Әр балаға отбасы керек
Отбасынан айырылған балалар – әлемдегі ең әлсіз балалар

Кез-келген балалар үйінде, ол қаншалықты керемет болса да, тіпті әлемдегі ең жақсы әрі ең қонақжай болса да, кез келген бала отбасы жайлы армандайтыны ешкімге құпия емес.
Әр баланың жайлы отбасылық ортада өсуге құқығы бар. Дегенмен, жыл сайын Қазақстанда әр түрлі себептерге байланысты көптеген балалар өз ата-аналарынан айырылады да, интернаттық мекемелерге орналастырылады.
ЮНИСЕФ жабық типті мекемелерге орналастырылатын балалар санын қысқарту мақсатында уәкілетті органдармен және серіктестермен бірлесе қызмет етіп келеді.
Қазақстанда қолдауға мұқтаж балаларды мейлінше көбірек қамту үшін бізге көмек беріңіздер.
Максим денесінің дамуындағы ақаулығымен дүниеге келді, ол мүгедектер арбасымен қозғалады. Анасы туғанда-ақ одан бас тартқан. Содан бері соңғы 13 жылда Максимді бір мекемеден басқасына үнемі ауыстырып келеді. Ол сияқты ата-анасының қамқорынан айырылған мыңдаған бала бар, олар үнемі дене дамуының, психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік дамудың тежелуіне тап болады, мұндай жарақат өмір бойына жалғаса береді.
Қазақстандағы бір бала да өз өмірінде мұндай жарақатты басынан өткізбес үшін ЮНИСЕФ уәкілетті органдармен және серіктестерімен тығыз қызмет етуде. Біз әр баланың оны жақсы көретін және қамқор болатын отбасында өсуін қамтамасыз ету үшін жұмыс жасаймыз.
ЮНИСЕФ-ке Қазақстандағы әр баланың отбасында өсуіне және өмір сүруіне мүмкіндік беруге көмектесіңіздер.

Әр баланың қамқор отбасылық ортада өмір сүру құқығын қорғау – ЮНИСЕФ-тің басым әрекеті
Қазақстанда ЮНИСЕФ ата-анасының күтімінен айырылған балалардың түрлі проблемаларын шеше отырып, балаларға баламалы түрде күтім көрсетуді дамытумен екі онжылдықтан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді. Мұндай жұмыстың мақсаты әр баланың отбасын табуында жатыр.
• мемлекеттік органдармен және серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, біз келесі нәтижелерге қол жеткіздік: балалар үйін қиын өмірлік жағдайға ұшыраған отбасылардың балаларына қолдау көрсету орталықтарына айналдыру.
• елдің бүкіл жерінде балаларға қолдау көрсету орталықтары санын арттыру. Қазіргі таңда елде 18 орталық бар, ал 2017 жылы мұндай орталық саны 3-еу ғана еді.
• бүкіл Қазақстан бойынша әр түрлі типтеті балалар интернаты мекемелеріне сараптамалық қолдау көрсету.
ЮНИСЕФ сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметті қолдайды, өзге елдердің техникалық білімімен және озық тәжірибесімен, атап айтқанда таныстыру сапарлары барысында бөліседі; елдегі балаларды қолдау орталықтарының өңірлік тәжірибесін құжатқа түсіреді; аталған мекемелерді қайта құруға арналған оқу құралдарын және басқарушылық қағидаларын әзірлейді.
Балаларға жақсы көретін отбасын табуға көмектесіңіздер
Қайырымдылық түріндегі сіздің қолдауыңыз балаларды отбасылық формадағы құрылымдарға орналастыруға келесі ықтимал шешімдерді нығайтуға көмектесуі мүмкін:
• әртүрлі қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған кәсіби асыраушы отбасылар жүйесін дамыту
• 3 жасқа дейінгі балаларды мекемелерге орналастырудың алдын алу
• өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды қолдаудың мамандандырылған бағдарламаларын күшейту арқылы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және балаларды мектеп-интернатқа орналастырудың алдын алу
• ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баламалы нысандарға орналастыру кезінде заңнамадағы олқылықтарды жою
• балалардың өмірлік жағдайын кәсіби бағалау негізінде оларға бастапқы және жоғары мамандандырылған қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайту. , оны денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және балаларды қорғау бөлімдеріне біріктіру