Қазақстанның жас эко-волонтерлері өз қалаларында пластикпен ластану мәселесін қалай шешуде

Атбасардан шыққан Samgau Upshift Бағдарламасының жеңімпаздары сәнді эко-сөмкелер жасап, табиғаттың пластикпен ластануымен күресуде

ЮНИСЕФ Казахстан
Eco-bags_Atbasar 2021
UNICEF Kazakhstan/2021/Marat Amir
19 Қазан 2021

Иван, 12 жаста, Солтүстік Қазақстандағы Атбасар қаласында тұрады және 6-сыныпта оқиды. Иванның анасы эколог және ол болашақта осы мамандықты таңдағысы келеді. Үшінші сыныпта Иван аудандық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауына қатысып, «Қоршаған ортаның полиэтилен пакеттермен ластануы» тақырыбындағы жұмысымен екінші орын алды.

Сондықтан, Иванның Samgau Upshift бағдарламасына жасөспірімдер мен жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын нығайту үшін қатысуға мүмкіндігі пайда болғанда, жобаның тақырыбын таңдау айқын болды.

Eco-bags_Atbasar 2021
UNICEF Kazakhstan/2021/Marat Amir
Иван жоба аясында тігілген сөмкемен суретке түсіп тұр

«Біз дәл осы тақырыпты таңдадық, өйткені елдегі, қаладағы және жалпы әлемдегі экологиялық жағдайды өзгерткіміз келеді, біз кез келген адам қолдана алатын ең оңай әдісті таңдадық. Жеке өзім бұл мәселе туралы алғаш рет мектепте сынып сағатын өткізген кезде ойландым, және табиғат көмекке мұқтаж деген қорытындыға келдім»,

- дейді Иван.

Жоба идеясын Атбасар мен Есіл қаласының оқушылары Даша, Саша және Ксюша қолдады. Балалар эко-сөмкелерді белсенді насихаттаушылар болды. Бұл ретте, жобаның басында барлық балалар тігуді біле бермеді.

Иван и Саша работают над раскроем сумок из ткани
UNICEF Kazakhstan/2021/Marat Amir
Иван мен Саша матадан жасалған сөмкелерді пішу үстінде

Балалар басқа 9 команда арасында Samgau UPSHIFT менторлық бағдарламасына іріктеуден өтіп, грант алып, кәсіби менторлардың қолдауымен өз жобасын іске асыра бастады.

«Егер біз әлемді өзгерткіміз келсе, өзімізден бастауымыз керек. Мен 3 жыл бұрын эко-сөмкелерді табиғатқа көмектесу үшін емес, әдемі және ыңғайлы болғандықтан ғана ұстай бастадым (ол кезде бұл ісіммен табиғатқа көмектесе алатынымды білмедім)»,

- дейді 9 сынып оқушысы Дарья.
Дарья шьет эко сумку на электрической швейной машинке
UNICEF Kazakhstan/2021/Marat Amir
Дарья электр тігін машинасымен эко-сөмке тігуде

Тақырыпты таңдап, балалар бірнеше ай бойы өз зерттеулерін жүргізді және комиссия алдында өз жобаларын қорғау үшін презентация дайындады.

Иванның туыстары оны белсенді түрде қолдайды. Анасы жақсы тігеді және сөмкелердің жаңа дизайнын ойлап табуға, кесте тігуге және басып шығаруға арналған арнайы жабдықты игеруге көмектеседі. Әкесі «Пакеттерге жоқ дейміз!» атты әлеуметтік жарнаманы түсіруге, ал немере ағасы интернетте бейнелерді монтаждап, жүктеуге көмектесті.

Готовые сумки с дизайнами, придуманными эко волонтерами
UNICEF Kazakhstan/2021/Marat Amir
Эко-волонтерлер ойлап тапқан дизайнмен дайын сөмкелер

Дарья жақындардың қолдауы өте маңызды екенін айтады:

«Бізге ата-аналарымыз көп көмектесті, олар қатты қолдау көрсетті, тігуге, сатуға көмектесті, сонымен қатар сөмкелерімізді пайдаланып, экология тақырыбына қызығушылықтары артты».

Балалар маталарды өздері таңдап, дизайнын жасайды. Олардың сөмкелерінде мынандай кесте жазуларды кездестіруге болады - «Пакеттерге жоқ дейміз» және «Эко-сөмке – менің таңдауым», «Мен эко–волонтермын». Сондай-ақ, олар сөмкелерге әртүрлі экологиялық суреттерді салады.

Ребята обсуждают дизайны изготовленных сумок
UNICEF Kazakhstan/2021/Marat Amir
Балалар дайын сөмкелердің дизайнын талқылау үстінде

Samgau UPSHIFT жобасы жас эко-белсенділерге өздеріне сенуге және өздерінің эко-жобасын, табиғатқа мейірімді әлеуметтік кәсіпкерлік бастамасын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Иван жоба туралы өз әсерімен бөлісті:

«Бұл ерекше жоба!!! Өйткені, менің достарым болмады, олар жобада пайда болды. Сондай-ақ, Samgau арқасында көптеген адамдар эко-сөмкелерді тігу немесе сатып алу мүмкіндігі туралы білді. Әрине, мен де Қазақстанның түрлі қалаларында балалар жүзеге асыратын басқа да жобалар туралы көп нәрсе білдім. Бұл деген керемет! Мен мұндай команданың құрамына кіргенімді мақтан тұтамын».

«Samgau бізге өте қатты көмектесті, мен бұл үшін өте ризамын, бізге құралдармен көмектесті және жалпы біздің идеямызды іске асыруға мүмкіндік берді, Samgau болмаса, біз нәтижеге қол жеткізе алмас едік»,

- деп белгілеп өтті Дарья.
Иван обрабатывает кромки ткани оверлоком
UNICEF Kazakhstan/2021/Marat Amir
Иван матаның жиектерін оверлокпен өңдеуде

Әдемі эко-сөмкелер жасау Атбасардағы оқушыларға эко-әдеттер қалыптастыруға және өз құрдастары мен достары арасында жаңа трендпен пакеттерден бас тартуға мүмкіндік берді.

Дарья:

«Біздің жобамыз одан да көп балаларды тарта алады. Біз тігуден басқа, үндеу парақтарын таратып, дүкендерде сатып алушылар мен сатушыларға полиэтиленнің зиянды әсері, табиғаттың ластануы және пакеттерді сөмкелерге алмастыру туралы айтып жүрдік».

Иван және оның командасы өз жобасын дамытуға шындап кіріскен және олар мұнымен тоқтап қалғылары келмейді.

Дария, Иван и Саша позируют с эко сумками, изготовленными собственными руками
UNICEF Kazakhstan/2021/Marat Amir
Дария, Иван және Саша өз қолдарымен жасалған эко-сөмкелермен суретке түсіп тұр

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап эксперименттік оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып, жасөспірімдер мен жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын нығайту бойынша SAMGAU (UPSHIFT) бағдарламасын іске асыруда. Аса осал топтарға (АИТВ және басқа созылмалы аурулары бар, мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар) ерекше көңіл бөлінеді. ЮНИСЕФ Инновациялық зертханасының флагмандық бастамасы болып табылатын UPSHIFT әдіснамасын пайдалана отырып, бағдарлама жастарды дамытудың, жастардың әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік саласын игерудің озық әдістерін біріктіреді.