«АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын қалыптастыру мен көшбасшылық құзыреттерін дамыту» білім беру модулі.
Әдістемелік ұсынымдар

- Қол жетімді:
- русский
- Қазақша
туралы
Жасөспірімдер мен жастарды оқытудың тиімді әдістерінің бірі – «Жалпыға бірдей» немесе «Тең теңімен» оқыту әдісі. Көптеген зерттеулер нәтижесінде құрдастарының көмегімен білім берудің маңыздылығын жоғары және тиімді екендігін көрсетеді. Бұл әдіс білім алушыларға да, оқытушыларға да пайдалы, себебі жасөспірімдер өз қатарластарынан қолдау іздейтін кезеңде барлығының бірге дамуға ұмтылуы процесіндегі қолдауы, ересектер қолдауынан бөлек оң әсер ететіні дәлеледенген. Жастарының бірдей болуы, жалпы дүниетанымы мен қызығушылық саласының ұқсастығы, өзара түсінісе алуы — бұл құрдастар арасындағы өзара жақындық пен сенімділікті дамытуға ықпал ететін факторлардың бірнешеуі ғана. Алайда осы аталған ұқсастықтар өзара оқыту үшін қолайлы атмосфераны құру процесіне зор ықпалын тигізеді.
Бұл білім беру модулінің мақсаты – жасөспірімдер мен жастарды жолдастарының көшбасшылығын, өмірлік құзыреттіліктерін және қарым-қатынас дағдыларын үйретуде коучинг дағдыларын беру. Модуль жасөспірімнің өзі үшін де пайдалы болуы мүмкін, ол оны мұқият зерделеу арқылы өмірлік дағдыларды дамыту туралы түсінік алады. Дегенмен, модуль материалдары тренинг ретінде берілген жағдайда нәтижеге қол жеткізуге болады
