақтарға немесе жоғары қабаттарға қарай жүріңіз

Тұрып қалған, ағып жатқан немесе көтеріліп келе жатқан судан аулақ болу үшінбиігірек жерге барыңыз. Ешқашан жылдам жылжып бара жатқан тасқын суыарқылы жүріп, жүзіп немесе көлікпен өтуге тырыспаңыз. Егер көлікте болып, ішіне су тола бастаса, оның төбесіне шығыңыз. Егер ғимараттан шыға алмай қалсаңыз, жоғарғырақ қабатқа шығуға тырысыңыз, ал шатырға тек қажет болса ғана шығыңыз. Шатырдың асты немесе тамбур сияқты үйіңіздің ең жоғары қабатындағыжабық жерге кірмеңіз, себебі, көтеріліп келе жатқан тасқынының қамауында қалуыңыз мүмкін.

Балаларды қозғалып жатқан немесе тұрып тұрған сулардан аулақ ұстаңыз

Жертөледе су аз ғана болса да, балаңыздың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Жақындарыңызды хабардар етіп отырыңыз

Қауіпсіз жерге жеткен бойда байланыс құралдары қолжетімді бола салаотбасыңыздың басқа мүшелеріне немесе жақындарыңызға қайда екеніңіздіхабарлаңыз.

Су тасқынынан кейін не істеу керек

Жаңалықтар мен ресми хабарландыруларды тыңдаңыз

Жергілікті биліктің хабарландыруларын тыңдап, қауіпсіз деп ресми түрде жариялағаннан кейін ғана үйіңізге оралыңыз.

Отбасыңыздың денсаулығының қамын ойлаңыз

Ластанған тасқын суы Сізге және отбасыңызға тырысқақ және іш сүзегі сынды су арқылы таралатын аурулар сияқты көптеген қауіп төндіреді. Балаларыңызды тасқын суынан мейлінше алыс ұстаңыз – ол лас, микробтарға толы болуы мүмкін. Егер балаларыңыз тасқын суымен қандай да бір байланыста болса, мүмкіндігінше тезірек шомылдырып, қолдарын жиі-жиі жуу қажет екенін түсіндіріңіз. Егер Сіз немесе отбасыңыздың кез келген мүшесі өзін нашар сезінсе, мейлінше тезірек дәрігерге қаралыңыздар.

Тамақ пен су қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз

Ластанудан қорғау үшін тамақ пен судың бетін жауып жүріңіз және қолданар алдында тазартылмаған көздерден алынған суды кемінде үш минут қайнатыңыз. Тамақ пісіру, азық-түлік өнімдерін жуу, сонымен қатар қазан, таба, қасық немесе тамақтану үшін пайдаланатын басқа да заттарды жуу үшін қайнаған суды пайдаланыңыз. Ешқашан ластанған суды ішпеңіз немесе жаңбыр тиген тамақтыжемеңіз.

Үйге қайтқанда тазалау жұмыстарын қауіпсіз жүргізіңіз

Үй ішіндегі суды сорғызу кезінде абай болыңыз. Баяу сорғызыңыз, сынықтар,үзілген электр сымдары сияқты қауіпті заттарға мұқият болыңыз. Мүмкін болса, 24-48 сағат ішінде мейлінше көп затты құрғатып алыңыз, ылғалды жерлерді жақсылапжелдетіңіз, кептіруге немесе жөндеуге болмайтынның бәрін тастаңыз. Балалардың тазалау жұмыстарына қатысуын шектеу керек болатын шығар. Балалар мен жасөспірімдердің үйге оралуы қауіпсіз болуы үшін ойыншықтарды, киім-кешектіжәне тұрғын жайларды тазалау және зарарсыздандыру қажет. Тасқын суымен қатты ластанған заттарды қоқысқа тастау керек.

Как успокоить ваших детей после паводков

Су тасқынынан кейін балаларыңызды қалай тыныштандыруға болады
  • Балаңызға су тасқыны кезінде өзін қалай сезінгені туралы айтып берумүмкіндігін беріңіз, оларды кез келген алаңдаушылық, қорқыныш немесе үрей сияқты сезімдерімен бөлісуге ынталандырыңыз.
  • Оларды мұқият тыңдайтыныңызды және өздерін қалай сезінетініне терең мән беретініңізді көрсетіңіз.
Болашаққа сенімділік сезімін ұялатуға тырысыңыз
  • Су тасқыны және оның салдары қатып қалған жағдай емес екенін, табиғи құбылыс екенін түсіндіріңіз.
  • Бірге уақыт өткізу арқылы балаларыңызға қолдау көрсетіңіз. Оларды жиі құшақтауға тырысыңыз.
Эмоциялық стресс белгілеріне назар аударыңыз

Көптеген балалар табиғат апатынан кейін бір ай немесе сол шамалас уақыт бойыстресске шалдықпаған сияқты болып көрінсе де, мелшию күйінен арылып, травмабелгілерін көрсете бастауы мүмкін. Қысқа уақыт аралығында біраз үрейге бой алдыруды күтуге болады, бірақ бірнеше айдан кейін үрей кетпесе немесе балаңызда дүрбелең шабуылдары немесе өзіне не басқаларға зиян тигізгісі келу сияқты тым ауыр белгілер пайда болса, дереу педиатрға немесе психологқа қаратыңыз.

Тыныштандыратын жаттығуларды бірге орындаңыздар

Ішпен терең тыныс алу өте пайдалы, оны ересек балаларыңызбен бірге жасауға болады. Егер балаңыздың кішкентай болса, жаттығуды ойынға айналдыра аласыз: мезгіл-мезгіл тыныс алуды баяулатып, ақыл-ойы мен денесін тыныштандыруды ұсыныңыз.

Белгілі бір режимді ұстануға тырысыңыз

Бұл өте қиын болуы мүмкін болса да, бір уақытта ұйықтау және тамақтану балаңызға су тасқынына дейінгі өмірімен біршама мықтырақ байланысты сезінуге көмектеседі.