Интернетте психикалық денсаулықты жақсартудың 5 тәсілі
Өзіңізге және басқаларға қалай қамқор болу керектігі туралы кеңестер

Өзіңізге және басқаларға қалай қамқор болу керектігі туралы кеңестер
Интернетті пайдалану қарым-қатынас жасау, білім алу және сіз үшін маңызды болып табылатын ақпаратты тарату үшін көптеген тамаша мүмкіндіктер ұсына алады, алайда бұл сонымен қатар белгілі бір проблемалармен де байланысты. Егер әлеуметтік желілерді немесе интернетті пайдалану сіз үшін бір уақыттарда күйзеліс жағдайын, қызғаныш немесе жалғыздық не болмаса өзіңізді бағалауыңыздың төмендеуі сезімін немесе қоғамнан қорқуды туындатқан болса, сіздің жалғыз емес екеніңізді сезіну керек. Төменде өзіңіздің психикалық денсаулығыңызға қамқор болып, интернетте қалай ізгі ниетті болып қалу керектігі туралы бес кеңес берілген.
1. Теріс әсер тудыратын жаңалықтарды бақылаусыз оқудан аулақ болыңыз
Әлеуметтік желілер мен онлайн-контент сіздің эмоцияларыңызға, ойларыңыз бен іс-әрекеттеріңізге қалай әсер ететінін мұқият қадағалап отырыңыз. Сіз өзіңізді бұл жағдайларда қалай сезінесіз? Жаңалықтарды оқығанда сіз ақпарат алғаныңызды сезінесіз бе әлде күйзеліске ұшырағаныңызды сезінесіз бе? Өз достарыңыздың мерекедегі фотосуреттерін көргенде, өзіңізді жақсы сезінесіз бе әлде қызғаныш туындай ма? Таңертең сіз телефоныңызды алдымен жаңалықтарды білу үшін аласыз ба әлде тек әдет бойынша ғана аласыз ба?
Интернетте қандай мақсатпен отырғаныңызды және бұл жағдайда қандай сезімдер туындайтынын анықтап алып, сіз әлеуметтік желілерде және басқа қосымшаларда қанша уақыт өткізетініңізге қажетті дербес шектеулер қоюыңызға болады. Жазылымнан бас тартуға немесе сіздің эмоцияларыңызға қасақана немесе байқаусызда теріс әсер ететін адамдардың барлығы туралы хабарлау үнемі қолыңыздан келе бермесе де, сіз дыбысты ағытып тастап көре аласыз немесе сізге ұнамайтын есептік жазбалардан контент келіп түсуін шектеп көре аласыз. Сіз интернетте көріп отырғаныңыздың (тіпті сіздің достарыңыздан келіп жатқандардың) барлығы бірдей шындыққа жанаса бермейтінін есте сақтау маңызды, алайда олар сізге ететін әсер – бұл шындық.
2. Абай болыңыз
Психикалық денсаулықтың барлық аспектілері мен амандық-саулықты қолдауға көмектесуге қабілетті тым жақсы онлайн-құралдар мен көптеген өте жақсы контенттер бар. Олар сізге ширығудан арылуға және назарды шоғырландыруға көмектесетін медитация қосымшалары мен сәйкестілік сезіміңізді және өзсанаңызды дамытудан бастап, байланыста болуға, адамдардың бір-біріне қолдау көрсетуіне көмектесетін платформаларға дейін. Көптеген тамаша онлайн оқыту құралдары бар, олардың көмегімен сіз жаңа бірдеңе істеп көруіңізге, мысалы сурет салумен немесе йогамен айналысып көруіңізге болады, бұл жаңа когнитивтік және шығармашылық машықтарды дамытуға көмектеседі, ал дене шынықтырумен онлайн айналысу сізге денсаулығыңызды қолдауға және ширығудан арылуға көмектеседі.
Шығармашыл адамдардың, мысалы, спортшылардың, әншілердің, үйде ас даярлайтын адамдардың, жазушылардың немесе өздерін толғандыратын проблемалар туралы ойларын білдіретін жас адамдардың позитивті және уәждейтін контентін тауып алуға тырысыңыз. Сіз сонымен қатар қажет болған жағдайда интернет пен әлеуметтік желілерді кәсіби көмек сұрауға және психикалық денсаулық туралы ақпарат іздеуге пайдалана алатыныңызды есте сақтаңыз.
3. Интернетте өзіңізді және басқаларды қорғаңыз
Өзіңіздің барлық бейіндеріңіздегі және әлеуметтік желілеріңіздегі құпиялылық баптауларын тексеріңіз. Веб-камера пайдаланылмайтын кездері оны жауып тастаңыз. Онлайн-қосымшаларда және сервистерде тіркелген кезде, әсіресе егер өзіңіздің толық аты-жөніңізді, мекенжайыңызды көрсету керек болса немесе фотосуретіңізді салу керек болса, абай болыңыз. Егер сізді интернетте көргеніңіз немесе ұшырағаныңыз алаңдатса, сіздің бұл туралы өзіңіз сенетін ересек адаммен, мысалы, ата-анаңызбен немесе мұғаліммен сөйлесуіңіз керек, инцидент туралы тиісті платформада хабарлауыңыз қажет (куәландыру үшін экранды суретке түсіріп алуды ұмытпаңыз) және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты сенім телефонының нөмірін және қосымша ақпарат алу үшін сіздің еліңіздегі психикалық денсаулықты қорғау қызметінің телефон нөмірін тауып алуыңыз керек.
Сонымен қатар сіз адамдардың интернетті пайдалану тәжірибесіне назар аударып, сыныптасыңыз, досыңыз немесе тіпті таныс емес адамның өздерін нашар сезінуінің белгілерін танып немесе олардан күйзеліс белгілері көрінетінін байқап, басқа адамдарға да көмектесе аласыз және басқа адамдардың оларға қажетті қолдау алуына көмектесе аласыз.
Сөздің мәні зор, сондықтан біздің айтатынымызды мұқият ойластырып алуымыз маңызды.
4. Меірімділікті таңдаңыз
Әлеуметтік желілерді игілікке пайдаланып, достарыңызбен, отбасыңызбен және сыныптастарыңызбен позитивті және қолдау көрсететеін контентпен бөлісіңіз.Мысалы, сіз бір адамға ол үшін алаңдайтыныңызды ол түсінетіндей етіп жазба жіберуіңізге болады немесе ол орналастырған жарияланымға оң комментарий қосуыңызға болады. Егер біреудің хабарламасына немесе жарияланымына теріс тұрғыдан жауап беретініңізді түсінсеңіз, тоқтаңыз да, бұл ойды басқаша тұжырымдауға болмас па екен деп немесе жауабыңызды жариялаудың орнына жеке кездесіп сөйлесуге болмас па екен деп ойлап көріңіз. Егер сіз қорқытатын немесе қорлайтын деп санайтын хабарламалар немесе контент көрсеңіз немесе алсаңыз, олары бұғаттап, проблема туралы хабарлау керек. Сөздің мәні зор, сондықтан біздің айтатынымызды мұқият ойластырып алуымыз маңызды. Біздің барлығымыздың мейірімді болу және адамдарға қуаныш әкелу әлеуетіміз бар – сондықтан да өшпенділікті емес, сүйіспеншілікті таратайық!
5. Шынайы өмірде байланыста болыңыз
Онлайн- және офлайн әлемдер арасындағы шекара көмескіленіп бара жатқандай сезілуі мүмкін, осыған байланысты біздің осы сәтте өмір сүріп, біздің туа біткен қажеттілігіміз - адамдармен қарым-қатынас жасасу қажеттілігімізді қанағаттандыру барған сайын қиындап бара жатыр. Сіз айналысып жатқан ісіңізді әлеуметтік желілерде ол туралы есеп жасау үшін бөлетініңізді немесе достарыңызға қоңырау шалып немесе кездесіп, жағдайларын білудің орнына, олардың оқиғаларын желілерден оқитыныңызды қай уақытта болмасын байқадыңыз ба? Әлеуметтік желілерден аракідік шығып немесе оларды пайдалануда үзіліс жасап, уақытты шынайы өмірде достарыңызбен немесе отбасыңызбен қауіпсіз жағдайларда өткізу маңызды. Өз алдыңызға дербес шынайы мақсаттар, мысалы, оянғаннан кейінгі немесе ұйықтардың алдындағы бір сағаттың ішінде телефонды қолға алмау немесе интернетке кірмеу (сіз энергияңызды босқа жұмсайсыз және ақпаратты сүзгілемей жұтуға етіңіз үйреніп кетеді) мақсаттарын қойып көріңіз. Медитация, серуендеу немесе досыңызға қоңырау шалу сияқты істер де сізді осылай ынталандыратын болады, бірақ сіз өзіңізді анағұрлым жинақталған және байсалды сезінетін боласыз.