Үкіметтік емес ұйымдармен (үеұ) ынтымақтастық

Қазақстан ҮЕҰ-мен жүргізілген консультациялар туралы есеп

НПО в Усть-Каменогорске
UNICEF/2016/Andrey Kim

Маңызды оқиғалар

Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі алуан түрлі үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) және азаматтық қоғам ұйымдарымен (АҚҰ) ынтымақтасы жұмыс істейді. Бұл өзара қарым-қатынастар ЮНИСЕФ бағдарламаларының тиімділігін арттыруда және оларды қамту саласында, сөйтіп, балалардың өміріне тигізетін оң ықпалды күшейтуде маңызды рөл атқарады. Мұндай ынтымақтастық ЮНИСЕФ-тің де, сондай-ақ, ҮЕҰ/АҚҰның да туындайтын үрдістерді неғұрлым тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді, белгілі бір сабақ алуға көмектеседі, сондай-ақ жұмыс істеу әдістерін жетілдіру үшін мүмкіндіктер ұсынады. ҮЕҰ-мен консультациялар жүргізу туралы 2013 жылы бастама жасалды, ол балалар мен әйелдердің құқықтарын іске асыруға бағытталған бірлескен мақсаттарға қол жеткізуде ЮНИСЕФ пен АҚҰ қалайша мейлінше тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізе алатыны туралы азаматтық қоғамның пікірін білу мақсатын көздеді. Бұл консультациялар сонымен қатар ЮНИСЕФ-тің қолданыстағы 2010-2015 жж. арналған Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасы аясындағы Орта мерзімді қызметіне шолудың бір бөлігі болып табылды.

Автор

ЮНИСЕФ

Жариялау Күні

Тілдер

Орыс

Есепті жүктеңіз

(PDF, 622,81 KB) (PDF, 628,19 KB) (PDF, 595,19 KB)