«Баланы дамытуды үйренеміз» бағдарламасы бойынша тренерлерді оқытудың екінші легі басталды

Алматы қаласында 20 қыркүйекте денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала мемлекеттік мекемелері мен ҮЕҰ қызметкерлері үшін пилоттық оқытудың екінші кезеңі басталды

UNICEF
UNICEF Kazakhstan
UNICEF Kazakhstan
23 Қыркүйек 2021

Алматы қаласында 20 қыркүйектен бастап Алматы, Нұр-сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Тараз және Шымкенттегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала мемлекеттік мекемелері мен ҮЕҰ қызметкерлері үшін пилоттық оқытудың екінші кезеңі басталды. Қажетті білім мен дағдыларды алғаннан кейін олар 40 баламен және олардың отбасыларымен жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп Шымкентте 19-23 шілде аралығында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Денсаулық сақтау жүйесінің 14 маманы үшін пилоттық оқытудың бірінші легін өткізген.

Курстың мақсаты – мамандарды оқытатын жаттықтырушыларды даярлау. Мамандар өз кезегінде ата-аналарға баламен қалай қарым-қатынас жасау, онымен қалай ойнау, оның қызығушылығын табу және баланы отбасының күнделікті істеріне тарту арқылы дамытуды үйретеді. Сондай-ақ, ата-аналарға стрессті қалай жеңуге болатыны үйретіледі.

Алматы қаласында пилоттық оқытудың екінші кезеңінен 21 адам өтеді, олар 10-11 адамнан тұратын екі топқа бөлінеді. Болашақ жаттықтырушылардың практикалық дағдыларын бекіту үшін офлайн компоненттің ұзақтығы 10 күнге дейін көбейтілді.

Оқыту курсы нақтыланып, материалдарды бейімдеуді, жаттықтырушыларды даярлауды, мамандар мен ата-аналарды оқытуды қамтитын болды. Осы бағдарламаның нысаналы тобы зияткерлік дамуы, оның ішінде аутистік спектрі бұзылған 2-9 жастағы балаларға күтім жасайтын адамдар болып табылады, сондай-ақ оны барлық балаларға қолдануға болады.

Бұл курстың мақсаты – ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен келісім мен өзара қарым-қатынасты дамыту, мінез-құлықты басқару дағдыларын жақсарту, бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту. Сондай-ақ, жоба стрессті басқару дағдыларын дамытуды, проблемаларды шешуді және жалпы ата-аналардың әл-ауқатын жақсартуды көздейді.

«Курс пайдалы, өйткені ол, өкінішке орай, осындай жағдайға тап болған қарапайым ата-анаға арналған. Көптеген ата-аналар, әсіресе өңірлерде, ауылдық жерлерде білікті көмекке қол жеткізе алмайды. Бұл сабақтар олар үшін баласымен сәтті қарым-қатынас орнатуға үлкен көмек болады», - деп курсқа қатысушылардың бірі Әсия Қизатова өз пікірімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, CST (Care giver Skills Training for Families of Children with Developmental Disoders) – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуында кемістігі бар немесе дамуында кемістігі бар балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.

Бағдарламада мінез-құлықты қолданбалы талдау, даму туралы ғылым, әлеуметтік коммуникация іс-шаралары, оң тәрбие және өзіне-өзі қызмет көрсету әдістері қағидаттары қолданылады.

Сондай – ақ, бағдарламада ересек пен баланың өзара әрекеттесуінің қадамдық стратегиялары бар нақты жағдайда не істеу керек, жақын болашақта қандай міндеттер қою керек.