Елизавета Клочкова ЮНИСЕФ-тің инновация саласында өткен тағылымгерлік тәжірибесімен бөлісті

ЮНИСЕФ-тегі тағылымгерлік тәжірибе

Елизавета Клочкова
Елизавета Клочкова
UNICEF
30 Қазан 2019

Менің аты-жөнім Елизавета Клочкова, мен соңғы үш айда Нұр-Сұлтан қаласында, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы елдер кеңсесінде инновациялар бойынша тағылымгер ретінде жұмыс істедім.

Бұл тағылымдама – менің Орталық Азия Университетінің Қоғамдық Саясат Мектебіндегі бір жылдық магистрлік бағдарламамның соңғы компоненті (бұл университетті мен қоғамдық секторда жұмыс атқарғысы келгендердің барлығына ұсынамын). Мен «тағылымдама табу» деген қарапайым тіркестің өзі менің көптеген құрдастарымның (менімен қоса) -  әсіресе жұмыс орындарына конкурстар туралы не еститінімізді ескерсек, өзіне сенімсіздігін тудыратындығын жақсы түсінемін. «БҰҰ агенттіктерінің бірінде (әсіресе қызықтыратын салада) тағылымдама табу» тіркесі небәрі бір жыл бұрын мен үшін шындыққа еш жанаспайтын болып көрінетін. Дегенмен бүгінгі таңда мен халықаралық ұйымдар қызықтыратын жастардың барлығын өз күштеріне сенуге және осы бағытта өздерін сынап көруге шақырамын.

Мен инновациялар бойынша тағылымдамаға баруды шештім, өйткені оқып жүрген кезімде цифрландырумен байланысты курстар алғанмын. Мені «саясат пен қоғамдық қызмет» және  цифрлық технологияларды дамыту арқылы қол жеткізген әлеует арасындағы саңылау қызықтырды. Біз жаңа технологияларды көбінесе «Жұлдызды соғыстар» ғаламынан деп қабылдап, күнделікті өмірде қолданатын тәжірибе ретінде қарамаймыз. Сонымен бірге, біз өзіміз жұмыс істейтін аудиторияның жеке өмірі мен абыройын ойда ұстауымыз керек. Инновация бағытында ЮНИСЕФ-те жұмыс істеу заманауи технологиялар мен саясаттың өзара ықпалдасуын, және оған қоса жоғары этикалық стандарттармен үйлестіретін бірегей және еліктіретін іс-тәжірибе болып шықты.

Менің ЮНИСЕФ-тегі тағылымдамам әр-алуан міндеттерден тұрды, олардың ішінен мен инновациялық халықаралық саланың кәсіби мамандарымен пікірталастарды бөліп көрсетер едім. БҰҰ – бұл біз үнемі  жаңалықтардан, оқу аудиторияларында және әңгімелерден үнемі еститін ұйым, бірақ оның агенттігінің күнделікті қызметі туралы ішінен танып-білу шынымен қызықты болды. Менің супервайзерім Раушан Ибрашева заманауи технологиялар мен олардың ЮНИСЕФ бағдарламаларымен байланысы туралы менің біліміме өте көп үлес қосты. Халықаралық ұйымдарды дәрістер бойынша зерделеу мен олардың бірінде жұмыс істеу – бір-бірінен айрықша әр түрлі тәжірибе. Мен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінің қызметкерлеріне олардың жұмыс процесі бойынша ұсыныстары үшін ризамын.

Қорытындылай келе, маған Қазақстанда болу және Нұр-Сұлтан қаласын танып-білу өте ұнады.  Менің осында өткізген уақытым ішінде елді дамыту бағдарламаларын білуім және жергілікті сәулетті және көрмелерді тамашалауым мен үшін өте қызықты болды.

 

Халықаралық ұйымдарды дәрістер бойынша зерделеу мен олардың бірінде жұмыс істеу – бір-бірінен айрықша әр түрлі тәжірибе. Мен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінің қызметкерлеріне олардың жұмыс процесі бойынша ұсыныстары үшін ризамын.