Мектепке дейінгі білім: «Аялдайтын және ойланатын уақыт»

Өзін өзі бағалау процесі қазақстандық балабақшаға өз жұмыс сапасын қайта қарауға қалай көмектесті

Маргарита Бочарова
Учитель играет с детьми в детском саду «Қарлығаш».
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
14 Тамыз 2022

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері Сәуле Бибатырова мектепке дейінгі білім жүйесінде 29 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде ол педагог-тәрбиешілердің біліктілігін арттыру үшін курстар ұйымдастырып, методикалық оқу-әдістемелік құралдарын басып шығарып, әріптестеріне семинарлар өткізіп жүр. 2022 жылдың көктемінде Сәуле Тоқманқызының алдында жаңа міндет пайда болып, мектепке дейінгі білім беру сапасының қосымша көрсеткіштері негізінде балабақшаны дамыту бағдарламаларының өзін-өзі бағалауын жүргізуі керек еді.

Бұл көрсеткіштер ЮНИСЕФ-тің зерттеу кеңсесі – Innocenti бірлескен жобасы аясында Қазақстандағы ЮНИСЕФ және Ақпараттық-талдау орталығымен тығыз ынтымақтастықта әзірленді.

Соңғы онжылдықта Қазақстанда жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің саны 13 еседен астам өскен. Мемлекеттік балабақшаларда орын жетіспегендіктен ата-аналар балаларын жеке балабақшаға береді. Осыған байланысты көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мәселесі де өзекті сипатқа ие болып отыр.

Сондықтан аталмыш жоба Қазақстандағы мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызмет сапасын қамтамасыз ету мен мониторингтік әлеуетін күшейту үшін Білім министрлігіне қолдау көрсетуге шақырып отыр.

«Біз ұстаздарымызды инновациялық әдістерге үйретіп әрі дамытамыз. Осының бәрі мұғалімдердің білімі мен біліктілігін байытады, ал олар өз кезегінде балаларға өз білім, біліктілігімен келеді. Біздің жобалық қуаты 750 балаға арналған үш балабақшамыз бар», – дейді Сәуле өзінің күнделікті міндеттері туралы.

Ол балабақшаның негізгі міндеті баланың қабілетін ашуда жасына байланысты барлық психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның тұлға ретінде үйлесімді дамуын қамтамасыз ету деп есептейді.

Игры с детьми в детском саду «Қарлығаш»
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Сәуле Бибатырова «Қарлығаш» балабақшасында баллаармен ойнап тұр. Нұр-Сұлтан, Қазақстан

«Балабақша балалардың табиғи қабілеттерін ескере отырып, олардың қызығушылықтарын қолдап, бір мезетте отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнатып, жеке және сараланған тәсілді қолдануы керек», – дейді Сәуле Тоқманқызы.

Сонымен бірге Сәуле балабақшалар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі бақылау қажеттігін қолдайды. Оның айтуынша, «белгілі бір шек орнатып, оған қол жеткізу үшін мониторинг пен бақылау қажет».

Дәл осы мақсатқа ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып әзірленген мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту бағдарламаларының өзін-өзі бағалау құралы қызмет етеді. Өзін-өзі бағалау сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бөлшегі болғандықтан, ол мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына сапаның негізгі аспектілерін іштен бақылауға көмектеседі.

Мектепке дейінгі мекемелердің сапасын бағалауды педагогтың баламен жылы қарым-қатынасы, оның эмоционалдық, физикалық, интеллектуалдық дамуы мен қажеттіліктерін түсінуі, оның басқа балалармен және ересектермен ынтымақтастығы тұрғысынан көрсеткіштер тобымен толықтыру, сонымен қатар оның дамытушылық іс-әрекеттерге қатысу мүмкіндігі ұсынылады.

Встреча с коллегами
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Сәуле Бибатырова әріптестерімен кездесу өткізіп отыр. Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Бүгінгі таңда Қазақстанның 350-ден астам мемлекеттік және мектепке дейінгі жекеменшік мекемелері жаңадан әзірленген модульді әрі қарай қолдануда оның сенімділігі мен дұрыстығын тексеру үшін сапа көрсеткіштері бойынша сынақтан өткізген.

«Біз үшінші балабақша бойынша модуль толтырдық. Ол жерде әр топта 25 баладан 14 топ бар. Топта екі педагог пен тәрбиешінің бір көмекшісі бар, – дейді Сәуле Тоқманқызы. – Көрсеткіштер өте терең әрі қызықты. Бұл өте керекті модуль, мен оны өз әріптестеріме толтыруға кеңес берер едім».

Ол бірнеше күн бойы әріптес-әдіскерлерімен және тәрбиешілерімен осы модульмен танысу мен дұрыс толтыруда МАБ тренингіне қалай қатысқанын, әсіресе мамандық туралы өзінің түсінігіне ерекше жақын болған көрсеткіштерді қуана еске алады.

Сауле Бибатырова на встрече с коллегами
UNICEF/2022/RuslanKarsamov
Сәуле Бибатырова әріптестерімен кездесу үстінде. Нұр-Сұлтан, Қазақстан

«Педагог пен бала арасындағы қарым-қатынас – міне, маған ең ұнаған көрсеткіш осы», дейді өз әсері туралы Сәуле Тоқманқызы. Ол баланы қолғап киюге шақыратын тақпақты есіне түсіре отырып, мұндай ойын сәттерінің неліктен ерекше маңызды екенін түсіндіреді:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті – ойын болып табылады және барлық оқу үдерістері ойын түрінде өтеді. Педагог пен бала – ойын барысы мен ережесін өзгерте немесе толықтыра алатын ойынның тең құқылы қатысушылары».

Өзін-өзі бағалау модулі көрсеткіштерінің кейбір тобы отбасының қатысуына арналған. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту бағдарламалары мен ата-аналар арасындағы мықты қарым-қатынас балалардың жалпы білім алуын мен дамуына ықпал ете алады. Сәуле Тоқманқызы да: «Отбасында немесе жай балабақшада тәрбиеленіп жатқан баланы жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Бірақ, біз бір қайықтамыз. Бір бағытта жүзіп келеміз», дегенмен келіседі. Әдіскер тіпті жыл бойы мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесулерінің санын есептеу қиынға соғатынын байқайды, өйткені «бала балабақшаға қанша күн барады, сонша кездесу өтеді».

Сәуле Тоқманқызы есептей келе мұндай күрделі жағдайлар бірнеше рет – мысалы, тәрбиешілерге оқу процесін жоспарлауға бөлінген уақыт пен оқу уақыты туралы сұрақтарда болғанын айтады.

Соңғысын әдіскер былайша түсіндіреді: «Біздің елімізде көркем әдебиет оқу – ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің аясында өтеді. Сондай-ақ, сабақтан тыс бос уақытта біз балаларға ертегілер, әңгімелер, өлеңдер оқимыз, режимдік сәттерде бұл серуенге дейін, түскі астан кейінгі уақыт болуы мүмкін, бірақ нақты уақыты жоқ. Сондықтан әр топта тәрбиешілердің балаларға арналған кітаптарын оқудың уақыты әртүрлі болып шықты».

Айтқандай, балабақшаларда олардың дамуына сәйкес кітаптардың бар және үнемі қолжетімді болуы – оның сапалы тәрбие ортасы екендігінің көрсеткіші. Сәуле Тоқманқызы өзін өзі бағалау модулін толтыру – әріптестеріне кітап сөрелерін жаңарту керектігін байқауға көмектескенін айтады. Сондай-ақ есеп жүргізудің қажеттігі педагогтарға балабақша басшыларынан дәл қандай оқу-әдістемелік құралды сұрауға болатыны туралы ойлантып, және «идеялар мен тәрбиешілердегі шығармашылықтарды іске қосады», - дейді Сәуле.

«Бұл сұрақтар олардың педагогикалық жұмыстарына тікелей қатысты болғандықтан, педагогтар модульді толтыруға ашық және қызығушылықпен кірісті», – дейді Сәуле әріптестерінің өзін өзі бағалау үдерісіне қалай қарағаны туралы. Ол шындығында көп нәрсе мамандар командасына тәуелді екендігін, содан педагогтардың шығармашылыққа, өзгерістерге қаншалықты құштар екендігі, басқаша айтқанда бұрынғыдай балаларды дамыту мүмкін емес дей бермей, технологиялар, инновация, яғни жаңа нені қолдануға болатындығын айтады.

Әдіскер дәл осындай, «өзгере алатын» педагогтар ұсынылған өзін-өзі бағалау үдерісіне өте жақсы қарай алады деп есептейді. Сәуле Тоқманқызы мектепке дейінгі білім берудің сапасын шын мәнінде жақсарту үшін педагогтар мен әдіскерлер жылына кемінде екі рет: «Салыстыру және кейбір режимдік сәттерде, мысалы, өз жұмысын қайта бағалау үшін» сауалнамасын толтыруы керек деп санайды. Ол жобаның негізгі мәнін де дәл өзінің қадамдарын қайта бағамдаудан көреді.

«Бізге модульде ұсынылған көрсеткіштерге мұнан де көбірек мән беруге тиістіміз. Бұған біз шығармашылықпен және ерекше жауапкершілікпен келуіміз қажет. Бұл көрсеткіштер біздерге мүмкіндіктер туғызады», – дейді сөзінің соңында Сәуле Тоқманқызы.