Кибер Тұмар: Әрбір бала үшін қауіпсіз цифрлық кеңістік құру
Қазақстанда балалардың онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш біріктіру.
- русский
- Қазақша
Бүгінгі таңда балалар ойын-сауық құру және адамдармен араласу үшін Интернетте көбірек уақыт өткізеді, мұндай бұрын-соңды болмаған. Қазақстанда 9-17 жас аралығындағы балалар Интернетке салыстырмалы түрде кіші жаста кіргенін айтады. Олардың 46% Интернетке алғаш рет бес пен сегіз жас аралығында кірсе, тағы 5% төрт немесе одан кіші жаста кірген. Ой-өрісті кеңейту және шығармашылықты қамшылау үшін Интернет бүкіл әлемде шексіз мүмкіндіктер мен әлеует ұсынғанымен, балаларды тиісінше қорғамаса, олардың қауіпсіздігі мен аман-саулығына қауіп төнуі мүмкін.
Кибербуллингке ұшырау ер балаларға қарағанда қыздар арасында жиірек кездеседі. Ұлдарға қарағанда екі есе дерлік көп қыз біреудің жағымсыз немесе қорлайтын хабарламалар жібергеніне куә болғанын айтқан (ұлдардың 18%-мен салыстырғанда қыздардың 35%).
Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі Еуропалық Одақпен, Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен және Peremena.media платформасымен серіктестікте цифрлықкеңістікті қауіпсіз шарлауға көмектесетін ақпараттық құралдар жиынтығы болып табылатын«Кибер Тұмар» ақпараттық-оқыту науқанын бастады. Науқан балаларға Интернетті қауіпсіз пайдалану тәжірибесін қалыптастыруға және ықтимал қауіп-қатерлермен күресуді үйренуге көмектесуге бағытталған.
Ықтимал қауіп-қатерлер – оларды қалай тану керек және қандай шара қолдану керек?
Кибербуллинг
Цифрлық технологиялар арқылы кибербуллинг әрекеттері әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформаларында және ұялы телефондарда белең алған. Кибербуллинг — нысанаға айналғандарды қорқытуға, ашуландыруға немесе ұятқа қалдыруға бағытталған,қайталана беретін әрекеттер.
Интернеттегі қауіпті байланыстар және балаларға қатысты интимдік сипаттағы алымсақтық
Интернетте жыныстық қанау мен алымсақтық қаупі өршіп тұр, соның салдарынан қылмыскерлерге ықтимал құрбандарымен байланысу, ашық-шашық суреттермен бөлісу және қылмыстық әрекеттерді қолпаштау оңайлап кетті. Балалар интимдік сипаттағы материалдарды өндірудің, таратудың және тұтынудың құрбанына айналуы мүмкін немесе груминг әдістерін қолданып, оларды жыныстық қанауға дайындауы мүмкін, сол үшін қылмыскерлер олармен жүзбе-жүз кездесуге немесе олардан ашық-шашық сипаттағы контент сұрап алуға тырысуы ықтимал.
Балалар үшін орынсыз және тыйым салынған контент
Көбінесе ешбір жолмен реттелмейтін цифрлық орта пайдаланушыларды жасына сай емес немесе ықтимал зиянды контентке ұшыратуы мүмкін. Балалар Интернетте өшпенділікті қоздыратынхабарламалар мен зорлық-зомбылықты көрсететін суреттерге тап болып, аман-саулығы мен құқықтарына теріс әсері тиюі мүмкін деген алаңдаушылық бар.
Өшпенділікке толы сөздерді дін, этнос, ұлт, нәсіл, тері түсі, шыққан тегі, мүгедектік, жас, жыныс сияқты ерекше белгілер негізінде адамға немесе адамдар тобына шабуыл жасау немесе кемсіту мақсатында ауызша, жазбаша түрдегі қарым-қатынас немесе мінез-құлық деп сипаттауға болады. Сондай-ақ өшпенділікке толы сөздер тіл, экономикалық немесе әлеуметтік шыққан тегі немесе денсаулық жағдайы сияқты басқа да «ерекше белгілерді» қамтуы мүмкін.
«Троллинг» — біреу басқаларды арандату үшін Интернетте бірдеңе жариялауы немесе пікір қалдыруы. Троллингтің мақсаты — тәртіпті бұзу, назар аударту және мазаны кетіру. Әрекеттер адамның немесе адамдар тобының жынысы, нәсілі, этносы және т.б. ерекше белгілеріне қатысты өшпенділікке және кемсітушілікке жол ашқанда троллинг өшпенділік сөздеріне айналады. Троллингпен айналысатын адамдар көбінесе жалған есімдердің артына жасырынады немесе хабарламаларды анонимді түрде жариялайды, сол себепті оларды анықтау қиынға соғады.
Қауіпсіздікке және құпиялылыққа қатысты цифрлық қауіп-қатерлер
Интернеттегі әрекеттер баланың дербес деректерін жинаумен және оларды жеке мәліметтерді ұрлау, кибербуллинг және орынсыз контент сияқты зиян келтіру мақсатында пайдаланумен байланысты қауіп-қатерлермен қатар жүреді. Дербес деректерге келесілеркіреді:
- Аты-жөні мен жасы
- Телефон нөмірі, аккаунтының пайдаланушы аты мен кілтсөздері, үйінің мекенжайы, мектеп және спорт клубының мекенжайы сияқты байланыс ақпараты.
- Ата-анасының немесе қамқоршысының банк деректемелері мен несиеге қатыстымәліметтері
- Адамның жеке басын анықтауға болатын фотосуреттер, бейнематериалдар, әлеуметтік желілердегі жазбалар
- Барған жерлерді белгілеу, іс-шараларға қатысу.
Виртуалды әлемге шектен тыс әуестену
Виртуалды әлемге шектен тыс әуестену әдеттегі өмірге, оқуға, хоббиге, отбасымен және достарымен қарым-қатынасқа кедергі келтіреді. Оған компьютерге және Интернетке қол жеткізу мүмкін болмаған кезде жайсыздық түрінде көрініс беретін мінез-құлықтағы психофизиологиялық өзгерістер ілесе жүреді.
Цифрлық із
Интернеттегі әрбір әрекет «цифрлық із» деп аталатын із қалдырады. Пайдаланушылар, әсіресе балалар, Интернеттегі әрекеттерінің ықтимал салдарын түсінуі керек.
АТА-АНАЛАР ҮШІН: Баланы Интернетте қалай қорғау керек
Балаларға жолдан өтуді қалай үйретсек, Интернетті пайдалануды да дәл солай үйрету қажет.
Балаларды Интернетте қорғаудың ең жақсы жолы — олармен сөйлесу. Балаларға «Интернетте мықты болуды» үйретіңіз. Оларды қорғау үшін технологияларды пайдаланыңыз. Әрбір әлеуметтік платформа кімнің пікір қалдыра алатынын немесе хабарламаларды көре алатынын немесе кімнің автоматты түрде дос ретінде қосыла алатынын шектеуге, буллинг туралы хабарлауға мүмкіндік беретін түрлі құралдарды ұсынады. Олардың көпшілігі бұғаттау, хабарландыруларды өшіріп қоюнемесе кибербуллинг туралы хабарлау сияқты қарапайым қадамдарды қамтиды.
Балаларыңыз күн сайын әртүрлі қиындықтарға тап болады, бірақ олар үшін жалғыз тұрақты нәрсе Сіз, Сіздің үнемі жанынан табылуыңыз, тыңдауға және көмектесуге дайын тұруыңыз болуы керек!
Ата-аналарға арналған ұтымды кеңестер:
Ата-аналарға арналған ұтымды кеңестер:
- Балаларыңызбен кіммен және қалай сөйлесетіні және Интернетте не жариялағанын кім көре алатыны туралы ашық сөйлесіңіз. Интернетке түскеннің бәрі — фотосуреттер, бейнематериалдар, пікірлер, олар басқалармен бөлісетін кез келген нәрсе, сонымен қатарбасқалар олармен бөлісетін және олар туралы жариялайтын материалдар — олар туралы ақпараттан тұратын із қалдыратынын түсіндіріңіз. Олардың оңды «цифрлық із» қалдыруын қамтамасыз ету үшін Интернетте не істейтініне, не айтатынына мұқият болуы керек.
- Олардың кемсітетін немесе орынсыз байланыстарға жол беруге болмайтынын түсінетініне көз жеткізіңіз. Ешкім қауесет таратпауы керек, ренжітетін немесе ұятқа қалдыратын әңгімелермен немесе фотосуреттермен бөліспеуі керек. Бір адамға жай әзіл болып көрінетін нәрсе басқа адамға өте ауыр тиюі мүмкін.
- Егер балаңыз Интернетте ренжітетін, ыңғайсыз сезіндіретін немесе қорқытатын нәрсеге тап болса, дереу Сізге немесе өзі сенетін ересек адамға айтып беруін ұсыныңыз.
- Балалар Интернетте күн көрсетпейтін немесе қорлайтын адамдарды көбінесе жақсы«біледі», сондықтан оларға қырағы болуға және Интернетте кездесетін кез келген қиындық тудыратын мінез-құлыққа қалай жауап беру керек екенін білуге көмектесу маңызды.
- Балаңызбен құрылғыларды қалай, қашан және қайда пайдалану керек екені туралы ережелер белгілеңіз.
- Балаңыздың құрылғысы әрдайым жаңартылып тұруына, оған ең соңғы бағдарламалық қамсыздандыру орнатылғанына, сонымен қатар құпиялық баптаулары қосулы екенін және Сіз көрмесін деген ақпаратты ешкім көрмейтіндей етіп деректер жинауды барынша азайтуға бапталғанына көз жеткізіңіз.
- Балаңызға жеке ақпаратын құпия сақтауды үйренуге көмектесіңіз. Құпиялық баптауларыңыз сенімсіз болса, ақпаратыңызды кез келген адам көре алады.
- Қолданбаған кезде веб-камераларды жабық ұстаңыз. Кіші жастағы балалар үшін қауіпсіз іздеу сияқты ата-ана бақылауы құралдары Интернетті кез келген уақытта қауіпсіз пайдалануға көмектеседі.
- Тегін онлайн ресурстармен, соның ішінде білім беру ресурстарымен абай болыңыз. Балаңыздан фотосуретін немесе толық аты-жөнін көрсетуін сұратып жатса, веб-сайттың сенімді екеніне көз жеткізіңіз.
- Балаңыздың достарымен, жанұясымен және Сізбен онлайн ортада қауіпсіз және оңдықарым-қатынас жасауына жағдай жасаңыз. Басқа адамдармен араласу виртуалды қарым-қатынаста мейірімділік пен жанашырлықты көрсетудің тамаша мүмкіндігі болуы мүмкін.
- Балаңызға жаңылыстыратын және жалған ақпаратты, жасына сай емес контентті, сонымен қатар алаңдаушылық тудыруы немесе өзге зиян келтіруі мүмкін контентті тануға және оған мүлдем жоламауға көмектесіңіз. Оны сенімді ақпарат көздерімен таныстырыңыз.
- Балалар зиянды тағамдарды, гендерлік стереотиптерді немесе жасқа сай емес контенттінасихаттайтын жарнамаға ұшырауы мүмкін. Оларға онлайн жарнаманы тануға көмектесіңіз және көрген кейбір жағымсыз хабарламалардың қай жерінде шикілік бер екенін бірге анықтау мүмкіндігін ұтымды пайдаланыңыз.
Балаңыздың жасына сай қолданбаларды, ойындарды және басқа да онлайн ойын-сауықты анықтау үшін онымен бірге уақыт өткізіңіз. Зиянды контентті қамтитын немесе құпиялыққа қауіп төндіретін қолданбалардан сақ болыңыз
- Интернеттегі орынды мінез-құлыққа өзіңіз үлгі болыңыз. Өзіңіз көрсеткен үлгіні және балаңыз туралы Интернетте немен бөлісетініңізді, соның ішінде фотосуреттер мен бейнематериалдарды қаперіңізде ұстаңыз.
- Балаңызды Интернетте мейірімді болуға, жағымды хабарламалар немесе смайлдар жіберу арқылы достары мен отбасына қолдау көрсетуге ынталандырыңыз.
- Егер олар сабағын онлайн оқыса, басқа адамдарды құрметтеуге және құпиялықты сақтау үшін камераға нені көрсетуге болатынын есте сақтауға ынталандырыңыз.
- Балаңыз Интернеттегі әрекеттерге ренжісе немесе сыр бүксе, мұқият болыңыз. Олар қатыгездікке немесе қудалауға ұшырағаны үшін ешқашан кінәлі емес екеніне және мұндай жағдайларды құпия сақтамауы керек екеніне сендіріңіз.
- Балаңыз оқитын мектептің онлайн оқыту саясатымен танысып шығыңыз. Интернетте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты соңғы мәселелер және кибербуллингнемесе орынсыз контент туралы хабарлау жолдары туралы білу үшін жергілікті сенім телефондары мен ресурстарды іздеңіз.
- Интернетте уақыт өткізу балаларыңыз үшін шығармашылық қырын көрсетуге, білім алуға, пікірімен бөлісу үшін өз дауысын пайдалануға, өзі үшін маңызды істерге қолдау көрсетугетамаша мүмкіндік болуы мүмкін.
- Балаңызға орнынан тұруға және қозғалуға көмектесу үшін Интернеттегі ресурстарды пайдалануға ынталандырыңыз, мысалы, балаларға арналған онлайн бейнежаттығулар және физикалық қимыл-қозғалысты қажет ететін бейнеойындар.
- Өмірдің барлық салаларында салауатты тепе-теңдікке қол жеткізу үшін Интернеттегіәрекеттерді белсенді өмір салтымен және Интернеттен тыс демалыспен ұштастырудыұмытпаңыз.
#КиберТұмар: Балаларымызды бірге қорғайық
Осы плакаттармен достарыңызбен және таныстарыңызбен бөлісу арқылы, ата-аналар мен мұғалімдерге оқу мекемелері үшін басып шығаруды арқылы немесе әлеуметтік желілерде бөлісудіұсыну арқылы өзіңізді Интернетте қорғаңыз. Бірге біз балаларға, ата-аналарға және мұғалімдергеИнтернетте әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті дағдылар және білім береаламыз. #КиберТұмар хэштегін белгілеуді ұмытпаңыз.
Қосымша ақпарат
Ұлттық сарапшылар ЮНИСЕФ пен оның серіктестеріне ықтимал қауіп-қатерлер туралы сенімді және нақты ақпарат, сондай-ақ өзіңізді қалай қорғау керек екені туралы кеңестер беру үшін қосылады. Сарапшылардың мақалаларын қалт жібермеңіз, Интернетте қауіпсіздікте болыңыз.







































