“Біз білім жинадық, ауруды зерттедік және COVID-19-бен жұмыс істеуді үйрендік”

Коронавирус пандемиясының нағыз өршу кезеңінде медициналық қызметкерлердің жұмыс күндері туралы емхананың меңгерушісі Баян Нұрғалиева

Назира Қайымова
UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova
25 Маусым 2021

Баян Нұрғалиева - профессор, Алматы қаласындағы емхананың терапевт дәрігері және меңгерушісі: “Біз үшін ең қиын айлар маусым және шілде айлары болды. Барлық қала карантинде болды, бірақ біз жұмысымызды жалғастырдық ”, - дейді Баян.

UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova

Емхана алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (АМСК) көрсете отырып, коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастармен жұмыс істеді. Наурыз айынан бастап, емхананың медициналық қызметкерлерінің командасы ауруды зерттеп, қосымша қорғаныс құралдары арқылы науқастармен жұмыс істеуді үйренді.

“Бастапқыда, әрине, өте қиын болды, себебі біз ауруды білмедік және оған дайын болмадық. Менің ойымша, бүкіл әлем дайын болмады”, - дейді Баян.

Медицина қызметкерлерінің жұмыс кестесі, әсіресе учаскелік қызмет пен КТ (компьютерлік томография), МРТ (магниттік-резонанстық томография) және рентген мамандары үшін бұрынғыдан да ретсіз болды. Науқастар үнемі қолдауды талап етті және дәрігерлер түнгі ауысымда жұмыс істеді.

Баянның айтуынша, бірінші айларда емхана персоналының шамамен 80% COVID-19-бен ауырып шықты. Тіпті қосымша қорғаныс құралдары болса да, вирусты жұқтыру оңай болды, өйткені дәрігерлер коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ковидті науқастармен күнделікті байланыста болды.

“ПТР (полимеразды тізбекті реакция) арқылы зерттеу үшін материал жинаған менің барлық әріптестерімде COVID-19 болды. Олардың барлығы маска тағып, қолғап киіп, Face Shield-пен жұмыс істеді”, - дейді Баян. “Көптеген таныс әріптестерімізді жоғалтып алдық. Олардың ішінде, жас адамдар да аз болмады, өкінішке орай барлығы қайтыс болды”.

UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova

Баян коронавирустық инфекцияның шарықтау кезеңінде барлық дәрігерлер ауырып, шеңбер күн сайын тарылып бара жатқандай өте қорқынышты болғынын айтады.

Осы кезеңде Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша емханалар мобильдік бригадаларды құра бастады. Мобильдік бригадада дәрігер, медбике және жүргізуші жұмыс істейді. Олар аурулардың үйлеріне барады, ПТР-тест алады, ем жазып береді және науқастың күйіне бақылау жүргізеді. Дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызу немесе жатқызбау бойынша маңызды шешім қабылдауы тиіс. Олар науқастың күйінің нашарлауын анықтайды, сатурациясын бақылайды. Ал егер пневмонияны белгілейтін болса, өкпені компьютерлік томографиядан (КТ) өткізеді.

UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova

“Мобильдік бригада — бұл батырлар. Олар өте тиімді жұмыс жасайды ”, - дейді Баян.

“Науқастың өкпесі 10% зақымданған өте күрделі жағдайлар да болды. Біз оны стационарға жіберетінбіз, ол емделіп шығатын, бірақ өкпесі 75% зақымданған болады. Яғни, науқас цитокин дауылын басынан кешеді. Мұндай науқастар көп ”, - деп белгіледі Баян.

Баянның есептеуінше, қазір COVID-19 өзгерді және “жасарады”. Егер пандемияның бірінші айларында қатер тобында тек қана егде жастағы адамдар болса, қазір жастар, жасөспірімдер және тіпті балалар да бар.

“Бізде 9 айлық баланың ПТР-оң көрсеткен жағдайы болды. Ата-аналарына қарағанда, олар ауруды жеңіл өткізеді”, - дейді Баян.

Баянның айтуынша, инфекцияның алғашқы шыңы 2020 жылдың шілдесінде болған, содан кейін ауру саны қараша айында көбейді, ал үшінші толқын 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында келді. Дегенмен, адамдар ауруға үйренді және қатты дүрбеленге салынбайды.

“Бірақ біз ұмытпауымыз қажет, COVID-19 – өте жұққыш ауру”, - дейді Баян. “Бір адам 17 адамға дейін жұқтыруы мүмкін”.

“Фильтр деген ұғым пайда болды. Бұрын оны тұмау уақытында ғана ұйымдастыратын. Енді ол тұрақты түрде жұмыс істейді”, - дейді Баян. “Біздің эпидемиологтар емханаға кіретін жерді «таза» және «кір аймақтарға» бөліп қойды, бұл жұқтырған науқасты бірден оқшаулау үшін жасалған”.

UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova

Фильтрде медбике жұмыс істейді, ол температураны өлшейді, анамнезін сұрастырады. Егер адамның дене қызуы жоғары болса, оны бірден оқшаулайды, басқа адамдарға жұқтырмау үшін, жеке бөлмеге кіргізеді.

“Барлық дәрігерлер пульсоксиметрмен жұмыс істейді. Бұрын онымен реаниматологтар жұмыс істейтін, ал қазір қандағы оттек құрамын – сатурацияны анықтау үшін оны жедел жәрдем қолданады. АМСК-ның әрбір медбикесі пульсоксиметрмен жұмыс істейді, егер сатурация түсіп қалса бұл өте қатерлі екенін біледі”, - дейді Баян.

Қазақстан Үкіметінің COVID-19 пандемиясымен кұресудегі қорғаныс шараларын қолдау үшін және медициналық қызметкрелерге көмек көрсету үшін 2020 жылғы желтоқсанда және 2021 жылғы мамыр айында БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) Еуропалық Одақпен серіктестік жасап, Алматы облысына және Алматы қ. дексаметазонның 72 200 ампуласын және 433 пульсоксиметр жеткізді. Жалпы, осы серіктестіктің аясында Қазақстанға Еуропалық Одақтан гуманитарлық көмек ретінде дексаметазонның 330 000-нан астам ампуласы және 2 000 импульстік оксиметр әкелінді.

“Біздің клиника вакцинация бағдарламасына қосылды, және біз қазірдің өзінде бізге бекітілген халықтың 10%-на екпе жасадық (ескерту: 2021 ж. мамыр айының соңына)”, - дейді Баян. “Вакцинация аурудың үлкен шоғы бар қарт адамдардан басталды. Олар бұл туралы жастарға қарағанда көбірек түсінеді. Жастар ауруға оңай төзе аламыз деп сенеді және қорықпайды”.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2587 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды - ел тұрғындарының 13,6%, вакцинаның екі компонентін де 1480 мың адам алды – халықтың 7,8%.

“Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін, халықтың 60%-дан бастап 80% дейін вакцина салу керек”, - дейді Баян. “ Адамдардың вакцинацияға деген осындай жеңіл-желпі көзқарастарына өте өкінемін. Бұл мені дәрігер ретінде қорқытады”.

UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova
UNICEF Kazakhstan/2021/NaziraKaiymova

Баян вакцинацияға өте мұқият қарау керек деп санайды. Оны енгізіп, жүзеге асыру керек.

“Адамдарға түсіндіру, оларды оқыту, позитивті видеолар көрсету және жеке тәжірибелерімен бөлісу керек. Адамдар вакцинация туралы отбасыларына және әріптестеріне өздері айтуы керек”, - дейді Баян. “Қалай болғанда да қолды жууды, маска киіп жүруді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыру керек”.

Қосымша ақпарат:

Цитокин дауылы — бұл адамның өз тіндерін зақымдауға әкелетін, бақыланбайтын қабыну. Ауру уақытында қабыну ошағының тіндері бұзылады, иммундық жүйе шекті қуатта жұмыс жасай бастайды, нәтижесінде қабыну жақын атқан тіндерге таралады. Сондықтан өкпенің зақымдану пайызы үлкейеді. Бұл COVID-19 ауруы кезінде де болуы мүмкін.

 

Еуропалық Одақтың гуманитарлық көмегі есебінен қаржыландырылады. Пікірлер мен көзқарастар тек автордың (авторлардың) пікірлері болып табылады және олар міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. Еуропалық Одақ олар үшін жауап бермейді.