Балаға мейірімді Қазақстан. Қалалардың балаларға мейірімділігін бағалау және тану моделі

Балаға мейірімді Қазақстан. Қалалардың балаларға мейірімділігін бағалау және тану моделі

ГДР
UNICEF Kazakhstan

Қысқаша ақпарат

«Балаға мейірімді қала, Бала құқықтары туралы Конвенцияны толық көлемде жүзеге асыруға тырысқан адал жергілікті басқару жүйесі» болып табылады (ЮНИСЕФ 2004 жыл). Балалардың құқықтарын ынталандыру және қорғау ЮНИСЕФ мандатының орталық элементі болып табылады. «Балаға мейірімді қала» бастамасы (БМҚБ) – қауым және биліктің жергілікті органдары деңгейінде балалардың құқықтарын жүзеге асыру мақсатын көздейтін жан-жақты қозғалыс болып табылады.

Балаға мейірімді қала бұл – жергілікті деңгейдегі бала құқықтары Конвенциясын іске асыру: тәжірибе жүзінде бұл – балалардың құқықтары саясатта, заңдарда, бағдарламаларда және бюджетте көрсетілген дегенді білдіреді. Балаға мейірімді қалада балалар белсенді болып табылады; олардың дауыстары мен пікірлері назарға алынады және шешім қабылдау үдерістеріне ықпал етеді. Бала құқықтарын қорғауды қосалқы ұлттық деңгейде, әсіресе қала аудандарында қамтамасыз ету, балалар өмір сүріп отырған жергілікті орындардағы олардың жағдайларын жақсартуға және балалардың мүдделерін қозғайтын шешім қабылдау мәселелерінде және үдерістерінде, олардың дауыс құқықтарына кепілдік беруге арналған құрал болып табылады. Қазіргі кезде 2013 жылға дейін созылған ЮНИСЕФ-тің Орташа мерзімді стратегиялық жоспары (ОМСЖ), қызметпен қамтылудың деңгейі жеткіліксіз қала аудандарындағы балалардың қажеттіліктеріне жүйелі әрекет жасауды қамтамасыз ету үшін, жергілікті билік органдарымен және муниципалитетпен серіктестіктік қатынасты нығайтуды көздейді

Автор
Профессор Карен Малоун, ЮНИСЕФ Халықаралық консультаты
Жариялау Күні
Тілдер
Орыс, Қазақша, Ағылшын