Қазақстанда иммунизацияға байланысты мінез-құлыққа әсер ететін терең мінез-құлық факторларын зерттеу
Ағымдағы зерттеу ата-аналардың жоспарлы балалар вакцинациясы, COVID-19-ға және АПВ-на қарсы вакцинацияға қатысты мінез-құлқына басты назар аударады.
Қысқаша ақпарат
Бұл есепте Қазақстан Республикасының қалалары мен ауылдарындағы 0 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары мен қамқоршылары арасында жоспарлы балалар вакцинациясына, сонымен қатар COVID-19 және АПВ-на қарсы вакцинация туралы шешім қабылдаудың мінез-құлықтық детерминанттарын сандық зерттеу нәтижелері берілген.
Бұл зерттеу үшін деректерді жинауды «BRIF Research Group» компаниясы жүргізді. Зерттеуді, сонымен қоса деректерді талдауды және есеп беруді АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын COVID-19 туралы жалған ақпаратқа қарсы әрекет ету және вакцина енгізу бағдарламасы аясында ЮНИСЕФ командасы жүргізді.
