Жастар денсаулық орталықтарының әлеуетін және жасөспірімдер мен жастардың қажеттіліктерін бағалау

Отчет

Youth is discussing something
UNICEFKazakhstan/2024/DastanZhumagulov

Қысқаша ақпарат

Жасөспірімдер мен жастар көбінесе ересек өмірге көшу кезінде, соның ішінде медициналық қызметтерді өз бетінше алу қажет болатындықтан, бірқатар қиындықтарды бастан кешіреді. Өз денсаулығына қатысты жауапкершілікті өз мойнына алу қажеттілігі жасөспірімдердің жас ерекшеліктерімен, оның ішінде денесінің өзгеруіне байланысты ұялуымен, психикалық процестердің күрделенуімен, тәуелсіздікке ұмтылуымен, тіпті бүлік шығаруымен, сондай-ақ қауіпті мінез-құлыққа бой алдыруымен қабаттасып кетеді. Осы кезеңде жасөспірімдер мен жастарға медициналық қызметтерді, әсіресе, сезімтал мәселелерге қатысты медициналық қызметтерді олар үшін барынша қолайлы форматта алу мүмкіндігін беру өте маңызды. Осыны түсінудің арқасында Қазақстанда жасөспірімдер мен жастардың менталдық және репродуктивтік денсаулығын сақтау, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау үшін медициналық, консультациялық, құқықтық және әлеуметтік қызметтерді біріктіруші агрегатор ретінде әрекет ететін Жастар денсаулық орталықтарының (ЖДО) жұмысы ұйымдастырылды.

Зерттеудің мақсаты ‒ ЖДО-ның ағымдағы қызметі мен әлеуетін бағалау, соның негізінде олардың бенефициарларының қажеттіліктерін ескере отырып, ЖДО қызметтерімен қамту аясын және сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Жариялау Күні
Тілдер
Орыс