Жаһандық міндеттеме: әрбір балаға тең құқықтар
Бала құқықтары туралы конвенцияны толық орындауды растайтын міндеттеме жайлы ерікті мәлімдеме

- русский
- Қазақша
2019 жылы бүкіл әлем бала құқықтары туралы Конвенцияның (БҚК) қабылданғандығының 30 жылдығын тойлауда, бұл тарихта адам құқықтары туралы ең көп ратификацияланған келісім. Конвенцияны Қазақстан 25 жыл бұрын ратификациялаған. Осы мерейтойлы жылы Қазақстан әлемнің басқа елдерімен бірге балалардың құқығын құрметтеу жөніндегі жаһандық міндеттемелерді қолдады, онда былай делінген:
Әрбір бала үшін – бірдей құқықтар
Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылданғаннан кейінгі 30 жылдың ішінде Конвенцияда және оның қосымша хаттамаларында бекітілген балалар құқықтарының орындалуы мен ілгері іске асырылуының арқасында миллиондаған баланың өмірі жақсарды. Бірде-бір бала ұмытылып қалмайтын, және әрбір бала өз күш-қуатын толықтай жүзеге асыруы үшін барынша қолдау көрсетуге бағытталған батыл іс-әрекет жасайтын кез келді.
Бүкіл әлемде балалар барлық адамдардың абыройына қатысты жеке құқықтардың иелері болып танылды. Балалар олар үшін жауапты адамдардан ерекше қорғау алуға тең деңгейде құқылы.
2019 жыл біз үшін маңызды жыл, өйткені бұл жылы біз осы айтулы мерейтойды және балалар құқықтарын алға бастыруда қол жеткізген үлкен жетістіктерімізді атап өтеміз. Сондай-ақ бұл жылы 2030 Тұрақты Даму жолындағы Күн тәртібін алға бастыру үшін Мемлекет пен үкімет басшылары 74-ші Бас Ассамблеяның ашылуына шақырылған БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі саяси форумында кездесіп, Тұрақты Даму Мақсаттарының жергілікті, ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде іске асырудағы жетістіктері мен сын-тегеуріндерін талқылайды.
Бала құқықтары туралы Конвенция және ТДМ бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Конвенция әрбір баланың құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін мәңгі және аса қажетті халықаралық стандарттарға баса назар аударғанымен, ТДМ барлық адамдар, соның ішінде балалар да, бірлесе отырып ат салысқанда ғана қол жеткізуге болатын баршаға ортақ, бейбіт, өркендеген және қауіпсіз болашақ үшін тұрақты әлеуметтік, экономикалық және экологиялық прогрестің заманауи көрегендігін тұжырымдайды. Қысқаша айтқанда, балалардың құқықтары ТДМ-ның сәтті жүзеге аспайынша орындалуы мүмкін емес, сол сияқты ТДМ да Конвенциясыз өздігімен іске асырыла алмайды, сондықтан да Конвенция көбіне жағдайы нашар, қоғамнан тыс қалып, шеттетілген балаларды қамтуда қазіргі кезде бұрын-соңды болмаған өзектілікке ия болып отыр.
Біз ХХІ ғасырдың балалар құқықтары мен әл-ауқатына қатты әсер еткен климаттың өзгеруі, жылдам урбанизациялану, табиғи ресурстардың тұрақсыз пайдаланылуы, ұзаққа созылған қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстар, мәжбүрлі көшу, цифрландыру, сондай-ақ көп өлшемді және ұрпақаралық кедейлік сияқты жаңа сын-тегеуріндерді туғызғандығын мойындаймыз. Сонымен қатар, бұл ХХІ ғасырдың балалары үшін жаңа ұжымдық және келісілген іс-әрекеттерді жасау үшін ғылымның, технология мен инновацияның дамуы арқылы пайда болған жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Балалар – біздің бүгінгі және ертеңгі бейбіт, әділ, инклюзивті және өркендеген қоғамымыздың басты байлығымыз, және прогрессті жылдамдатудың және іс-әрекетті белсендірудің аса маңыздылығы мен шұғылдығын құптай отырып, сондай-ақ өсіп келе жатқан жасөспірімдердің когортасын мойындай отырып:
Біз бұл уәдені бүкіл әлемдегі балалардың өздеріне береміз: әрбір бала үшін - бірдей құқықтар, және біздің ұжымдық әрекеттеріміз осы мақсатқа жетуге бағытталған.
Біз осы арқылы Конвенцияда бекітілген құқықтар мен қағидаларды ұстануға және қорғауға берік екендігімізді, және олардың толық орындалуы үшін нақты, тиімді қадамдарды анықтап, мерзімдерді дәл көрсетуге, оның ішінде ұлттық деңгейдегі ТДМ-ды және ұлттық контекстке сай келетін саясаттар, заңдар және бюджеттер арқылы іске асыратындығымызды растаймыз.
Біз балалардың құқықтарын іске асыруға және олардың нақты және өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу мен бағалауда балалардың шынайы мүдделерін ескерудің маңыздылығына аса назар аударамыз.
Біз Конвенцияның жетекші қағидаларын толығымен ұстануға міндеттенеміз: тең құқықтық; барлық әрекеттерде балалардың ең жақсы мүдделерін бірінші орынға қою; баланың өмір сүру, өсу, даму ажырамас құқығын алдыға қою; және баланың өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша өз пікірін еркін білдіру және осыған тиісті түрде назар аудару.
Конвенцияның толық орындалуына ықпал ету үшін біз балалардың мүдделеріне бағдарланған саясатты жүргізуге, одан әрі тиімді басқаруға, инвестицияларды кеңейтуге және балалар құқығын алға жылжыту үшін қажетті ресурстарды бөлуге, әр түрлі серіктестермен, соның ішінде азаматтық қоғаммен қарым-қатынасты нығайтуға бел байлаймыз.
Біз қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін, оның ішінде бейбітшілік пен келісім үрдісінде қатысушы мемлекеттер арасындағы, сондай-ақ барлық жастағы балалармен, оның ішінде жасөспірімдермен бірге, өздерінің құқықтарын алға жылжыту, қорғау және бақылаудағы оң өзгерістердің агенттері ретінде серіктестік пен үйлестіруді нығайту арқылы топтық жұмыстың маңыздылығына аса назар аударамыз. Біз балалардың, әсіресе гуманитарлық дағдарыстардан зардап шеккендердің, әлеуметтік жағынан осал және шеттетілген қоғамдастықтардан шыққан балалардың әлеуетін кеңейту мен дамытуды жалғастыруға және тұрақты гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге міндеттенеміз.
Біз дәлелдемелер тапшы жағдайда балалардың құқықтарын қорғауға және оларды алға бастыруға ықпал ете алмайтындығымызды ескереміз. Осы мақсатпен біз жақсартылған және келісілген, уақытылы, сенімді және бөлінген сандық және сапалық деректердің, сонымен қатар ақпаратты жинау мен талдаудың қажеттілігін, сондай-ақ балалардың құқықтарын жылжытуда дәлелдер мен инновацияларға негізделген шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтеміз.
Сонымен қатар біз балалардың әл-ауқаты туралы прогресті жақсы бақылау үшін және салыстырмалы деректерді ұсыну үшін жүйелер мен құралдарға инвестициялаудың маңыздылығын атап өтеміз.
Қорытындылай келе, 2019 жылы жергілікті, ұлттық және ғаламдық әрекеттер арқылы балаларға арналған жұмыс нәтижелерін жақсартудың жаңа мүмкіндігін мойындай отырып, біз бұл уәдені бүкіл әлемдегі балалардың өздеріне береміз: әрбір бала үшін - бірдей құқықтар, және біздің ұжымдық әрекеттеріміз осы мақсатқа жетуге бағытталған.