“Мен осылай бір жыл ауыруға келісемін, бірақ ол ауырмасын, бір күн де ауырмасын”

Қызылшадан аман қалған Қазақстандық азаматтың анасы өз тәжірибесімен бөліседі

ЮНИСЕФ Қазақстан
Varya
UNICEF Kazakhstan/Anastasia Naumova
15 Қараша 2021

Анастасия Наумованың үлкен қызының аты Варя, қазір ол тоғыз жаста. Қызды үш жасында арық және тұйық күйде балалар үйінен алып кеткен.

Наумовтар балалы болуды көптен бері армандаған, сол кезде осы қыз Настяның күйеуі Алексейге ұқсайтыны таңқалдырған болатын. Оларды ештеңе тоқтатқан жоқ: Варюшаның қиындықтары да, ауруы да, оның диагнозы да — АИТВ-мен ауыратыны туралы айтылған.

Varya
UNICEF Kazakhstan/Anastasia Naumova

Варя Жаңа Жылды тойлау кезінде

Анастасия мен Алексей қыздарының АИТВ-мен ауыратынын жасырмаймыз деп шешті. Айналаға жалтақтап өмір сүргеннен гөрі (тек ешкім білмесе болды деп), шындықты айтқан дұрыс. Олар ешқашан өз шешімдеріне өкінбегенін айтады.

2018 жылдың қараша айында Варя скарлатинамен ауырды. Ол кезде отбасы Алматыдан Атырауға енді көшіп келген еді. Анастасия қызын екі педиатрға көрсетті, бірақ оларды ештеңе күдіктендірмеді. Кейін ЖИТС орталығындағы отбасының инфекционисті қарап: "Сіздерде скарлатина", - деді.

"Бұл маған ұмытылған ауру сияқты көрінді, бұл мүмкін емес деп ойладым. Варя жазылып кетті. Қалпына келгендей болды. Бірақ содан кейін менде қорқыныш пайда болды. Және бұл бекер емес екен", - дейді Анастасия.

Наумовтарға АИТВ-мен ауыратын балаға тірі вакциналар қарсы көрсетілген деп бұрын ескертілген болатын.

"Мен Варя жұқтырып алады деп қорқатынмын", - дейді Анастасия. "Мен ке келген инфекциядан, тіпті қарапайым ЖРВИ-ден қорқамын. Мен оның диагнозымен вирус қалай жұмыс істейтінін, ағзаға қалай әсер ететінін білмеймін. Құдайға шүкір, оған ұзақ уақыт бойы ештеңе жұқпады. Бірақ, белгілі болғандай, қызылша емес.”

АИТВ диагнозы қойылған барлық балаларда тірі вакциналар деп аталатын — Манту, БЦЖ және қызылша, паротит және қызамыққа қарсы ҚҚП вакциналарына қатысты мед қарсылықтар бар.

ДДСҰ клиникалық хаттамасына сәйкес қызылшаға, эпидемиялық паротитке және қызамыққа қарсы вакцина (ҚҚП) және қызылшаға қарсы басқа да вакциналар ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес симптомсыз ағымы немесе жеңіл иммуносупрессиясы бар АИТВ-мен ауыратын пациенттер үшін қаралуы тиіс. Қызылша вирусымен жанасу қаупі жоғары нәрестелер үшін 6-11 ай жасында енгізілетін бір антигендік қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша дозасы, содан кейін стандартты ҚҚП вакцинасының немесе 12 ай және одан жоғары жастағы басқа вакцинаның бірінші дозасы (1 айлық дозалар арасындағы ең аз аралықпен) ұсынылады. Ата-аналар Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцина туралы көбірек біле алады, балаларға жоспарлы вакцинация туралы EGU.kz арнайы веб-сайтынан білуге болады.

Ақпан 2019 жыл. Варя мектепке баратын кезде, колготкасын киіп: "Мама, менің аяғыма не болған?", - деп сұрайды. Кейінірек бұл геморрагиялық васкулит екендігі белгілі болды - кішкентай нүктелерге ұқсас қанталаулар. 

Варя дереу ауруханаға жеткізілді. Олар мұны аллергия деп ойлады. Үш апта бойы балаға диагноз қойылмады, өйткені олар бұл қызылша екенін түсіне алмады

Anastasia Naumova shares her story
UNICEF Kazakhstan/Daniyar Musirov
Анастасия Наумова өз оқиғасымен бөлісуде

Белгілі болғандай, геморрагиялық васкулит дененің қызылшаға реакциясы болған. Инкубациялық кезең жүре бастаған. Бірақ Наумовтар жүгінген дәрігерлер мұны түсінбеді. 

Жұқпалы аурулар маманы ауруханаға қыздың температурасы 40 градусқа көтерілгенде келді, «қызылша» диагнозын қойды. Варя мен Настяны жұқпалы аурулар ауруханасына алып кетті.

Varya at the hospital with measles
UNICEF Kazakhstan/Anastasia Naumova
Варя қызылшамен ауруханада

"Осыдан кейінгі 10 тәулікті мен ешқашан ұмытпаймын..."

дейді Анастасия.

Варя қатты ауырды. Күндіз ыстығы көтеріліп, түнде ауырсынудан жылайтын. Настя баласына көмектесе алмады.

"Мен өзім он күн ұйықтамадым десе де болады. Үстелге сүйеніп, көзімді іліп аламын, таймер қосылады - сағат сайын Варяның температурасын өлшеу үшін қоятынмын. Ештеңе де істей алмайсың — емдеу симптомдық."

- дейді Анастасия.

Ең жаманы - асқынулар. Варяда оң жақты пневмония болды, ауыр болғаны соншалық тіпті сілекейін жұта алмады. Настя оған таблеткаларды қалай бере алады? Суды? Тамақты ше?

"Мен таблеткаларды аузына тығамын, ал Варя жылап айқайлайды: "Мама, ауырады! Мама, керегі жоқ!”. Екі жылдай өтті, ал мені әлі күнге дейін қобалжытады. Мен осылай бір жыл ауыруға келісемін, бірақ ол ауырмасын, бір күн де ауырмасын. Біреу екпе қоймағандықтан балаң зардап шегіп жатқанын көрсең, бұған қалай қарауға болады? Менің сөзім жоқ."- дейді Настя.

Ауруханада олар шамамен 6,5 апта өткізді. Олар болған кезде аурухана толы болды. Және дәл осындай қызылшамен - балалар да, ересектер де ауырып жатқан. Ересектер көп еді.

Бақытымызға орай, Варя жазылып шықты. Азған, 17 немесе 18 килограмм, әлсіз, бірақ тірі. 

Анасы Варяның аурудан кейін оқуы нашарлағанын байқады. Шамасы, он күндік температура оның танымдық қабілеттеріне әсер етті.

"Егер вакцинацияның қарсыластары адамдардың қызылшаға қалай төзетінін бір рет көрген болса, олар ойланар еді деп ойлаймын. Мед қарсылықтары бар балаларға қауіп төндіретіні өкінішті."- дейді Анастасия.

Наумовтар отбасы содан кейін қызына кәдімгі аудандық ауруханада екпе салдырды (оған қарсы көрсетілімі жоқ екпелерді).

"Балада АИТВ-инфекциясы, емделмейтін ауру бар, бірақ тіпті вакцинаға реакциясы болмады", - дейді Настя.

2019 жылы Қазақстанда қызылшаның таралуы орын алды, 16 871 жағдай тіркелді, оның ішінде 13 326 (78,9%) зертханалық түрде расталды. Қызылшадан 19 бала мен екі ересек адам қайтыс болды. Олардың ішінде 8 бала медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты вакцинацияланбаған. 2020 жылы қызылшаның 3270 жағдайы тіркелді, оның 2265-і 14 жасқа дейінгі балалар. ЮНИСЕФ Қазақстанда жүргізген талдау барысында жалған мед қарсы көрсетілім мен медициналық жеңілдіктер қызылшаға қарсы вакцинациялауда жіберіп алған мүмкіндіктердің негізгі себептерінің бірі екені анықталды. Талдау АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын ЮНИСЕФ-тің Қазақстанда қызылшаның таралуының алдын алу жөніндегі бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.

«Біз болашақта қызылша ауруының алдын алу және Қазақстанда иммундау бағдарламасын күшейту бойынша балалардың өмірі үшін осындай маңызды бағдарламаға қатысқаны үшін USAID-ке шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл жоба қазақстандық балалар мен отбасылардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенеміз», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі Артур ван Дизен.

Бағдарлама қызылшаның таралуының себептерін талдауға, ата-аналардың вакцинация және ақпараттық науқандар туралы пікірлерін зерттеуге, сондай-ақ вакциналарды жеткізуді жақсарту және медицина қызметкерлерінің иммундау әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстарға техникалық қолдау көрсетті. Мысалы, ЮНИСЕФ Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарындағы, сондай-ақ Алматы мен Шымкенттегі Отбасылық дәрігерлер қауымдастығымен ынтымақтастықта жалған медициналық қарсы көрсетілімдерді жою бойынша бірқатар тренингтер өткізеді.