ЮНИСЕФ киіз үйі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында: салт-дәстүр, ойындар мен жаңалықтар әлемі!

Балалар мен ата-аналарды біздің шеберлік сағаттарымыз бен дәрістерімізге қатысуға шақырамыз!

Расписание
Расписание

7-13 қыркүйек аралығында "Қазанат" ипподромының жанында орналасқан "Көшпенділер әлемі" қазақ ауылында балалар мен ересектерге арналған қуаныш, шығармашылық және жаңалықтар аралы - ЮНИСЕФ киіз үйі өз есіктерін ашады. Мұнда әр күн қызықты іс-шараларға: дәстүрлі ойындар, шығармашылық шеберлік сағаттар, балалардың құқықтары туралы дәрістер, көшпенділер мәдениеті туралы көп нәрсе білуге көмектесетін интерактивті бағдарламаларға толы болады.

Embedded video follows

ЮНИСЕФ киіз үйінің бағдарламасы

ЮНИСЕФ киіз үйінде сізді келесі іс-шаралар күтеді: 

Дәстүр әлеміне қызықты саяхат: асық ату мен тоғызқұмалақ, жамбы атудағы дәлдікті тексеріп, арқан тартуда топтық рухтың күшін сезініп, өз қолыңызбен қазақтың дәстүрлі қолөнерін жасаңыз.

Шығармашылық шеберлік сағаттар: қолөнер шеберханаларында талантыңызды ашыңыз, ұлттық кәдесыйлар жасауды және киіз үй жинауды үйреніңіз! Интеллектуалды жекпе-жектер: шахмат және дойбы турнирлеріне қатысыңыз, онда әркім өзінің логикасы мен стратегиялық ойлауын көрсете алады.

Виртуалды шытырман оқиғалар: VR-көзілдірік киіп, Gamelab KBTU-мен бірге Қазақстан тарихы бойынша қызықты саяхатқа аттаныңыз.

Ата-аналар үшін пайдалы білім: ЮНИСЕФ сарапшыларының позитивті ата-ана болу мен балалардың құқықтары туралы әңгімелейтін арнайы сессияларына қатысыңыз. 

Уақытты тиімді және көңілді өткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Іс шаралар кестесін қарап шығыңыз және өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз:

бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама
бағдарлама

Біз сізді қазақ ауылында осы мекенжай бойынша күтеміз!