Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыстарының әлеуетіне талдау
жоспарлы вакцинацияға және COVID-19-ға қарсы вакцинацияға сұранысты арттыру мақсатындағы халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік мобилизациялау

Қысқаша ақпарат
Қазіргі коммуникациялық құрылымдар, ресурстар, жиектеу, қатынастар және негізгі қағидаттар туралы нақты түсінік қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ) үйлестіретін ұлттық және өңірлік деңгейлерде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі COVID- 19-бен байланысты коммуникацияға қатысты ағымдағы жағдайға осы зерттеуде бағалау жүргізілді. Осыған сүйене отырып, ДСМ мен жалпы денсаулық сақтау жүйесінің жалпы коммуникациялық қабілетін арттыру үшін бірқатар ұсыныстар ұсынылады. Кабинеттік талдау, КӘМҚ-талдау, мүдделі тараптарды талдау және фокус-топтардағы талқылау сұхбаттарын қамтитын сапалы схема қолданылды.
Берілген жарияланымда айтылған пікірлер авторға тиесілі және ЮНИСЕФ-тің ресми көзқарасын білдірмейді.