Қазақстандағы ауылдық мектептер - пандемия жағдайындағы білім

Офлайн-оқыту жаңа санитарлық нормаларды сақтаумен кезекші бастауыш сыныптарда өтуде

Эльвира Яушева
Артем Костырко (2 класс) на уроке казахского языка.
UNICEF/Kaliyev
22 Қазан 2020

Орталық Қазақстанның Батпақ ауылдындағы мектепке кірген кезде бірінші кезекте қабырғада ілініп тұрған дезинфекциялық құрал мен балалардың температурасын электронды термосканермен өлшеп жатқан адам көзге түседі. Сыныптарға қарай асығып бара жататын шулы оқушылар тобы жоқ. Сабақтан кейін балаларын күтіп алатын ата-аналар жоқ. Тек медициналық маскаларды киген, температураны өлшеуде өз кезегін күтіп тұрған 6-11 жас аралығындағы оқушылардың  аздаған тобын байқайсыз.

Осы оқу жылы Қазақстанда әдеттен тыс жағдайда басталды. Ел тарихында алғаш рет Білім күніне орай гүлдер сыйланбады және дәстүрлі кездесулер мен мектептегі достармен және ұстаздармен өтетін  мерекелік жиналыстар өтпеді. Барлық іс-шаралар онлайн, қашықтықтан өткізіліп, тек "кезекші" бастауыш сыныптарға ғана ерекше жағдай ретінде рұқсат берілді. 

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі пандемия қаупі мен кіші жастағы балалардың білім сапасы арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысып, бастауыш кезекші сыныптарды енгізді. Бастауыш сыныптар ата-аналары офлайн оқуды таңдаған оқушылар үшін жұмысын жалғастыруда. Мектептердің жұмыс істеуіінің ең басты шарттары -  қатаң санитарлық нормаларды сақтау мен балалардың бірнеше ауысым болып оқуын ұйымдастыру.  

Ученики 4 класса Диана Костырко и Нурболат Мерекеев моют руки в школьном туалете.
UNICEF/Kaliyev
4 сынып оқушылары Диана Костырко мен Нұрболат Мерекеев мектеп дәретханасында қолдарын жууда.

Қазақстанның барлық 17 өңіріндегі 2800-ден астам шалғай ауыл мектептері қатаң түрде жаңа санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жұмыс істеуді жалғастыруда.

ЮНИСЕФ ЮНЕСКО-мен және Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, сәуір және мамыр айларында Қазақстанда COVID-19 карантинінің бірінші кезеңінде толық жинақталған мектеп қызметкерлеріне арналған арнайы вебинарлар сериясын ұйымдастырды. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 3000-ға жуық қызметкер мен медициналық қызметкерлер карантин кезеңінде және мектептер ашылғаннан кейін балаларды қалай қорғау  қажеттігі және COVID-19 таралуын болдырмау туралы білімін ұлғайтты. Вебинар жаттықтырушылары  қатысушылармен COVID-19 кезінде қалай өмір сүріп, қалай оқу керектігі туралы практикалық кеңестермен бөлісті. 

Татьяна Лысенко, төртінші сыныптың сынып жетекшісі: "Қазір біз жаңа оқу жылынан  бастап кезекші сыныптарда жұмыс істеп жүрміз және бізге оқуды қашықтықтан оқығаннан жүргізгеннен гөрі бетпе –бет оқыған оңайырақ. Жаңа нормалар күшейтілді. Балалар  маскаларын киіп жүр және олар оны екі сабақ сайын ауыстырып, қолдарын тұрақты түрде дезинфекциялайды. Әрбір екі сабақтан кейін  кеңістік  желдетіліп, тұтас бригадамен тазартылуда.  Басқа сыныптармен байланыс болмау үшін қоңыраулар әр түрлі уақытта беріледі.»

"Қазір біз жаңа оқу жылынан  бастап кезекші сыныптарда жұмыс істеп жүрміз және бізге оқуды қашықтықтан оқығаннан жүргізгеннен гөрі бетпе –бет оқыған оңайырақ. Жаңа нормалар күшейтілді. Балалар  маскаларын киіп жүр және олар оны екі сабақ сайын ауыстырып, қолдарын тұрақты түрде дезинфекциялайды. Әрбір екі сабақтан кейін  кеңістік  желдетіліп, тұтас бригадамен тазартылуда.  Басқа сыныптармен байланыс болмау үшін қоңыраулар әр түрлі уақытта беріледі.»

Татьяна Лысенко, төртінші сыныптың сынып жетекшісі
Татьяна Сорокина, медсестра общеобразовательной школы №6 села Батпак, измеряет температуру ученика 4 класса Тимофея Тимонина с помощью бесконтактного термометра.
UNICEF/Kaliyev
Батпақ ауылының №6 жалпы білім мектебінің медбикесі Татьяна Сорокина 4 сынып оқушысы Тимофей Тимониннің температурасын байланыссыз термометрі арқылы өлшеуде.

Мұғалім сондай-ақ балалардың жаңа нормаларға үйреніп жатқанын, COVID-19 салдарының қаншалықты ауыр болатынын  ұғынатынын және санитарлық талаптарды орындайтынын, және ата-аналардың мұғалімдерге балалардың қауіпсіздік шаралары туралы хабардарлығына көмектесетінін айтты.

Кезекші сыныптарда парталар арасында 1 метр әлеуметтік қашықтық сақталады. Бір партада тек бір ғана оқушы отырып, барлығы шахматтық  тәртіпте орналасады. Бос жерлерде балаларға бұл жерлерді отыруға болмайтынын еске салатын айқаспа белгісі қойылған. Кезекші сыныптағы оқушылардың саны 10-нан аспайды. Ал жалпы білім беретін мектептердегі орта буын оқушыларының өз сыныптастарымен осылай  кездесуге мүмкіндігі жоқ.  

Полина Сорокина (2 класс) на уроке казахского языка.
UNICEF/Kaliyev
Полина Сорокина (2 сынып) қазақ тілі сабағында.

Төртінші сынып оқушысы 9 жастағы Кирилл өз сыныбындағы барлық оқушылардың жаңа нормаларды сақтайтынын мәлімдей келе былай деді: "Мектеп ережелері  оқу жылынан бастап өте қатал болды. Кіреберістен бастап  температурамызды өлшеп алады. Қолды антисептикпен дезинфекциялап,  бір-бірімізден алыстау жерде масқа киіп отырамыз. Маскаларды әр екі сабақ сайын ауыстырып отырамыз". Кирилл оқушыларға  маска  кигеннен гөрі қашықтықты сақтау оңайырақ деп бөлісті.

"Мектеп ережелері  оқу жылынан бастап өте қатал болды. Кіреберістен бастап  температурамызды өлшеп алады. Қолды антисептикпен дезинфекциялап,  бір-бірімізден алыстау жерде масқа киіп отырамыз. Маскаларды әр екі сабақ сайын ауыстырып отырамыз".

Төртінші сынып оқушысы 9 жастағы Кирилл
Евгений Соловей, ученик 5 класса школы №6 села Батпак, дезинфицирует руки при входе в школу.
UNICEF/Kaliyev
Батпақ ауылының №6 мектебінің 5 сынып оқушысы Евгений Соловей мектепке кіре берісте қолын дезинфекциялауда.

ЮНИСЕФ АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен қауіпсіз мектеп ортасын құру үшін дезинфекциялау құралдары мен термосканерлерді сатып алды, сондай-ақ Қазақстанның барлық шалғай ауыл мектептерін COVID-19 алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары мен қолды қалай дұрыс жуудың көрнекті мысалдары бар ақпараттық және білім беру материалдарымен қамтамасыз етті.

ЮНИСЕФ пен АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) 195 000-ға жуық оқушысы бар мектептерді санитарлық жабдықтармен қамтамасыз ете отырып,  Қазақстанның  шалғай аудандардағы балалар арасында COVID-19-ның одан әрі таралуын болдырмауға көмектесті.

учащиеся 2-х классов общеобразовательной школы № 6 села Батпак Рамина Оспанова (в белом), Ясмина Оспанова (в розовом) и Валерий Демин позируют для фото.
UNICEF/Kaliyev
Батпақ ауылының № 6 Жалпы білім беретін мектебінің 2-сынып оқушылары Рамина Оспанова (ақ түсті киімдегі), Ясмина Оспанова (қызғылт түсті киімдегі) мен Валерий Демин.

 "ЮНИСЕФ-тің ақпараттық материалдары барлық жерде ілінген. Температура күн сайын термосканерлермен өлшенеді. Егер бала мектепке науқас күйде келсе, бұл бірден  анықталады. Осы шаралар қауіпсіз оқу процесін бақылап, COVID-19 одан әрі таралуын болдырмауға көмектесуде. ЮНИСЕФ плакаттарындағы ақпарат өте қолжетімді және түсінікті түрде берілген", - деді Батпақ ауылы мектебінің мұғалімі Татьяна Лысенко.

ученик 3-го класса Юрий Костичану позирует для фото перед входом в класс.
UNICEF/Kaliyev
3-сынып оқушысы Юрий Костичан сыныпқа кіре берісте.

Сынып жетекшісі барлық шектеу шаралары уақытша болады деп үміттеніп, жақын арада барлығы дәстүрлі офлайн оқуға  орала алатындығы жайлы үмітімен бөлісті.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ қашықтықтан оқуды жалғастыру немесе мектептерді қайта ашу туралы шешімді жергілікті деңгейде COVID-19 эпидемиологиясын ескере отырып, тәуекелді бағалауға негізделген тәсілді пайдалану арқылы қабылдауды қолдайды.