Ата-аналарға арналған шағын мастер-класс: жиі қойылатын сұрақтарға жауап
Балалар мен жасөспірімдердің дамуы

- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
Ата-аналарға арналған шағын мастер-класс: жиі қойылатын сұрақтарға жауап
Ата-ана болу - әр адамның өміріндегі маңызды және жауапты міндеттердің бірі. ЮНИСЕФ ата-аналарға арналған шағын шеберлік сабақтарының сериясын түсірді, онда баланың дамуы үшін маңызды болып табылатын оны тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері оңай түсіндіріледі. Бұл бейнеде сіз ата-аналардың жиі қойылатын сұрақтарына жауап таба аласыз.
Баланың есі екі-үш апталығында қалыптасатындығын сіз білесіз бе? Екі-үш апталық бала сіздің иісіңізді есте сақтайды. Көптеген ата-аналар сияқты, сіздің де балаңыз қалай өсіп келе жатқандығы жайлы сұрақтарыңызыз көп. Профессор Френк Оберклейд оларға жауап береді:
Неге емізулі балалар көп ұйықтайды?
Емшектегі балалар түнде ұйықтап, күндіз ояу болу керектігін әлі білмейді.
Сондықтан олар әдетте үш-төрт сағат ұйықтап, тамақтану үшін оянады, содан кейін қайтадан ұйықыға кетеді. Баланың миы дами келе, ұйықтамау себептері пайда бола бастайды, өйткені айналада қаншама қызықты нәрселер бар! Балалар қоршаған ортамен байланыс орната бастайды, ата-аналар олармен сөйлесіп, оқиды. Нәтижесінде, күткендегідей, балалардың ұзағырақ уақыт аралығында ояу болып, өз ата-анасымен, тәрбиешілерімен және қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, сосын ғана ұйықтау әдеті қалыптасады.
Бала анасының құрсағында болған кезде, оның миын дамытуға бола ма?
Бұрын классикалық музыка дыбыстары бала миының дамуына көмектеседі деп есептелетін.
Алайда классикалық музыканы тыңдайтын балалар ақылдырақ болады деген пікірді дәлелдейтін деректер жоқ. Екінші жағынан, бұның пайдасы да бар. Ата-аналар үйде музыка тыңдай бастаса тамаша: музыка дыбыстарына рахаттанып, ата-аналар сабырлырақ бола түседі, бұл сезім балаға да таралып, ол да тыныштала түседі. Кішкентай балалар үшін музыканың неліктен пайдалы екендігін көрсететін себептер көп, дегенмен интеллектің дамуу оларға жатпайды.
Тамақтану миға қалай әсер етеді?
Нәресте өзінің тағамдық қажеттіліктерін ана сүті арқылы қанағаттандырады, сондықтан да біз емізудің маңыздылығын айрықша атап өтеміз.
Содан соң, кейбір елдерде балалардың өмірі үшін қауіпті кезеңдер бар, ол сапалы және әртүрлі тағамның жеткіліксіздігінен болатын азық-түлік қауіпсіздігінің жоқтығынан болады.
Бұл баланың дамуының когнитивті тұрғыдан да, сонымен қатар физикалық тұрғыдан да артта қалушылығына алып келуі мүмкін.
Емшектегі балалар неліктен сипалауды қажет етеді?
Қазіргі көптеген ғылыми дәлелдерге сай, сәбилерге, бүкіл адамзатқа, барлық жануарлар түрлері үшін де сипалаудың маңыздылығы орасан зор. Біз жаңа туған баланы туғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек ананың үстіне қоятын кенгуру әдісі туралы айтып отырмыз Бұл баланы ғана емес, ананы да тыныштандырады. Сонымен, жанасудың аса маңыздылығының көптеген себептері бар.
Баламен қаншалықты жиі өзара әрекеттесу керек?
Балалар туа бойынан әуесқой және олар қоршаған ортаны зерттеуге бейім. Айналадағының барлығы олар үшін жап-жаңа, балаларды бүкіл әлем күтіп тұр, сондықтан ата-аналарға олардың жолына бөгет болмау қажет. Олардың басты міндеті – балаға толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл ретте баланы тым қатты қорғаштай бермеу керек. Жаңаны үйреніп-білудің көптеген мүмкіндіктері бар – мысалы, балаға ән айтыңыз, кітап оқыңыз, баламен көшеде серуендеңіз: қара, мынау – ағаш, мынау - ит, мынау – машина, мынау – үй. Айналада қаншама қызықты нәрселер бар, баланың жолында тұрмаңыз, өйткені балалар тумысынан әуесқой емес пе.
Баланы тіл үйренуге қалай қызықтыруға болады?
Сіздің сәбиіңіз сөйлеу машықтарын игере бастағанда, ол өте қарапайым сөздерді айтады – «ит», «сау бол», «та-та-та» және т.б. Ата-аналар баламен бірге қайталай отырып, бұл машықтарды бекіте алады. Кіші жастағы балаларға қайталаған ұнайды, сондықтан олар бір өлеңді қайта-қайта тыңдағанда немесе оларға бір кітапты қайта-қайта оқығанда, олардың сөйлеу машықтары қалыптасады. Сондықтан ата-аналарға балалармен көп сөйлесуді және оларға өлең айтуды ұсынамыз. ОСы ретте, әңгімеде басым болмаңыз, кезек-кезекпен сөйлесіңіздер. Біз бұл әдісті «беру және қайтару» деп атаймыз; бала мен ата-ана кезектесіп сөйлейді. Көбіне баланың сөйлеуі мен дене қимылын қайталап көрсету өте маңызды. Бала өмірінің ең алғашқы жылдары олардың күтімі жауапкершілікті қажет етеді. Олар қолайлы ортаны қажет етеді. Олар кішкентай баланың қажеттіліктерін сезетін ата-аналарды қажет етеді. Ата-аналар – балалар үшін алғашқы оқытушылар. Ата-аналар балалармен сөйлесу, оларға өлең айту, кітап оқу сияқты ынталандыратын тәжірибені жасау арқылы баланың миында осы байланыстарды дамытып, баланың білімді қарқынды түрде игеруіне алып келетін қолайлы жағдайды орнатады. Өмірдің алғашқы жылдарында өмір бойы білімді табысты игеру үшін маңызды роль атқаратын тіректер қаланады.
Егер ата-аналары берік негіз қалай алатын болса, баланың миы әрі қарай дамитын болады
Және ол өзінің бар күш-қуатын ашады – осыны біз барлық балаға тілейміз.