Жасөспірімдерге арналған интеграцияланған қашықтықтан көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтер

Нұсқаулық жасөспірімдер мен жастарға онлайн-кеңес беру бойынша денсаулық сақтаудың бастапқы буынының медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға арналған.

UNICEF Kazakhstan/2022/Marabeey
UNICEF Kazakhstan/2022/Marabeey

Қысқаша ақпарат

Нұсқаулықтың мақсаты – жасөспірімдер мен жастарға онлайн-кеңес беру бойынша денсаулық сақтаудың бастапқы буындағы медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру. Оқу құралын тәжірибеде қолдану жасөспірімдер онлайн режимінде жиі жүгінетін мәселелер бойынша қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) ұсынымдары негізінде жасалды.

Берілген жарияланымда айтылған пікірлер авторға тиесілі және ЮНИСЕФ-тің ресми көзқарасын білдірмейді.

Бұл басылымда пайдаланылып отырған белгілеулер мен материалдың мазмұндалуы ЮНИСЕФ тарапынан Қазақстандағы балалардың құқықтық мәртебесіне, қандай да бір елге не оның аумағына, не оның билік органдарына, не оның шекараларының делимитациялануына (белгіленуі) қатысты қандай да бір пікір білдіруі деп түсінілмеуі керек.

Басылым тегін таратылады. Есептен алынған ақпаратты қайта басқан, дәйексөз келтірген немесе өзгеше пайдаланған жағдайда осы басылымға сілтеме жасау міндетті.

Авторлар:

Ж.А. Иманова – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК медициналық көмекті жетілдіру департаментінің директоры.

Айзада Марат – PhD, «Астана медицина университеті» КеАҚ No 1 Акушерлік және гинекология кафедрасының доценті.

Автор
Иманова Ж.А., Айзада Марат.
Жариялау Күні
Тілдер
Орыс, Қазақша
ISBN
ISBN 978-601-7606-41-1