0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту профилактикасы әдістемелік құрал
0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту профилактикасы әдістемелік құрал. Қарағанды облысындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді үлгілеу

Маңызды оқиғалар
Құрал іске асырылған жоба шеңберінде Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үлгісін (бұдан әрі - Үлгі) сипаттау мен оны енгізу бойынша жасалған бағалауды талдауға, нормативтік - құқықтық актілерді және баладан бас тарту профилактикасы нәтижесінің экономикалық әсерін салыстырмалы талдауға бағытталған. Бұл Бағдарлама Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы Шахтинск қаласының медициналық мекемелерінде сынақтан өткізілді, ол денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер мен психологтың 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту жағдайларының алдын алу бойынша жұмыс алгоритмі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Құрал денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарына арналған, сондай-ақ оны білім, еңбек және әлеуметтік қорғау жүйелерінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін басқа да адамдар пайдалануы мүмкін.