COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы уақытында қауіпсіз емізу
Осы сарапшылық ережелерге сәйкес нәрестеңізді қалай қауіпсіз емізу ережелері жөнінде біліңіз.

Егер сіз ана болсаңыз немесе нәресте күтіп жүрсеңіз, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) өршуі кезінде сіздің балаңыз үшін не қауіпсіз екендігі жайлы сұрақ қойғаныңыз орынды.
Көптеген жағдайларда дәлелдемелер емізуді қолдайтындығын көрсетуде. Дене арқылы байланыс және ерте бастан ана сүтімен емізу балаңыздың дамуына көмектеседі және бұл вирус пайда болғаннан кейін де емізуді тоқтатудың еш себебі жоқ. Бүгінгі күнге шейін COVID-19 (инфекцияны тудыруы мүмкін вирус) емшек сүтімен тамақтандыру арқылы және емшек сүтімен емізу уақытында берілетінін растайтын дәлелдер табылған жоқ.
Егер сіз жақында нәрестенің дүниеге келгенін күтіп жүрсеніз, сіздің оны қауіпсіз емізуге, жаңа туылған нәрестемен дене арқылы байланыста болуға және балаңызбен бір бөлмеде болуға мүмкіндігіңіз болуы тиіс.
Төменде жақында ана болған және болашақ аналардың өздерін сау немесе коронавирустың белгілері мен симптомдарын сезінуіне қарамастан, балаңызды ең қауіпсіз емізуге көмектесетін сұрақтарға жауап беру арқылы бірнеше кеңестеді дайындадық.
Пандемия уақытында ана сүтімен емізуім керек пе?
Әрине. Ана сүтінде бүкіл әлемдегі балалардың иммунитетін арттыратын және оларды көптеген инфекциялардан қорғайтын антиденелер бар. Егер бала осы инфекцияға ұшыраса, емшек сүтіндегі антиденелер мен биологиялық белсенді заттар, COVID-19 инфекциясымен күресуге көмектесе алады.
Егер сіздің балаңыз 6 айға толмаған болса, онда оны тек емшек сүтімен емізу керек. Балаңыз 6 айдан асқаннан кейін ғана қосымша қауіпсіз және пайдалы тағамдарды қосып, емізуді жалғастырыңыз.
>> COVID-19-дың өршуі кезінде салауатты тамақтанудың қарапайым, қолжетімді және пайдалы кеңестерімен танысыңыз
Емізу кезінде балаңызды COVID-19 жұқтыру мүмкін бе?
Бүгінгі күні емшек сүті арқылы және емізу кезінде COVID-19 (инфекцияны тудыруы мүмкін вирус) жұқтыру фактілері тіркелмеген, дегенмен зерттеушілер бұл сұрақты әлі де зерттеуде.
Жаңа туған нәрестеңізді бауырыңызға басып дене байланысын орнатыңыз. Жаңа туған нәрестені өзіңізге жақын орналастыру, бастапқыдан ана сүтімен емізуді бастауға мүмкіндік береді, бұл сонымен қатар сәби өлімінің қауіпін азайтады. Уақыт шешуші маңызға ие, сондықтан босанғаннан кейінгі алғашқы сағатта емізуді бастау ұсынылады.
>> Ата-аналарға арналған емшек емізу жайлы біздің шағын мастер-класымызды қараңыз
Егер мен COVID-19 ауырсам немесе COVID-19 бар деп күдіктенсем, емшекпен емізуім керек пе?
Иә, емдізуді тиісті сақтық шараларын қолданып жалғастыруыңыз қажет. Бұл шараларға бетперде тағу, қолыңызды сабынмен жуып отыру немесе нәрестені ұстағанға дейін және одан кейін қолыңызды құрамында спирті бар құралмен тазарту және де қолыңыз тиген беттерді үнемі тазалап, зарарсыздандыру жатады. Егер cіз омырауыңызға жөтелсеңіз, онда оны жуу қажет. Басқа жағдайларда, әр тамақтандыру алдында омырауды жуудың қажеттілігі жоқ.
>> COVID-19-дан қорғану үшін қолды қалай жуу қажет
Емізу үшін өзімді нашар сезініп тұрсам не істеуім керек?
Егер сіз емшекпен емізу үшін өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз, балаңызды қауіпсіз емшек сүтімен қамтамасыз ету үшін, басқа тәсілдер табуға тырысыңыз. Сүтті сүзіп алып, таза кесе немесе қасық қолданып, балаңызға беріңіз. Егер сіздің аймағыңызда қолжетімді болса, донорлық адам сүтін қолдану мүмкіндігін қарастырыңыз. Қол жетімді іс-әрекет нұсқалары туралы емшекпен емізу бойынша өз кеңес берушіңізбен немесе медицина қызметкерімен сөйлесіп сұрастырыңыз.
Емшек сүтін сүзу өзіңізді жақсы сезінген кезде, балаңызды қайта емшек сүтімен емізуді жалғастыру үшін де маңызды.COVID-19 инфекциясы расталған немесе күдіктенген жағдайдан кейін нақты күту уақытының мерзімі жоқ.
Сүтті сүзу немесе донорлық адам сүтін қолдану мүмкінсіз болса, онда емізуші ананы жалдау мүмкіндігін қарастырыңыз немесе дұрыс дайындалған, қауіпсіз және қол жетімді бірінші деңгейлі (алғашқы жарты жылдағы балаларға арналған) сүт қоспаларын қолданыңыз.
Егер балам ауырып қалса, емшекпен емізуім керек пе?
Егер балаңыз ауырып қалса, емшекпен емізуді жалғастырыңыз. Балаңыздың COVID-19-ды жұқтырғанына немесе басқа аурумен ауырғанына қарамастан, оны емізуді жалғастыру маңызды. Емшекпен емізу балаңыздың иммундық жүйесін жоғарлатып, емшек сүтінің құрамындағы антиденелер инфекциямен күресуге көмектеседі.
Емшекпен емізу кезінде қандай сақтық шараларын қолдану қажет?
Қолды жуудың ережелерін сақтаныңыз. Қолыңыз баланы ұстағанға дейін және одан кейін сабынды сумен жуылуы тиіс. Сонымен бірге қолды тазарту үшін құрамында спирті бар құралды қолдана аласыз. Сондай-ақ сіз ұстаған кез келген беттерді тазалап, дезинфекциялап отыру қажет.
Әдеттегідей, сүт сүзгішті, сүтті сақтауға арналған контейнерді және тамақтандыруға арналған керек-жарақтарды әрбір қолданғаннан кейін жуып отырыңыз.
Коронавирус кезінде емшекпен емізудің маңыздылығы
COVID-19 жағдайында кеудемен емізу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дайындаған басшылықты қараңыз.
Мақаланы цифрлық контентті жасауға маманданатын автор Мэнди Рич жазды, ЮНИСЕФ.