ЮНИСЕФ ұйымындағы БҰҰ еріктісі Қазақстан Үкіметінен марапат алды

ЮНИСЕФ ұйымындағы БҰҰ еріктісі Қазақстан Үкіметінен марапат алды

UNV - https://www.unv.org/
At the Global Conference on Primary Health Care, UN Volunteer Communications Officer Oleksandra Gaskevych received a prestigious award given to young leaders for their contribution to development from the Minister of Health of Kazakhstan. (UNICEF, 2018) 
UNICEF Kazakhstan, 2018

05 Желтоқсан 2018

Александра Гаскевич (Украина) – БҰҰ еріктісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілдігінде қоғаммен байланыс маманы. Жақында, Жаһандық алғашқы медико-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда Александра Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің қолынан жас көшбасшыларға дамуға қосқан үлесі үшін берілетін абыройлы марапатқа ие болды.

Соңғы жеті айдан бері Александра ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінде қоғаммен байланыс ұжымына жетекшіілк етіп келеді. Оның жұмысына көптеген міндеттер кіреді, соның ішінде байланыс пен насихат саласындағы стратегияны жүзеге асыру, атап айтқанда, сандық контент өндіру және барлық іс-шараларды үйлестіру.

Александра қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ететін тұлғалармен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтің және бейүкіметтік ұйымдардың өкілдерімен, әрі қауымдастық басшыларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасап, ЮНИСЕФ-тің насихат идеяларын ілгері бастыруды, тұрақты байланыстар орнатуды және ақпаратты тиімді таратуды қамтамасыз етеді. Қазақстандағы кеңсе үшін байланыс және насихат мәселелері жөнінде жетекші рөл атқара отырып, ол донорлар көмегін жұмылдыру және әлеуетті серіктестік қарым-қатынастар орнату мүмкіндіктерін зерттеу үшін бағдарламалар жөніндегі секциялармен және жоғары басшылықпен байланыста болады.

«Қоғаммен байланыс маманы ретінде мен Қазақстандағы балалардың құқықтары қорғау, сапалы әлеуметтік қызметтерге, денсаулық сақтауға және білім алуға қолжетімділікті жеңілдету үшін ЮНИСЕФ-тің бағдарламалар жөніндегі барлық секцияларымен тығыз жұмыс жасаймын. Мен үшін БҰҰ еріктілер бағдарламасы Қазақстандағы балалардың құқықтарын ілгері бастыруға өз үлесімді қосудың керемет мүмкіндігі болды» - Александра Гаскевич, БҰҰ еріктісі, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің қоғаммен байланыс маманы.
Балаларды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету ЮНИСЕФ үшін Қазақстанда да, бүкіл әлемде де ең маңызды міндет болып табылады. Теңдік барлық балалардың тіршілік ету, даму және әлеуетін толығымен іске асыру қабілетін білдіреді.

25-26 қазанда Астанада Жаһандық алғашқы медико-санитарлық көмек жөніндегі конференция өтті. ЮНИСЕФ осы жоғары деңгейлі, бүкіл әлемнен келген делегаттар, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қатысқан шараны ұйымдастырушылардың бірі болды. Александра шараға дайындық жұмыстарының барлығына атсалысты.

Александра түсіндіргендей, «Жаһандық АМСК конференциясында алғашқы медико-санитарлық көмекті жаңа деңгейге шығару және баршаның дені сау болуына қол жеткізу мақсатымен жаңа Астана декларациясына қол қойылды. Конференцияның қорытынды отырысында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі қабылдаушы мемлекеттік үкіметі атынан ЮНИСЕФ Атқарушы директоры Генриетта Х. Фор ханымға және ДДСҰ Бас директоры д-р Тедрос Адханом Гебрейесус мырзаға денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапат тапсырды».

"Үкімет, сондай-ақ, Конференцияны ұйымдастыруға атсалысқан ұйымдардың жас көшбасшыларына да марапат тапсыруды ұйғарыпты, мен үшін ЮНИСЕФ ұжымы ішінен марапат алушылардың бірі атану – үлкен құрмет. Бұл марапат осы шараның сәтті өтуін қамтамасыз ету үшін аянбай жұмыс жасаған бүкіл ұжымға тиесілі деп санаймын", - Александра Гаскевич.
 
Александра Қазақстанда БҰҰ еріктісі ретінде жұмысын жалғастырып жатыр, әрі бай тәжірибе жинап жатқанынан сенімді. 
БҰҰ еріктісі атанып, мен БҰҰ еріктілері отбасының бір мүшесі атану мүмкіндігіне ие болдым, бұл отбасында әркім әлемдегі жағдайды жақсартуға өз үлесін қосады. Біріккен Ұлттар Ұйымымен халықаралық деңгейде жұмыс жасау маған өзгеше жағдайда жұмыс жасауға мұрсат берді, осылайша өз жұмысыма қатысты жаңа әдістер іздеуге және тың көзқараспен қарауға итермеледі", - Александра Гаскевич.

Александра Гаскевич байланыс саласында жұмыс жасау тәжірибесіне, журналистика саласында магистр дәрежесіне және медиа- және бейнеөндіріс саласында АҚШ дипломына ие. ЮНИСЕФ-ке келмес бұрын ол Украинада БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігінде (БЖКБ) және БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасында (ГМҮБ) байланыс саласында жұмыс жасаған. Сонымен қатар, БАҚ және телеөндіріс саласында да жұмыс тәжірибесі бар.