Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою

туралы
Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және шара қолдану жүйесін 2011-2020 жж. аралығында қалыптастырушы бағалау нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар. Бағалау нысаны – Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің және қараусыз қалдырудың алдын алу және шара қолдану жүйесі.
Әдістеме осы бағалаудағы бастапқы зерттеулер негізінде келесі сапалық құралдарға сүйеніп жасалған: негізгі ақпарат берушілермен сұхбат, талқылау фокус-топтары, тақырыптық зерттеулер, ата-аналармен фокус-топтар.