Психикалық денсаулық туралы әңгіменің басталуы: 6-10 жас

Оқудың басталуы, достық қарым – қатынасты қалыптастыру және тұрақтылықты арттыру - фокус сыртқы әлемге ауысады

UNICEF
2021_01_06_Astana_Roman_Gussak
UNICEF Kazakhstan/2021/Roman Gussak
28 Маусым 2022

Бала мектепке бара бастағанда, оның физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік дағдылары тез дамиды. Ол өзінің қобалжуларын сипаттауды және эмоциялар туралы көбірек сөйлесуді үйренеді.

Достық қатынастар мен құрдастар тарапынан қысым үй ортасынан сыртқы әлемге ауысқан сайын маңыздырақ бола бастайды.

Үйден тыс көбірек уақыт өткізе отырып, Сіздің балаңыз жауапкершілікті сезінеді және тәуелсіз болуды үйренеді.

Кейбір ересек балалар жыныстық жетілу кезеңінен өте бастайды, физикалық және эмоционалдық өзгерістерді өткеретін болады.

Есею уақыты

Мектепке барған кезде бала сыртқы әлеммен бетпе-бет келеді және бұл оның өміріндегі маңызды оқиға болып табылады!

Сондай қиын уақытта балада өмірдің барлық саласында сенімділік сезімі дамиды. Мысалы, қарым-қатынасты қалыптастыру, мектепте оқу және спортпен шұғылдану, сондай-ақ өз эмоцияларын басқару. Егер Сіз баланың қал-жағдайына қызығушылық танытып, осы жолда оған қолдау көрсететін болсаңыз, бұл баланың төзімділігін арттыруға және психикалық денсаулығын нығайтуға көмектеседі.

Әңгімені қалай бастау керек
  • Баланың қал-жағдайы туралы сұрақтан бастаңыз. Онымен мектебі, достары, оған ұнайтын және ұнамайтын нәрселер туралы, оған қиын болып көрінетін нәрселер туралы сөйлесіңіз.
  • Күнделікті жағымды және жағымсыз эмоциялар тудыратын оқиғаларды қолданыңыз, мысалы, ол не сезінетінін білу үшін спорттағы жеңістер немесе төмен бағалар туралы айтыңыз, бұл онымен берік байланыс орнатуға мүмкіндік береді. 
  • Бала есейген сайын  және жыныстық жетілу кезіндегі физикалық және эмоционалды өзгерістер қалыпты жағдай екенін айтыңыз. Оны не күтетінін түсінуге көмектесіңіз. Баланың өзін қалай сезінетінін, бірге талқылауға болатын алаңдаушылықтары немесе сұрақтары бар-жоғын сұраңыз.
Ашық, сенімді және сүйіспеншілікке толы атмосфераны сақтаңыз

Балаңыз Сізге ашылған кезде өзін жайлы сезінуге көмектесіңіз.

● Сіздің балаңыз айналасындағылардың оны жақсы көргенін және қабылдағанын қалайды. Сіздің қабылдауыңыз - сенімді қалыптастырудың алғашқы қадамы. 

● Сіз келтірген мысалдарға мұқият болыңыз. Балаңыз Сізге қарап, эмоцияларыңызды бақылап, әртүрлі жағдайларға қалай әрекет жасайтыңызды білетін болады.

● Баланың жетістіктері мен жақсы мінез-құлқын белгілеп жүріңіз. Оны мақтаңыз, тұлға ретінде емес («О, қандай ақылдысың!»), іс әрекеттеріне көңіл бөліңіз («Сен осыған жету үшін көп жұмыс атқардың, сондықтан сенің қолыңнан келді!»).

Есіңізде болсын: Сіздің уақытыңыз - бұл балаңыз үшін қымбат сыйлық

● «Мен сені жақсы көремін» деп айту немесе баланы құшақтау - махаббатты көрсетудің жалғыз тәсілдері емес.

● Тыңдаңыз және ол айтқысы келетін нәрсеге шынайы қызығушылық танытыңыз.

● Қаншалықты маңызды болмасын, бірлескен іс-шараларға қатысудан ләззат алыңыз.

● Оны отбасылық істерді шешу процесіне қосыңыз, мысалы, бүгін кешкі асқа не дайындау керек.

● Балаңызға ешнәрсеге қарамастан, және ол қателіктер жіберген кезде де жақсы көретініңізді айтыңыз.