COVID-19-дың өршуі кезінде салауатты тамақтанудың қарапайым, қолжетімді және пайдалы кеңестері

Сіздің отбасыңызда дұрыс тамақтануды қолдауға бағытталған идеялар.

ЮНИСЕФ
Boy eating an apple
UNICEF/Darkhan Zhagiparov
25 Маусым 2020

Коронавирустық инфекцияның өршуі әлемдегі көптеген отбасылардың өмір салтын өзгертуде. Мектептер мен баланы күту орталықтары жабылған кезде, көптеген ата-аналар үйде көп ұақыт өткізуде. Олар бала күтімі, қашықтықтан жұмыс істеу және тұрмыстағы басқа да міндеттерді орындаумен қоса тамақты күнделікті түрде дайындау әрбір отбасы үшін маңызды мәселердің бірі болып табылады.

Көптеген ата-аналар дайын және өңделген тағамды қолдануды отбасыларын тамақтандыру үшін тез және арзан әдіс деп есептейді. Бірақ олардың қолжетімді әрі пайдалы баламалары бар екендігі жайлы біз осы мақала арқылы бөліскіміз келеді. 

Осы мақаладағы денсаулыққа пайдалы тамақтануға арналған 5 кеңестерді жасау арқылы теңдестірілген тамақтануды қалыптастыра аласыздар. Сондай-ақ, қазіргі COVID-19 өршіп тұрған уақытта бұл кеңестер балаңыздың иммунитеті мен денсаулығын қолдауға көмектеседі: 

1. Жемістер мен көкөністерді жеуді жалғастырыңыз.

Олардың балалардың рационында көбірек болуы аса маңызды болғандықтан жемістер мен көкөністердің қажетті мөлшерінің болуын қадағалаңыңыз. Оған қоса, оларды ұзақ уақытқа сақтаудың және қоректік элементтерін сақтаудың жақсы және қолжетімді әдістерінің бірі - тағамдарды мұздату.

Көкөністердің сақтау мерзімін ұзарту үшін сорпа, бұқтырма және басқа да тағамдарды көбірек жасап қою - бірнеше күн бойы тағам репертуарын түрлендіруге мүмкіндік береді.

2. Егер жаңа тағамдар болмаса, құрғақ немесе консервіленген тағамдарды қолданыңыз.

Егер балғын тағамдарды немесе мұздатылған көкөністерді табу қиын болса, олардың орнына құрғақ немесе консервіленген тағамдарды қолданыныз, мысалы, консервіленген немесе кептірілген бұршақ, көкөніс, сұлы жармасы және т.б.

Консервіленген бұршақтар қоректік заттарға қаныққан және оларды бірнеше ай немесе тіпті жылдар бойы сақтауға болады. Сіз оларды да рационыңызға енгізе аласыз. Сардина, скумбрия және лосось сияқты майлы балық консервілері ақуызға, Омега-3 май қышқылдарына және бірқатар дәрумендер мен минералдарға бай. Оларды бутербротарда, салаттарда және макароннан әзірленген тағамдармен бірге салқын түрінде жеуге болады, сонымен қатар негізгі тағамның бөлігі ретінде де жеуге болады.

Жасымық, бұршақ, күріш немесе кус-кус сияқты кептірілген бұршақтар мен дәндер де құнарлы, дәмді және олар ұзақ сақталады. Сүт немесе сумен дайындалған сұлы қауызы керемет таңғы ас бола алады және оған йогурт, туралған жемістер немесе мейіз қосуға болады.

3. Жеңіл және пайдалы дәмтатымдарды дайындап қойыңыз.

Күні бойы балалар көбінесе бір-екі жеңіл тағамдар жегісі келеді. Кәмпиттер мен тұзды тағамдардың орнына жаңғақтар, ірімшік, йогурт (тәтті емес болғаны жақсы болар еді), туралған немесе кептірілген жемістер, пісірілген жұмыртқалар және т.б. сияқты пайдалы тағамдарды таңдаңыз.

4. Жоғары өңделген тағамдарды тұтынуды азайтыңыз.

Тұтынуға дайын тамақ, зиянды дәмтатымдар мен сусындарда қаныққан майлар, қанттар және тұз мөлшері өте көп. Өнімдерді таңдағанда, олардың құрамында осындай зиянды заттардың аз болуына назар аударыңыз. Сондай-ақ тәтті сусындардан аулақ болуға тырысыңыз, ал оның орнына көп су ішуді дағдыға айналдырыңыз. Суға жемістер мен көкөністерді қосу, мысалы, лимон, лайм, қияр тілімі немесе жидектер - суға жағымды және дәмді хош иіс береді.

5. Бірге тамақ дайындауды мағыналы әрі қызықты дәстүрге айналдырыңыз.

Бұл салауатты тамақтануды әдетке айналдыруға және уақытты көңілді бірге өткізуге көмектеседі. Осылайша бұл сіздің балаңызбен  қарым-қатынасыңызды нығайтудың тамаша жолыі. Кішкентай балалар өнімдерді жууға немесе сұрыптауға көмектесе алады, ал үлкен жастағы балалар одан да күрделі тапсырмаларды орындап, дастархан жайуға көмектесе алады.

Отбасыңызбен тамақтану сағатын белгілеңіз. Мұның бәрі қазіргі әлемде болып жатқан осындай стресстік жағдайдағы балалардың алаңдаушылығын азайтуға көмектеседі.


Баланы емшек сүтімен емізуге байланысты ұсыныстар

Емшек сүті - 6 айдан 24 айға дейінгі балаларға арналған ең жақсы тамақ. Егер анада COVID-19 расталса, онда өздерінің қалауынша, баланы емізуді жалғастыруға болады. Алайда, олар емізу кезінде сақтық шараларын сақтаулары қажет: маска киіп, баланы қолға алғанға дейін және содан соң қолдарын жуып, қолмен ұстаған заттардың үстін үнемі тазартып, дизенфекциялап тұруы қажет. Егер вирус немесе басқа да аурулардың асқынуына байланысты емшекпен емізіп жіүрген ана өзін жайсыз сезінсе, онда баланы емізудің басқа да жолдарын қарастыруы тиіс.. Мысалы, сақтық шараларын сақтай отырып, сүтті сүзіп балаңызға таза шыныаяқ және / немесе қасықпен беруге болады.

Коронавирустың (COVID-19) өршуі кезіндегі тамақтану гигиенасына қатысты кеңестер

Қазіргі уақытта тамақ немесе азық-түлік қаптамасының коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуымен байланысты екендігі туралы ешқандай дәлел болмаса да, адамдар вирус қалуы мүмкін  заттардың үстін қолдарымен ұстап, вирусты жұқтырып алуы мүмкін. Алайда, сіз азық-түлік сатып алған кезде немесе тағамды біреу жеткізген кезде басқа адамдармен тығыз байланыста болу жұқтырудың қауіпін жоғарылатады. Әдеттегідей, тамақтан туындайтын кез-келген аурудың алдын алу үшін тағамның қаптамасы мен бетін жуу қажет.

Мысалы, ыдыстың қаптамасын ашу және сақтау алдында дезинфекциялық құралмен сүртіп шығуға болады. 

Қолыңызды сабынмен кем дегенде 20 секунд жуыңыз немесе құралында спирт бар сүлгімен сүртіңіз.

Жемістер мен көкөністер сияқты қаптамасыз өнімдерді ағынды судың астында жақсылап жуыңыз.

Жалпы тамақ гигиенасына қатысты кеңестер

  • Қолыңызды сабынмен тамақ дайындау алдында және дайындағаннан кейін кем дегенде 20 секунд жуыңыз.
  • Шикі ет, балық және көкөністер мен жемістер үшін екі бөлек кесу тақтасын пайдаланыңыз.
  • Ұсынылған температурада тағамдарды пісіріңіз.
  • Мүмкіндігіңізше тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтаңыз және өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.
  • Зиянкестердің пайда болуын азайту үшін қоқыстарды түрлері бойынша сұрыптауға тырысыңыз: мысалы, тамақ қалдықтары, қағаз және пластмасса.
  • Тамақтану алдында қолыңызды сабынмен кем дегенде 20 секунд жуыңыз және балаларыңыздың солай жасағандығына көз жеткізіңіз.
  • Әрқашан таза ыдыс-аяқ пен табақтарды қолданыңыз.