Коммуникациялық стратегияны әзірлеу бойынша нұсқаулық
Қазақстандағы иммундау бағдарламаларының коммуникациялық стратегияны әзірлеу бойынша нұсқаулық

Қысқаша ақпарат
Бұл нұсқаулық коммуникациялық стратегияны құрудың барлық кезеңдерін сипаттайды — негізгі хабарламаларды әзірлеуден және ықтимал коммуникациялық кедергілерді анықтаудан бастап БАҚ-пен қарым-қатынасқа және дағдарыс кезіндегі коммуникацияның әртүрлі кезеңдеріне дейін. Нұсқаулық денсаулық сақтау саласындағы коммуникациялық науқандарды дайындауға және өткізуге арналған қадамдық нұсқаулық ретінде пайдаланыла алады. Ол денсаулық сақтау саласындағы департаменттер мен қоғаммен байланыс бөлімдерінің, сондай-ақ баспасөз қызметтерінің мамандарына арналған. Нұсқаулық әмбебап болып келеді, сондай-ақ халыққа кең ауқымды иммунопрофилактика және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылады.
Нұсқаулық БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің жәрдемімен дайындалды. Осы жарияланымда айтылған пікірлер авторларға тиесілі және Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің ресми көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.
Берілген басылымда пайдаланылатын белгілер және материалдың баяндалуы ЮНИСЕФ тарапынан Қазақстандағы, қандай да бір елдегі немесе аумақтағы немесе оның билік органдарындағы балалардың құқықтық мәртебесіне немесе оның шекараларын межелеуге қатысты қандай да бір пікірін білдірмейді.