ЮНИСЕФ пен БҰҰДБ-нан жастардың идеялары мен жобалары сайысы

Generation Unlimited Youth Challenge / Шекарасыз Ұрпақтың Жастар Челленджі

Youth Contest
ЮНИСЕФ

Маңызды оқиғалар

ЮНИСЕФ және БҰҰ Дамыту бағдарламасы (БҰҰДБ) Generation Unlimited Youth Challenge атты жасөспірімдер мен жастар арасындағы идеялар мен жобалар жаһандық сайысына қатысуға өтініш қабылдауда. Сайыс бүкіл әлемдегі жастардың өмірін жақсартуға бағытталған.

Generation Unlimited Youth Challenge деген не және оның мақсаты неде? 
Generation Unlimited Youth Challenge (Шекарасыз Ұрпақтың Жастар Челленджі) жастарға білім алу, дағдыларды иелену, құқықтарды кеңейту және мүмкіндіктер беру, соның ішінде жұмысқа орналасу барысында кездесетін мәселелерде шешім бола алатын идеялар мен жобалар сайысы. Сайыстың мақсаты – тамаша идеялары бар, бірақ, оларды іске асыру үшін мүмкіншіліктері жоқ жастарды шабыттандыру және қолдау.

Ең алғашқы рет бұл сайыс 2018 жылы әлемнің 16 елінде өткен, ал 2019 жылы Қазақстан 41 қатысушы-елдердің қатарына енді. 

Былтырғы қатысушылар қандай шешімдер ұсынды?
Былтыр сайыста 800-ден астам жас инноваторлар батылдықтарын танытып, өздерінің немесе құрдастарының өмірлерінде тап болған мәселелері жайлы айтып, сол мәселелерге шешімдерін ұсынған болатын. Мысалы, Тайландтан келген команда жұмыс іздеуге мүмкіндік беретін сайт ашқан болатын болса, Солтүстік Македониялық команда буллинг пен қудалауға ұшыраған балалардың бір-бірін қолдап, мамандардан ақыл-кеңес сұрауға мүмкіндік беретін қосымшасын ұсынған. Мектепке бармай қалған немесе алыс региондарда орналасқан балардың жағдайына мазасызданған Зимбабвелік команда кітаптар мен басқа да оқу құралдарына қол жеткізетін қосымша ойлап тапқан. Бұл, әрине, ұсынылған шешімдердің аз ғана бөлігі. 

Қатысу шарттары
Біз биыл Қазақстан Шекарасыз Ұрпақтың Жастар Челленджіне қатысатынына қуана отырып, жасөспірімдер мен жастарды өз құрдастарының – Шекарасыз ұрпақтың – өмірін жақсартуға үлестерін қосуға шақырамыз. Қатысу шарттары өте жеңіл:
- Сіздің жасыңыз 14 пен 24 аралығында болуы тиіс;
- Сізбен пікірлес 3-5 адамнан құралған командаңыз болуы тиіс;
- Сіздердің құрдастарыңыздың тап болатын мәселелеріне қарсылық болатын идея немесе шешімдеріңіз болуы тиіс. 

Челлендж қатысушылары неге ие болады? 
Сыннан өткен командалар:
- Семинарларға қатысады (онлайн, лагерь-семинар);
- Тәлімгерлердің көмегіне ие болады; 
- Лагерь-семинар қатысушылары қатысу туралы сертификат алады; 
- Болашақтарынан ең көп үміт арттыратын идеялары бар 5 команда идеяларын ары қарай дамытуға 300 000 теңге алады
- 2 команда халықаралық кезеңге шығып, $20 000 көлеміне дейінгі қаржыландыруға үміткер болады. 

Өтініш тапсыру уақыты
Өтініштердің қабылданатын соңғы күні 2019 жылғы Желтоқсанның 25-і

Байланыс және Ұйымдастырушылар
Барлық сұрақтар бойынша Қайырбаева Арайлымға +7 771 156 0066 нөмірі бойынша (телефон шалу/ WhatsApp/ Telegram) хабарласуға немесе genunkz@gmail.com электронды мекен-жайы бойынша жазуға болады. 

Сайысты ұйымдастырушылар: БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Дамыту бағдарламасы (БҰҰДБ), «Жас қызметкерлер қауымдастығы» ҚҚ және ХАТУ/ЮНИСЕФ Инновациялық зертханасы.

ӨТІНІШ ЖОЛДАУ
 

Автор

ЮНИСЕФ

Жариялау Күні

Тілдер

Орыс,
Қазақша

Есепті жүктеңіз

(PDF, 72,96 KB) (PDF, 229,82 KB) (PDF, 70,79 KB)